Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02



бет16/31
Дата22.10.2022
өлшемі294,25 Kb.
#154515
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
Дипломды Ж мыс 5В010200- бастауышта о ыту педагогикасы мен діс

Сауат ашу кезіндегі жұмыстар
Сауат ашу кезеңі негізінен үшке бөлінеді:
1) әліппеге дейінгі дайындық кезеңі;
2) әліппе кезеңі;
3) әліппеден кейінгі кезең.
Дайындық кезеңде балаларды бір ұжымға ұйымдастыру жұмысына баса назар аударылады. Өйткені алты - жеті жасар баланың мектепке түсумен байланысты, жаңа жағдайға, жаңа адамдарға (мұғалімге, балаларға) үйренуге, олармен қарым –қатынасқа түсуге бастапқы кезде әжептеуір салмақ түсіреді. Мұнда балалардың барлығы бірігіп, әсіресе бір-бірінен сұрап анықтау арқылы орындайтын тапсырмалар беру оларды жақындастырады. Сонымен қатар балаларды біріктіруде ойын ерекше роль атқарады (мысалы, шеберхана ойыны).
Бұл кезде, әсіресе, бір - екінші сынып оқушыларының жетекші әрекеті әлі де ойын болып табылады.
Дайындық кезеңінде оқуға, жазуға әзірлік жасалады. Мұғалім балалардың білім дәрежесімен танысады; қалай сөйлей алатындары, қандай өлең, тақпақтар білетіндері анықталады.
Бұл кезеңде мынадай жұмыстарға баса көңіл аударылады:
1. Сынып ішімен танысу, дұрыс отыру ережесімен, «әліппемен» танысу.
2. Балалардың сөздік қорын анықтау.
3. Балаларға ауызша қысқа - қысқа сөйлемдер құратып, өз ойларын айтып беруге дағдыландыра бастау.
4. Балалардың тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару; тіл мүкістіктері, кейбір дыбыстарды анық айта алмау жақтарын жою бағытында жұмыстар ұйымдастыру.
5. Мұғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыра бастау.
6. Сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы ауызша түсінік беріп, бұл терминдер- дің мағынасын түсіндіру. Сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа жіктеуге дайындық.
7. Жазуға дайындық жұмыстары жасалады: партаға дұрыс отыру, қарындаш, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді партаға дұрыс қою, өшіргішті пайдалану сияқты жұмыстармен қатар балалар дәптердің сызығымен танысты- рылады: өздері тік, көлбеу, ирек сызықтар сызып дағдыланады. Оқушылардың қолын жазуға жаттықтыру үшін мұғалім әріп элементтеріне ұқсас фигуралар жасап, оны оқушыларға сыздырады.
Дайындық кезеңінде балалардың зейін, ерік, қиял т.б. ерекшеліктеріне баса назар аударылады; 1- сынып оқушылары бір нәрсені зейін қойып, тыңдай алмайтыны сияқты, өз қиялдарын да бақылай алмайды. Олардың қиялы мен шындықтағы заттардың, құбылыстардың арасында айырмашылық көп болады (мысалы, балалар суретте көрсетілген заттарды атап тұрып, онда жоқ нәрселер- ді де қосып айтады).
Бұл кезеңде жүргізілетін жұмыстың ерекшелігінің бірі - балалардың мектепке дайындық дәрежесінің әр түрлігі. Осыған орай; жекелеген балаларға қалай ықпал жасау жолдары мен жұмыс түрлері ойластырылады. «Партаға түзу отыр», «Қаламды дұрыс ұста» сияқты плакаттарды көрсетіп (егер мектепте жоқ болса, онда плакаттар алдын ала дайындалуға тиіс), соған сай әңгімелер өткізіледі. Өйткені отыру, жазу, қалам ұстау ережелерін бұлжытпай орындауға жаттыққан балалардың ғана саусақтарының бұлшық еттері дұрыс дамып жетіледі.
Алғашқы сабақтарда балалардың тілі мен ойын дамыту жолында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады: әңгімелесу, көркем шығармалар оқу, ауыз әдебиеті үлгілерін (жұмбақ, мақал, мәтел, жаңылтпаштар т.б.) жатқа айту, өлеңдер жаттау, сурет, экскурсия бойынша әңгіме барысында мұғалім өзі қоятын сұрақтарын мұқият ойластырады.
Дайындық кезеңіндегі әңгіменің ерекшелігі оның қысқа (4-6 минут) болуында, әсерлілігінде, мұғалім сөзінің логикалық жүйелілігінде, мәнерлілі -гінде, тақырыбы жағынан балалардың күнделікті өміріне қабысып келуінде.
Кеспе әріптердің пайдалану жұмыстарына жаттықтыру да осы кезеңде - араласқаны жөн. Өйткені әріп таныту кезеңінде балаларға қойылатын талап тым көбейіп кетеді де, олар үлгере алмай қалады.
Дайындық кезеңіндегі сабақтардың жүйесін былайша көрсетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет