Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02



бет7/31
Дата22.10.2022
өлшемі294,25 Kb.
#154515
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
Дипломды Ж мыс 5В010200- бастауышта о ыту педагогикасы мен діс

Тақырыптың көкейкестілігі: Қазіргі күні бастауыш мектептегі оқытуды дамытушылық сипатта және шығармашылық іс-әрекет негізінде ұйымдастыру мәселесінің мемлекеттік құжаттарда өз көрінісін табуы жайдан-жай емес. Өйткені, қазіргі заман талаптары мектеп алдына оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында «білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әртүрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім-тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта отырып оқыту идеясы алынатындығы» атап көрсетілген. Ал, дамыта оқыту әдістемесіндегі ең басты нәрсе оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу болып табылады. Мұның өзі оқытудың эвристикалық және зерттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер мұғалімнің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі» ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару», қалыптасуы тиіс «әрекеттің жалпы моделін» құру, «аналогтарды пайдалану», «объектінің жаңа қызметін көру», т.б. сияқты оқушыларды шығармашылық ізденіске жетектейтін іс-әрекетке қосатын, оқушыны «өз көзқарасының авторы», «іс-әрекет біліктері мен дағдылардың шебері», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Мектепте оқудың басталуы баланың әлеуметтік дамуына түрлі өзгерістер әкеледі. Бала енді «қоғамдық» субъект болады және ол орындайтын әлеуметтік маңызды міндеттер қоғамдық бағалауға ие болып жатады. Бастауыш мектеп кезеңінде жетекші іс-әрекет түрі - оқу әрекеті болады. Оқу әрекеті - берілген жас кезеңінде болып жататын маңызды өзгерістерді анықтайтын болады. Оқу әрекетінің шеңберінде бастауыш мектеп оқушыларының маңызды қол жеткен жетістіктерін сипаттайтын және келесі жас кезеңін дамуын қамтамасыз ететін негіз боларлық психологиялық жаңа қайта құрулар жинақтайды.
Бастауыш мектеп кезеңі бойында қоршаған адамдармен қарым-қатынас -тың жаңа түрлерінің негізі қаланып бастайды.
Бастауыш мектеп кезеңінде толықтырылатын білімдер жүйесінің негізі қаланады, әрі осы кезеңде оқыту мен практикалық әрекет дамуының қайнар көздері ақыл-ой және практикалық операциялар, дағды, іскерліктер де қалып -тасады. Осы негіздің болмауы және бастапқы білімдер, шеберлікті меңгере алмау ортаңғы сынып бағдарламасын игеруде белгілі бір қиындықтар туғызады, нәтижесінде мұндай балалар оқудан кешеуілдеп қалады.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі өзекті мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет