4.3 Оқушыларды дене жаттығуларымен өз бетінше айналысуға
үйретудің жаңаша жолдары
Дене жүктемелерін мұғалім арнайы тәсілдерді қолдану арқылы реттеп отырады. Олардың негізгілері мыналар:
Қайталау санын немесе жаттығуларды орындау уақытын анықтау;
Әр түрлі қимылдардың орындалу ырғағын реттеу;
Снарядтардың салмағын өзгертіп отыру (диск, ядро, гранаталар және т.б.);
Жүгіру, жүру, жүзу қашықтықтарын ұлғайту немесе қысқарту, кедергілердің биіктік немесе кеңдік көрсеткіштерін өзгерту;
Бастапқы немесе қорытынды қалыпты күрделендіру немесе жеңілдету (әсіресе гимнастикалық жаттығуларды орындауда нақты байқалады);
Жекеленген жаттығуларды орындау аралықтарында үзілістерді ұлғайту немесе қысқарту;
Мұғалімнің қол астындағы бар қондырғылар мен құрал-жабдықтардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану (мысалы, сабақ үстінде құрал-жабдықтарды қос-қосынан пайдалану, қайталау санын ұлғайтады, бұл жағыдайда әр оқушыға түсетін жүктеменің көлемі де ұлғаяды);
Оқушылардың эмоционалдық күйін өзгерту (бірдей қашықтыққа жалғыздан немесе жұптап жүгірту айналысушылардың күйіне әр түрлі әсер етеді).
Осы тұрғыда мұғалім оқушылардың қаншалықты шаршағандығының деңгейін сыртқы әлпеттерінен анықтай алуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |