Дипломдық ЖҰмыс 5В011900 -шетел тілі: екі шетел тілі Шымкент, 2022 ф-19-01/02


Фразеологиялық мағыналардың қалыптасуындағы ұлт менталитетінің рөлі



бет8/39
Дата08.08.2022
өлшемі178,1 Kb.
#147994
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Байланысты:
работа

1.3 Фразеологиялық мағыналардың қалыптасуындағы ұлт менталитетінің рөлі

Адамзат өмірінің кез келген сәті, оның тұрмыс тіршілігі, күн көрісі, салт дәстүрі, өмір сүру мәдениеті – барлығы тілінде көрініс табады. Бұл тілдің кумулятивтік қасиетіне жатады. Өйткені тіл ұлттың өзіндік ерекшеліктерін сақтап, жинайды, қаттап орайды, яғни кодқа айналдырады. Сол тілдегі бар код арқылы ұлт мәдениетін танып білуге болады. Әр халықтың ұлттық мәдени ерекшеліктері оның ғасырлар бойы жасаған тілінен көрінеді.


XXI ғасыр тіл білімінің жаңа парадигмасы – антропоцентрлік бағыт қазақ тіл білімі үшін де маңызды бағыт. Жаңа парадигманың қағидаларында бірінші кезекте адамды, оның сөзді қабылдауы, сөзді пайымдауы, талғап жарыққа шығаруы және ақпараттарды жүйелеуі – тілдік бірліктердің ерекшеліктерін талдауға мүмкіндік береді. Адамды тіл арқылы тану, сөз әдебінің ерекшелігін саралау тіл мәдениетінде қалыптасқан фразеологиялық қордан көрінеді.
Фразеологиялық мағыналардың қалыптасуындағы ұлт менталитетінің рөлі айрықша ұлт тіліндегі фразеологизмдер қоршаған заттар мен құбылыстарға баға беру, сипаттау арқылы сол ұлттың менталитетін, көзқарасын, дүниетанымын аңғартады. Менталитеттің ұлттық жағын сөз етсек, онда тіл ұлттық менталитетті жасайды, қалыптастырады. Ұлт менталитетін ең айқын көрсететін нәрсе – фразеологизмдер. Тіл арқылы берілген халықтың мәдени өмірі мен менталитеті, тұрмыс-салтқа қатысты ұлтқа тән ерекшеліктер фразеологизмдерде ерекше байқалады. Тілдік тұлғаның өмірлік тәжірибелер арқылы қалыптасып, жадында сақталған фразеологизмдердің гештальт күйінде сақталатындығы оның сөйлеу әдебінен анық байқалады. Қазақ фразеологиясында фразеологизмдердің базалық концепт құрайтын ерекшеліктері түрлі концептілік талдауларда маңызды ғылыми нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Концептілік жүйенің құрылымдық элементтері – фрейм, гештальт, стеоретип, сценарий, скрипт т.б. фразеологизмдерді когнитивті лингвистика тұрғысынан жаңа зерттеу мүмкіндіктеріне бағыт-бағдар болды.
Дүниенің фразеологиялық бейнесі ұлттың ғасырдан-ғасырға жинаған тәжірибелері мен өмірге көзқарасынан, ақыл-ойынан тұрады. Бұған әр тілдің фразеологиялық тіркестерінің идиоэтностығы айқын дәлел. Себебі, таным – мәдениет – тіл үштігіне сүйене отырып, қазақ әйелдері туралы этнотанымдық мәні мен маңызы зор тілдік фактілер – фразеологизмдердегі әйелдер бейнесін когнитологиялық құрылым мен концептілік модельдер арқылы бүгінгі тіл білімі тұрғысында ғылыми талдау қай кезде болса өзекті мәселе болып табылады.
Жер бетіндегі ұлттар мәдениетінің бір-біріне ұқсамайтыны заңдылық. Бүл әсіресе адамдардың қарым қатынасынан, өмір сүру формаларынан, тіпті гендерлік ерекшеліктерінен де анық байқалады. Қазіргі тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың басты мәселесі – біріншіден, санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің ішкі мәнін түсіндірудің әдіс-тәсілдерін қарастыру, екіншіден, логикалық-позитивті және эстетикалық таным-білімнің реттелген, жүйеленген, өндеуден өткен ақпараттарын тіл арқылы іздеп айқындау. Осыган орай, тіл арқылы көрініс тапқан санадағы дүниелер бейнесін анықтау, яғни тілді когнитивтік тұрғыдан зерттеу әлемдік тіл білімінде үлкен бағытқа айналды [1]. Осы орайда, Е.С.Кубрякова: «Прежде всего, когнитивная лингвистика связана с изучением когнитивной системы человека. Основная задача когнигивной системы человека в обработке и переработке информации, а так же ее хранении и видоизменении [26] деген құнды пікір айтады. Демек когнитивтік жүйе – индвидуалды өмірлік тәжірибе, яғни адамның танымдық тәжірибесін бейнелейтін оның білімі мен ой-пікірлерінің жүйесі. Тіл адамдардың іс-әрекетінен тыс дамымайды, адамды тілі арқылы тану, білу, зерделеу оның этноментальдық өмірінен толық ақпарат береді [1].
Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер қазақ ғалымдарының түрлі ғылыми еңбектерінен атап айтқанда, тілдік таңбаның мағыналық, мазмұндық мәні арқылы дүниені тану жағын қарастыру (Э.Д.Сүлейменова [27]), адамзаттың этноментальді дүниесінің тіл арқылы берілуі, эмоция, гештальт-құрылым түріндегі типтік модельдердің типологиясы, (Г.Г.Гиздатов [28]), прозадағы контраст концептілердің тілдік көрінісі (Н.Сүгірбекова [29]), концептілердің ұлттық-мәдени компоненттері (Ш.Елемесова [30]), байырғы ұлттық танымның көркем прозадағы тілдік бейнеленуі, кейіпкер тілінің когнитивтік мәні мен тілдік тұлға мәселесі, концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі (А.Әмірбеков [31]), жеке лексемалар арқылы концепт мазмұнының берілуі (М.Күштаева [32]) және т.б. ізденістер арқылы қазақ тіл білімі когнитивтік лингвистикаға өзіндік үлесін қосып келеді.
Тілдік ұжым мүшелерінің таным-білімі өркениет пен мәдениеттің әр түрлі кезеңдерінен өткен сайын ақиқат дүниені тек логикалық-позитивтік қана емес, этикалық-моральдық, менталдық тұрғыдан да таныта алады. Әлем бейнесін тіл арқылы бейнелеуде концепт ретінде танылған ұғыммен мағыналық байланыста тұратын фразеологизмдердің маңызы ерекше.
Мысал ретінде қазақ тіліндегі әйел лексемасына менталдық бірлік ретінде концептілік талдау жүргізуге болады.
Жалпы адамзаттық, жалпы ұлттық құндылықтардың ерекшеліктерін таныта алатын күрделі ұғымдардың бірі – Әйел. Әйел күллі адамзат түсінігінде тіршілік жаңартушы, өмірге ұрпақ әкелуші, жылулық пен мейірімділіктің, тәрбиенің, отбасы берекесінің бастауы ретінде ұғынылады. Тілдік бірліктер арқылы танылатын әйел бейнесі санада өміршеңдік, заттық, тұрақтылық, сезімталдық т.б. белгілермен ерекшеленеді. Әр түрлі ситуациялар мен тақырыптарда сипатталатын әйел бейнесі дүние моделін жасауға қызмет етеді.
Сондықтан да әйел лексемасы қазақ тіліндегі фразеологизмдердің когнитивтік аспектіде зерттелуіне тілдік фактор бола алады. Әйел атауымен кешенді ұғымдық сапаға ие және прагматикалық ықпалы әр қилы фразеологизмдер әйел атауына қатысты мағыналық ассоциациялық байланыста семантикалық категориялардың парадигмаларын түзеді. Сонымен қатар, адам баласының ұрғашы жыныстылар ұғым жүйесін құраушы түсініктердің ішіндегі қолдану аясы барынша бейтарап, бөлшектен бүтінге қарай топтастырғанда кешендік жалпылылық сапаға ие концепт ретінде тұжырымдалып, әйел атауына қатысты фразеологизмдердің когнитологиялық құрылымы анықталады.
Қазақ тілінде әйел атауына қатысты жасалған фразеологизмдердің семантикасынан ұлттың мәдени болмысы мен ойлау жүйесі, қоршаған дүниені қабылдаудағы ұлттық менталдық танымы ерекшеленеді. Қазақ тілінде әйел атауына қатысты танымдық мәдениеттің ақпараттық ерекшеліктерін айқындайтын концепт құрылымдар бар. Концептілік кұрылымдардың санада бейнеленуі әр түрлі формада көрініс табады. Қазақ тілінде әйел атауына қатысты танымдық мәдениеттің ақпараттық ерекшеліктерін айқындайтын концепт құрылымдары әйел болмысын танытатын әрбір сема санада Фрейм, Скрипт, Сценарий, Схема, Ой сурет, Стеоретип ретінде сақталған. Концепт құрылымдар арқылы фразеологизмдердегі әйелдер бейнесінің лингвомәдени мазмұны сипатталады және фразеологизмдердегі әйелдер бейнесінің этнолингвисткалық мазмұны ашылады. Әйелдер бейнесінің этнолингвистикалық мазмұнын концепт құрылымдар арқылы сипаттау ұлт мәдениетінің тілдегі көрінісін анықтауға мүмкіндік береді. «Әйел концептісі өміршең құрылым деп танылып, оның лингвомәдениеттанымдық, психолингвистикалык, лингвокогнитивтік ерекшеліктері көрсетіледі.
Фрейм көбінесе заттың, құбылыстың лексикалық мағынасы, ол туралы тұлғаның энциклопедиялық және этнолингвистикалық білімі негізінде санада көрініс табатыны белгілі. Демек адамдар санасында сақталған әрбір ақиқат фрейм бола алады. Фрейм тармақтары төңірегінен оқиғалар мен ситуациялар жүйесі жинақталса, оны сценарий құрайды. Сценарий концептінің идеясын танытатын сюжеттерден құралады [35].
Стереотипке тән ерекшелік – тұрақтылығы. Мұндай тұрақтылық дүниенің маңызды ситуацияларының санада жиі қайталанып, автоматты түрде дағдылы түсінікке айналуынан жүзеге асады. Стереотип – дүние туралы таным-түсініктің қайталануынан тұрақталған әрекеттер мен құлықтар шаблоны. Мысалы: босаға аттау (досл. переступить порог, келін түскенде айтылады,); түн ұйқысын төрт бөлу (досл. ...ананың баланы күтіп, бағуы); ақ жаулық (досл. белый платок, әйел, жұбай);
Схема - когнитивтік санада сыртқы сингалдар мен ішкі сезімдер көмегі арқылы жинақталған ақпараттарды бір құрылымда таныту. Мысалы, қазақ танымында «әйел концептісінің схемалық құрылымда танылуын «сұлулық микроконцептісінен: ай десе аузы, күн десе көзі бар (досл...асқан сұлу); Адамнан асқан сұлу, досл... Қараса жан тоймау (досл. атқан таңдай) т.б.
Ойсурет - санада бейне, метафора, символ көмегімен танылатын концепт қалыптастыратын ең күрделі форма. Мәселен, метафора «білімнің моделі» ретінде түсіндіріледі. Метафора концепт калыптастыратын құрылымдық элементтердің бейнелену қызметін атқарады. Метафоралану әрекеті адам тәжірибесіндегі ассоциативтік, стереотиптік, символдық танымына негізделеді. Концепт қалыптастырудағы метафораның қарапайым қызметі — танылатын дүниенің бір қызметін ауыстырып, санадағы гештальт құрылымда жаңа фон қалыптастыру. Мысалы, «әйел концептісінің құрылымдық элементі — Ана. Ұлттық танымда мысалы, «ана сүтін ақтау» деген тіркесте ананың балаға деген үміті мен ізгі тілегінен шықты, ана сенімін орындады деген ұғым жатыр. Сол сияқты, «Анаңды Меккеге үш рет жаяу апарсаң да ақ сүтін ақтай алмайсың» деген тіркесте қазақ түсінігі бойынша баланың алдында аналық парыздың еш өтеусіз екендігін ұғындырады. Метафоралау нәтижесі концептілік қүрылымдардың модельдену көрінісін қалыптастырады. Бұл әрекет когнитивтік санадағы сенсорлық, перцентивтік қабылдаулар арқылы жинақталған ақпараттар негізінде жүзеге асады. Концептілік құрылымдарды модельдеу барысында санада салыстыру, категориялау сияқты логикалық операциялар жұмысы жүргізіледі. Мысалы, «Жұмақ анаңның аяғының астында» деген діни фразеологизм бар [1, 78].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет