Зерттеудің практикалық мәні: Адамзат өмірінің кез келген сәті, оның тұрмыс-тіршілігі, күн көрісі, салт дәстүрі, өмір сүру мәдениеті – барлығы тілінде көрініс табады. Себебі әрбір ұлттың өзіне тән әдет-ғұрып, салт-дәстүр секілді ұстанымдары болады. Ағылшын және қазақ тілдерінде фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипатын айқындау үшін қос тілдің мәдениетін айқындайтын ұлт иелерінің біріншіден әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін көрсететін фразеологизмдердің орны ерекше. Жер бетіндегі ұлттар мәдениетінің бір-біріне ұқсамайтыны заңдылық болса қазақ және ағылшын халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін көрсететін фразеологизмдер осының дәлелі болмақ.
Көркем әдебиет саласында қос тілдің этнолингвистикалық ерекшелігін анықтайтын ұлы ақындардың шығармаларында қолданған фразеологизмдер болып табылады. Осыған орай, ағылшын халқының ұлы ақыны Уильям Шекспирдің шығармаларындағы және қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы фразеологизмдер ғылыми жұмыстың практикалық бөлімінде сипатталады.
Әр бір елдің тарихы, сол елдің ата-бабалардан келе жатқан асыл мұрасы, қазынасы болып табылады. Тіл білімінде фразеологизмдер, қай елдің болсын тарихындағы өзекті мәселелерді еске түсіретін құралдардың бірі.
Мезгіл, ай, апта, күн аттарына байланысты фразеологизмдер ағылшын және қазақ халықтарының сенімдеріне байланысты, жыл мезгілдерін сипаттауға, әр бір айдағы мерекелік іс-шараларға, апта күндеріне ерекше мән беріп қарайтындығын білдіреді.
Қазақ халқының көшпелі заманда негізгі тіршілік көзі – төрт түлік мал болғандықтан, төрт түлік атауларының қатысымен фразеологизмдер аз тумаған.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
Тіл мен ұлттық мәдениеттің сабақтастығы көрсетілді;
Ұлттық мәдениеттің қалыптасуын және оның тілдегі көрінісі фразеологизмдер арқылы анықталды;
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің қолдану ұқсастықтары мен ерекшеліктері көрсетілді;
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі әдет ғұрып, салт-дәстүр, ұлы ақын шығармалары, тарихи ұғымдар, күнделікті тұрмыс-тіршілік, мезгіл, ай, апта, күн аттары, жан-жануарлар аттарына шағын түрде топтастырылған фразеологизмдерге талдау жасалды;