Дипломдық ЖҰмыс 6В01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі


Деңгейлеп оқыту технологиясы дамыта оқытудың түрі



бет7/43
Дата01.02.2022
өлшемі496 Kb.
#130354
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43
Байланысты:
Калменова

1.2 Деңгейлеп оқыту технологиясы дамыта оқытудың түрі

Дамыта оқытуда бүгінгі күннің өлшемімен қарағанда айрықша көкейтестілігімен ерекшеленетін принцип, жоғары қиындықта окыту — принципі. Бұл қағида баланың қиындатылған тапсырмаларды орындауға мүмкіндігінің бар екеніне көз жеткізеді.

Шведтік нейробиолог Холгер Хиден өз зерттеулерінде баланың миындағы клеткаларды бір-бірімен байланыстыратын талшықтар (нейрондар) тек ойлау әрекеті болған жерде ғана молайып, жиілей түсетіндігін, сондықтан өте жас кезде баланың миын жұмыс істеуге ынталандырып отыру керектігіне назар аударады. Белсенді ой қызметінсіз клеткалар бай талшықтар құрай алмайтындығын, содан барып олардың қызметі төмендеп, бара-бара семе беретіндігіне көзі-мізді жеткізеді. Ғылымға белгілі әртүрлі себептермен авдар арасында қалып қалған балалардың қайта адам қалпына келе алмауының басты себебі де осы болар.

Айтылғандарды қорыта келе, бастауыш сынып оқушыларының қарқынды ой еңбегімен айналысуға табиғи мүмкіндіктерінің бар екенін оқыту процесінде ескеру қажет деген тұжырымға келеміз. Дәстүрлі педагогикада "қарапайымнан күрделіге қарай, нақтыдан абстрактіге қарай" деген принцип бар. Дамыта оқыту жүйесінің авторлары бұған керісінше, бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қарай жетелейді. Мысалы: "А" әрпін өткенде, алманың суретін көрсетіп тұрып, оның не екенін, дәмі, түрі, формасы қандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта алатынын сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады. Екі жүйе арасыңдағы тағы да бір қарама-қайшылықтардың мәні мынада. Дәстүрлі педагогикадағы "оқыту мазмұны баланың жас ерекшеліктеріне сай жеңіл болғанда ғана, оқушылар білім, білік, дағдыны меңгереді" деген қағида төңірегінде. Л. В. Занков бұл анықтаманың көнергендігін, тіпті дұрыс еместігін дәлелдейді [8,75]. Оқыту жұмысында баланың жас ерекшелігінің ескерілуінің керек екенін жоққа шығармай, дегенмен әр даму кезіндегі жас ерекшелігінің оқыту барысында өзгеріп, жаңа кескінге алмасып отыратындығы ақиқат екенін еске салады. Оқыту бұл жағдайда абстрактіден қарапайымға қарай түзіледі деген пікір айтады. Бұған соңғы уақытта көз жете бастаған сияқты.

Бұл принциптердің мақсатына жету үшін дәстүрлі оқулықтардағы жеңіл-желпі тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын, зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмаларды орындау үлкен нәтиже беретіндігіне тәжірибе барысында көзіміз жетті. Ағылшынның философы Б. Шоу адамды қызған сайын ширай түсетін кірпішпен салыстырған екен. Сол сияқты қиындығы бар тапсырмаларды орындау, баланың ақыл-ойын арттырып, шығармашылығын шындайды. Бізге қажеттісі де осы.

Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі - теориялык білімнің жетекші ролі принципі. Бұл принципті балалардың теорияны жаттауы, терминдерді есте сақтауы деп түсінбеген жөн. Керісінше, оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы, өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру.

1970 жылдардың басынан бастап жүргізілген педагогикалық-психологиялық зерттеулер бастауыш сынып оқушыларының таным мүмкіндіктері туралы ескі түсініктерді мүлдем өзгертті. Бұл жаста оқушыда ойлаудың эмперикалық түрлерін тірек ете отырып, теориялық ойлауға өте аларлықтай мол әлеует бар екені дәлелденді. Заттар мен құбылыстардың тек сыртқы қасиеттері ғана емес ішкі байланыстарын, заңдылықтарын меңгерту олардың танымын тереңдететіндігі анықталды. Бір-екі мысалмен түсіндіре кетейік: дәстүрлі сабақтарымызда жыл мезгілдері туралы сөз еткенде, біз ешқашан жазда жасыл болып жайқалып тұрған ағаш жапырақтарының күз түсе сарғайып, ал қыста мүлдем түсіп қалатындығының неге байланысты екеніне тоқталып жатпаймыз. Тек жыл мезгілдерінің сыртқы белгілерін атаумен шектелеміз. Осы сабақтарда балалардың эмперикалық білімдерін пайдалана отырып, қоршаған орта мен өмір заңдылыктарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру, олардың танымдық үрдістерін, теориялық ойлауын іске қосатын амал болып табылады.

Дамыта оқыту жүйесі дидактикалық принциптерінің ішінде "Оқытудың тәрбиелік мәнінің болуы" жайлы ешнәрсе айтылмайды. Өйткені оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, құлықтылығын қалыптастыру арнайы жарияланбағанымен тұтас жүйе, оның құрамдас бөліктері, әдістері арқылы іске асып жатуы ойластырылған.

Бұл жүйенің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегімен қабылдаған әрбір мұғалім өз сабақтарының дамытушылық функциясын өз бетінше-ақ арттыра алары сөзсіз.

Л. В. Занков жүйесінде арнайы, жаңадан ойлап табылған әдіс-тәсіл жоқ. Өзіміз қолданып жүрген әдістер жаңа жағдайға бейімдей пайдаланылады. Сондай-ақ жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың мәні зор. Мысалы: дәстүрлі сабақтардағы сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері балалардан таныс нәрсені сұрап білуте негізделеді. Ана тілі сабақтарында тақырыптың мазмұны бойынша, қазақ тілі, математикада, материалдарды түсінгенін немесе түсінбегенін анықтау мақсатында сұрақ қойылып, жауап алынып жатады.

Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрактар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет етеіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұракқа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бірнеше вариантта болуы мүмкін екеидігі қарастыры-лады. Мысалы: "Әңгіменің кейіпкері жайлы не айта аласың?" немесе "4" және "5" саңдарымен қандай тапсырмалар ойлап табуға болады? түріндегі сұрақтар.Көрнекілік т.б. әдістер де осылайша жаңа мақсат-тарға сәйкес өзгертіле, күрделендіріле пайдаланылады. Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені, талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді. Талдау-бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл-күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады.

Бұл жүйедегі баланы ойлауға үйрететін тәсілдердің бірі — салыстыру әдісі. Салыстыру деген не? Философиллық сөздікте "салыстыру объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Қорытудың алғы шарты", - делінеді. Салыстыру неғұрлым қарапайым, бірақ аса мәнді ойлау операциясы, оқушының талдау, жинақтау қызметінің маңызды жағы заттар мен құбылыстарды салыстырмайынша олардың елеулі белгілерін анықтау мүмкін емес.Айналаны тануда салыстырудың мәні зор. Бұл туралы К. Д. Ушинский: "...салыстыру ойлаудың және қабылдаудың негізі", - деген [9]. Дидактикада салыстыру негізгі тәсіл болып табылады. Заттарды салыстыра отырып түсіну тек адамға ғана тән. Балалар салыстыру тәсілдерімен мектепке келгенге дейін де біршама танысады. Ал мектепке келген соң, оқудың алғашқы күнінен бастап бұл тәсіл тұрақты пайдаланыла бастайды.

Мұғалім салыстыру әдісімен сабақ жүргізе отырып, оқу материалын оңай, көрнекі етіп ұсынуға мүмкіндік алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыру белгілі мен белгісіз арасындағы көпір сияқты, оқушыларға өмірінен тысқары білімді меңгеруге кемектеседі. Салыстыра отырып, оқушы заттар мен объекгілердің байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйренеді. Баланың байқампаздығы артады. Ал байқампаздық - баланың жалпы дамуындағы негізгі психологиялық компонент болып табылады. Оқушы салыстыра отырып бұрынғы өтіп кеткен материалдар мен жаңа білім арасындағы логикалық байланыстарды анықтауға үйренеді. Неғұрлым салыстыру жұмысы тиімді ұйымдастырылса, соғұрлым білім алудағы формализм жойылып, ең негізгісі оқуға деген қызығушылық арта түседі[10].

Заттарды салыстыра отырып, тек ұқсастығы мен айырмашылығын тапқызып қоймай, олардың себептерін айқындатудың бала дамуы үшін маңызы зор. Біріншіден, заттардың әртүрлі белгілерін таба білуге үйренсе, екіншіден қабілеттері дамиды. Бастауыш сынып оқушылары салыстыра білмейді, сондықтан бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Ол үшін оның кезеңдерін, неден басталып, немен аяқталатынын, белгілерін білу керек. Белгі дегеніміз — заттарды басқа заттардан ажырататын көрініс. Бұл жұмыстың нәтижесінде жоғарыда айтылып кеткен байқампаздық арта түседі. Осы орайда жаңа буын оқулықтарында салыстыруға берілген тапсырмалардың мол екенін айта кеткіміз келеді.Байқау - қоршаған ортамен байланысу деген сөз. Ол қарау, қабылдау арқылы іске асады. Дегенмен, практикада байқампаздыққа үйрету көп жағдайда үстірт жүріп жатады. Мәселен серуенге шығып тұрып, табиғаттың тек сыртқы белгілерін атаумен шектелеміз. Ал алысырақ, қалтарыста тұрған көзге көріне бермейтін детальдары назардан тыс қалып қалады. Осыдан барып қарап тұрып емірде ешнәрсені байқамайтын адамдар қалыптасады. Мұндай кемшілік олардың рухани өмірінің кедейленуіне әкеліп соғады. Ондай адамдар көп жағдайда ұтылыста қалады[10,43].

Белгілі ақындар мен ғалымдардың, суретшілердің байқампаздық қабілеттерінің жоғары болуы тектен-тек жағдай емес. Мысалы өзі туралы Чарльз Дарвин өмірбаянында "...мен басқалардан ерекше ақылдылығыммен, ой жүйріктігіммен емес, кейбір адамдар көре бермейтін назардан тыс нәрселерді байқап, талдай алуыммен ерекшеленемін", - деп жазған екен. Сабақтарда баланың байқамай қалуынан жіберілетін қателер қаншама Бұл сияқты қасиеттің болмауы не төмендігі олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына да нұқсан келтіретіні анық.

Деңгейлеп оқыту жүйесінің маңызды тағы бір ерекшелігі сынып оқушыларын "жақсы", "жаман" оқушылар деп бөлмей, барлық баланыц дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзінмүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден мүмкін. Тек мүғалім тарапынан көрсетілген сабырлылык, байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетектейді деп есептелінеді[11].

Бұл мәселеге дәстүрлі оқытуда аса көңіл бөле бермейтіндігіміз шындық. Сыныптағы санаулы жақсы оқушымен (олар әдетте қыз балалар болып келеді) ғана белсенді жұмыс істеп, ал қимылы баяу, сөзге шорқақтау балалардың (әдетте ұлдар болады) көлеңкеде қала беруі, оларды "нашар оқушылар", "қабілетсіздер" қатарына қосатынын көріп жүрміз. Мұндай жағдаймен ымыраласа беру ендігі жерде төзгісіз жағдай деп есептейміз. Олай дейтініміз ісі, сөзі, қимылы ширақ оқушы бейне бір "эталон" сияқтанып, қалғандарды солардың деңгейіне жеткізу мақсаты тұрады мұғалім алдында. Ал сол "эталон" балалардың даму деңгейі қай дәрежеде, олардың мүмкіндіктері түгелдей ашылды ма, ол жағы онша ойландыра бермейді. Дәл осындай ұстаным қоғамдағы азаматтар, ұлдар тәрбиесіне де кері әсерін тигізеді деп ойлаймыз. Қараевтың басшылығымен жасалған деңгейлеп оқыту жүйесінде баланың білімін бағалауға үлкен мөн беріледі. Сабақ барысындағы бағаның неғұрлым көп қойылуы шарт емес. Балалар барлық тапсырмаларды орындауға ынта білдіріп, ден қойып, нәтижеге жетіп, еңбегінің рахатын көруге дағдыландырылады.

Бұған керісінше, кеңестік қоғам кезіндегі процент қуушылық "толық үлгерімге" қалайда жету тенденциясы, "екіліксіз оқыту" сияқты зиянды ұрандар оқытудың нәтижелі болуына кері әсер еткенін жоққа шығара алмаймыз. Оқушылар білімінің бағасы мұғалімнің, мектептің, мектеп басшысының жұмыстарының нәтижесі түрінде қабылданды. Сол себепті неғұрлым жақсы және көп баға қою жарысқа айналды. Баға бала білімінің нақты көрсеткіші болудан бірте-бірте қала береді. Және әдетте сол бағалар сабақ соңында, коңырау соғылып жатқанда қойылып жатады. Мұғалім бұл кезде бала білімін көптеген ішкі және сыртқы факторлар нәтижесінде бағалауға орын береді. Мәселен: мұғалімнің көңіл-күйі, балаға деген қалыптасып қалған көзқарасы т.б. Сондықтан бағаның дұрыс қойылмауы нормаға айналған жағдайы бар. Бұл жағдай әлі де орын алып отыр. Ал әділетсіз қойылған баға балаға кері әсер етіп, оның мінез-құлкының өзгеруіне, сабаққа деген ынтасының болмауына әкелетіні белгілі. Демек, бүл ойлаңдыруға тиісті мәселе деп есептейміз. Бала білімін бағалау өте жауапкершілікті талап етеді және бұл істе формализмге жол беруге өсте бол-майтындығы ескерілуі керек. Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-катынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік Бала өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал болуы басты назарда ұсталынады. Ол үшін оның әрбір жауабы мүқият тыңдалып, дүрысы мақталып, қатесі еппен түзеліп отырылады. Оқушыны кішкентай бала деп қарамай, оның да пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына орасан зор әсер ететіндігі дәлелденді[6].

Ендігі тоқталып кетуді қажет ететін ерекшелік мұғалім жұмысының нәтижелілігінің көрсеткіші. Дәстүрлі оқытуда ұстаз еңбегінің "жатықтығы" мұғалімнің койған сұрақтарына балалардың тез дұрыс жауап берулерімен, тапсырмаларды бұлжытпай орындауларымен, тыныш отырып төртіп сақтауларымен өлшенетін. Ал баланың ішкі жан-дүниесінде не болып жатқандығы, оның ойы, сезімдері мұғалімді ойландыра бермейтін. Оған мүмкіндік те аз. Л. В. Занков жүйесіндегі сабақтардың нәтижелілігінің басты көрсеткіштері болып ойлай, пайымдай, нақтылай, жүйелей, дәлелдей білу болып табылады. Егер балалар осы аталған ой операцияларын орындай алса, мұғалімнің нәтижелі еңбектенгені саналады.

Енді оқушының оқу әрекеті жайлы бірер сөз.Соңғы жылдары философияда, психологияда әрекетті адамды зерттеудің әдіснамасы деп қарастыруда .Әрекетте адам субъект ретінде танылып, оның жасам-паздығы, іскерлігі,қайраткерлігі қалыптасады. Адамның іс-әрекеті, оның бүкіл өмірі өзімен қатар жасап келе жатқан адамдармен тығыз байланыста етеді. Олармен бірге өмірді ұғьшып, күнделікті тіршілік мәселелерін шешеді, болашаққа жоспарлар құрады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгілері: ойын, оқу, еңбек. Олар жас мөлшерлерінің әр кезеңінде әр түрліше көрінеді.Оқыту мен оқу әрекетінің бір-бірімен тығыз байланыста болып, баланың ақыл-ойының дамуында зор роль атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл-ойдың, интеллектінің дамуы, "оқи алуға үйрену" бүгінгі күннің басты талабы [11].

Бастауыш мектеп оқушыларының оқу әрекеті ол орындайтын әрекеттердің жетекшісі, негізгісі. Оқу өрекеті арқылы осы кезеңге тән психологиялык жаңа құрылымдар теориялык, сана және ойлау қалыптасады. Олармен байланысты рефлексия, талдау, жинақтау сияқты психикалық қабілеттер дамиды.

Оқу әрекетінің алғы шарттары мектепке дейінгі жаста, рольдік, сюжеттік ойындар кезінде байқала бастайды. Мектеп алды топтарда балалардың қоршаған дүние жайлы қызығушылықтары артады да, оның танымдық қажеттіліктері молаяды.

Мектепте қажеттіліктерді қанағаттандырудың мүмкіндігі мол. Енді ол мұғалімнің басшылығымен әртүрлі тапсырмаларды шеше отырып, қарапайым теориялық білімдерді меңгере бастайды.

Осылайша оқу әрекетінің мазмұны болып табылатын теориялык білім, окушының қажеттілігіне айналады. Ал қажеттіліктерді өтеу мотивтермен байланысты. Тапсырманы табысты орындап шығуға басшылық ететін ынта-ықыласы, ішкі түрткілер пайда болады. Сананы билеген ішкі күштер өрекеттің амалдарын, орындаудың құралдарын белгілеуді, тандауды талап етеді.

Бүгінгі таңда заман талабына сәйкес үздіксіз білім берудің бастауыш білім жүйесінде елеулі өзгерістер туындауда. Соның бірі – үштілді білім беру. Осыған байланысты мектептегі оқу – тәрбие жұмыстарына оқытудың жаңа технологиясын меңгеру ең басты орынға қойылып отыр. Технология – материалды өңдеу, оның шеберлік тәсілдерін жақсы білудің жиынтығы.

Мұндағы басты мақсат жан- жақты білімді, өз ісіне жауап бере алатын, қабілетті, сауатты тұлғаны білімді және тәрбиелі ету.

Білімді толық меңгерту технологиясы оқушының білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге көтерілуімен түсіндіріледі. Орыс ғалымы В.П.Беспалько зерттеулерінен білім деңгейлері төмендегіше сатылана көрсетілген[12].

Деңгейлерді жеке-жеке қарастырып, басты белгілеріне түсінік беруге болады.

1.Оқушылық деңгейде бала мұғалім көмегімен амал-әрекет жасайды. Алдындағы мақсатты шешуге ұмтылады, бұрынғы білімдерін пайдаланады.

2.Алгоритмдік: деңгейде мақсат анық болғанымен, ситуация түсініксіз, оны оқушының өзі толықтырады, табады, шешеді. Бұнда да бұрынға білім көмекке келеді. Оқушы жаңа хабар, білімді өз ізденісімен ала алады. Бұл деңгей-өнімді деңгей деп есептеледі.

Шығармашылық деңгейде мақсат жалпылама , анық емес. Оқушы оны өзі анықтайды, өз бетінше жаңа дүние әкеледі. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту технологиясы - оқушылардың сабаққа белсенділігін арттырады, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту технологиясы арқылы қазақ тілін меңгерту барысында оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, тілдік қарым-қатынасқа еркін түсуін дамытуға басты назар аударылды. Мұның себебі, оқушыларға тілдің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық заңдылықтары мен ережелерін үйретумен қатар, олардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру мақсатында туындап отыр. Сондықтан бастауыш сыныпта қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту технологиясы арқылы меңгеру барысында мынадай енгізгі талаптар ескерілуі қажет:

1. Оқу жоспарына сай оқыту процесінде деңгейлік тапсырмаларды қолдану жолдары;

2. Деңгейлік тапсырмалардың оқушыларға дамытушылық әсерінің себептері;

3. Оқушылардың мұғаліммен және өзара қарым-қатынасқа түсу формалары;

4. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушыларға тілдік материалдарды игерту әдіс-тәсілдері;

5. Деңгейлік тапсырмаларды оқушылардың танымдық, білімдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру дәрежесіне қарай дұрыс таңдай білу жолдары;

6. Оқушылардың сөйлеу мәдениетінің жетілдіру жолдары;

7. Деңгейлік тапсырмаларды арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын туғызу жолдары;

8. Қазақ тілі заңдылықтары мен ережелерін деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгерту оқушылардың білімін тереңдетуге, тіл мәдениетін жетілдіруге септігін тигізетіндігі. Бастауыш сыныпта қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы игерту жұмыстарын деңгейлік дәрежеде жүзеге асырудың маңызы зор. Деңгейлік тапсырмалар ─ оқушылардың білімі мен қабілетін жетілдіруге арналған сатыланып дамитын жұмыстар жүйесі. Бұл жұмыстарда мұғалім әрбір оқушыға жеке-жеке тапсырма беріп, оның жеке тұлғалық қабілетін арттыру процесін барлық уақытта өзінің назарынан тыс қалдырмайды.

В.П.Беспалько оқушылардың мүмкіндік деңгейлерін төртке бөліп көрсетеді: Бірінші деңгейі – міндетті; Екінші деңгейі – алгоритмдік; Үшінші деңгейі – эвристикалық; Төртінші деңгейі – шығармашылық[19,42]

І деңгейде (оқушылық деңгей) оқушы жаңа материалдың тақырыбын түсінуге арналған тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар жаңа материалды оқушы есінде ұзақ сақтау мақсатында жасалады.

ІІ деңгейде (алгоритмдік деңгей) алғашқы деңгейдегі білім мазмұны тереңірек қамтылуы көзделіп, тапсырмалардың құрылысы мен мазмұны күрделене түседі. Оны орындаудың әрбір қадамы алгоритимдік түрде беріледі, яғни тапсырмалар бір – бірімен тығыз байланыста бола келіп, жүйелі түрде, алғашқысынан кейінгісі дамытылған түрде, кейінгісінен соңғысы тереңдетілген түрде ұсынылады.

ІІІ деңгей (ізденімдік деңгей) оқушы өзіндік ізденісі арқылы жаңа материалдың қыр-сырын тануға арналған тапсырмаларды орындайды. Мұнда ол жаңа материал бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, оны тереңдете отырып, өз ізденісінің нәтижесінде жаңа білім алады.

IV деңгей (шығармашылық деңгей) ... оқушы IV деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында жаңа тақырыпты еркін меңгеріп ... өз пікірі, өз айтар ойы бар жеке тұлға дәрежесіне көтеріледі

Ғалымдардың пікірлерін негізге ала отырып, 5-сыныпта қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгерту жұмыстары үш кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде қазақ тілінің ережелері мен заңдылықтарын, сөздің тура және ауыспалы мағыналарын меңгертуге назар аударылды. Бұл кезеңде оқушылар қазақ тілінен жинақтаған білімдерін еске түсіруге, негізгі білімдерін жүйелеуге, оқушылардың жады мен зейінін жетілдіруге арналған ойындар жүргізілді. Деңгейлік тапсырмаларды қолдану барысында оқушылар тілдік заңдылықтардың өзіндік ерекшеліктерін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын танып білу дағдыларын игерді.

Екінші кезеңде оқушылар өздігінен ізденуге, тапсырмаларды түрлі әдіс-тәсілдер арқылы шешуге үйренді. Тілдік қатынаста сөздерді орынды қолдану дағдыларын игерді. Осы кезеңде берілген деңгейлік тапсырмалар оқушылардың ізденімпаздық қабілетін жетілдіруге, сөздердің мағыналық реңктерін айыра білуге, проблемалық жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдауға үйренді.

Бұл кезеңде оқушылар жаңа тақырыпты өздігінен игеруге, анықтама мен ережелерді өздері шығарып дәлелдеуге, сыныптас достарының пікірін тындауға, басқа адамның сөзін құрметтеуге дағдыланды.

Үшінші кезеңде оқушылар өз ойын анық, дәлелді және сенімді жеткізуге үйренді. Игерген білімдерін тілдік қарым-қатынаста орынды қолдану, шығармашылдықпен жұмыс істеу қабілеттері жетілді[20].

Сонымен қатар оқушылар шығармашылдық деңгейде мәтіндегі ойды жалғастырды, өзіндік айтар ойын жоспарлай алды, өзінің пікірін анық жеткізді. Қазхақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептер тұжырымдамасында (желтоқсан, 1992 жыл.), Мектепті қайта құру барысында ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру, даралап және саралап оқыту сияқты жетекші принциптер баршылыққа алынады» делінген.

Қазіргі ана тілінен сабақ беріп жүрген мұғалімдерімізге жетпей жүрген кемшілік: оқушылармен диференциядық қатынас.

Оқушыларға адамгершілікпен қарау, сабақты жақсы, не нашар үлгеріп жүрген себептерін білуі, әрбір оқушының жүрегіне жол таба отырып, білім беру, дамыта отырып оқыту мәселесіне көңіл бөлмейді. Қазақ тілін оқытудың әдістемесін жаңарту, оқушының психологиясымен санаса отырып, жақсы жағдай жасау, ықыласпен түсіндіру мәселесі мұғалімнің міндеті. Қазіргі өмір талап етіп отырғандай, әрбір оқушының бойына ізденімпаздық қасиет дарыту, әр оқушының ықпал-ойынның дамуы, білім деңгейін есепке алып, топқа бөлу, не даралап оқыту сияқты жұмыс жүргізуі қажет. Ол үшін оқытудың саналуан тиімді формаларымен әдістерін барынша кең қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Қазақ тілін жетік білген, әдеби және ғылыми психологиялық, педагогикалық еңбектерді жақсы білген, ұлтының әрі дүниежүзінің рухани игіліктерің бойынша сіңірген, шебер, білімдар мұғалімнің басқаруымен жүзеге асады. Олай болса, сабақты сапалы оқытудың бірден-бірі жолы өз пәнін шебер меңгерген әдістемелік шеберлігі жетілмесе, одан оқыту да үлкен кемшілікке, сөз бояуға жол береді. Академик Ю.К.Бабанский» Формализм ең алдымен неден көрінеді? Әдістемелік орашолақтықтан, айқын ситуацияға сәйкес әдістемелік әдіс-тәсіл таңдай білмеуден –деп айта келіп,- әдістемелік шеберлік арқасында формализмнен құтылудың күрделі жолы-сабақта оқушыларға дифференциялай қатынас жасай білу» -деп көрсетті. Сондықтан оқушыларды оқытуда ұстаздың шығармашылық жұмысының бірі диференциялық қатынас, ол оқушыларды оқытып тәрбиелеуде ойдағыдай табысқа қол жеткізетінін дәлелдеп береді[13 ,10].

Оқушылардың бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл-ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуы бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндінген сабағын тез ұғады, кейбіреулері орташа ұғады. Кейде үлгере алмайтын да оқушылар кездеседі Сондықтан да барлық оқушының қолын білімге жеткізу үшін, өз мүмкіндіктеріне сәйкес үйретудің маңызды зерттеуші ғалымдарымыз ғылыми дәлелдеп береді. Академик Ю.К.Бабанский нашар үлгеретін, дариялығы ойдағыдай емес және басқа оқушыларға диффенциялай қатынас жасау қажеттілігін айта келіп: «Педагоги школы, всемерно опираяь на результаты изучения школьников, стремяться обеспечить дифференцированный подход в обучении к группам слабоуспевающих и наиболее подготовленных школьников, пытаться дойти в процесс обьучения до каждого ученика» [13].

Сабақта дифференциялай қатынас жасап, білім беруді –ана тілі пәнінен сабақ беріп жүрген мұғалімдеріміз (өз тәжірибесінде) жүзеге асыру үшін күш жұмсауда. Олар үнемі жақсы оқитын және үлгерімі нашар балаларға көп көңіл бөледі. Олармен өте жақсы жағдайда, жақсы тонмен баланың жүрегіне жол таба отырып сұрау, сөйлесу, түсіндіру жағын мақсат етеді. Дифференциялай оқыту тәсілін мұғалім сабағының барысында өз бетімен жұмыс жүргізгенде, не экскурсияға барған (жеке топқа тапсынмалар беру) өз пәні бойынша үйірмеге тарту т.б. жолдармен жүргізіп отырады. Мысалы, 4 «б» сыныбында оқитын 25 оқушының 3 топқа бөледі. 1 топқа 8 оқушы- ана тілін «өте жақсы» түсінетін, сабақты қызыға тыңдайтын қабілетті оқушылар, 2 топқа 10 оқушы- оқуды қажетім деп санайтын, сабақты түсінетін, сабақты қызыға тыңдайтын қабілетті оқушылыр. өз бетінше жұмыс жасап қорытынды жасайтындар, 3 топқа 7 оқушы- нашар үлгеретін, даярлығы ойдағыдай емес оқушылар. Мұғалім әрқайсысының тілім қорын білген соң, күшті көбіне 3 топтағы оқушыларға салады. Олардың жағдайымен санасады. Оларға өте жақсы жағдайда кішіпейілдікпен келе отырып, білмейтін жерінен түсіндіреді. Үнемі қамқорлыққа алады. Оларға жақсы оқитын оқушылар бекітіліп береді, біріге отырып білім алуына мүмкіндік туғызады).

Мұндай қамқорлыққа алынған оқушы білім алуға ынталана түседі. Жаңа сабақты түсіндіргенде де, сабақ үстінде де , сабақты бекіту барысында да, үйге тапсырма бергенде мұны ескеріп отырады . Мысалы, сабақта «Есімдік» тақырыбын өткенде (бекіту кезінде) мынадай тапсырмалар берілді:

І-ІІ топқа «Менің бір күндік есебім» тақырыбы бойынша шағын шығарма жазып, есімдіктерінің астын сызып тұлғалық түрін айыру. ІІІ топқа оқу кітабындағы жаттығуды көшіріп жазып, есімдіктерін тауып, тұлғалық түріне айыру. Бұл тапсырмаларды бүкіл сынып оқушылары түгелдей ойдағыдай орындап шығады. Үйге тапсырманы дифференциялай берудің ерекшеліктері бар: І топтың оқушыларына үйге берілген тапсырманы айтса болды, оқушы орындап келеді. ІІ топтың оқушыларына қысқаша түсінік беріліп, қалай орындау керек екені айтылады. ІІІ топтың оқушыларына толық түсініктеме керек. Оларға жаттығуды оқытып, қалай орындап келетіні айтылады. Кейде үй тапсырмалары тобына сәйкес күрделеніп келеді. І,ІІ топтың оқушыларына «Зергер» журналынан, газеттен, өздеріне таныс көркем әдеби кітаптардан т.б. жазып келуге тапсырмалар беріледі. Мұндай тапсырмалар бірте-бірте ІІІ топқа да беріледі. (Ескерту, соңғы беттерде жазылған сабақ үлгісінде үй тапсырмасы үш топқа бөлініп көрсетілді). Сөйтіп оқушымен ерінбей жүргізілген жұмыстың нәтижесінде оқу жылы аяқталған оқу тоқсан қорытындысында сыныптағы барлық оқушылар жақсы жақсы оқушыларды қуып жетіп, білім алуға ынтасы оянады, сенімі артады, қуанышқа бөленеді. Мұндай жұмыстан кейін, оқушылар әділ қойылған бағасына риза болады.

2 ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет