Жұмыстың құрылымы және көлемі: кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БАСТАУЫШ МЕКЕПТЕ ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Блум таксономиясы – жеке тұлға шығармашылығын дамытушы әдіс
Блум таксономиясы – жеке тұлға шығармашылығын дамытушы әдіс. Блум таксономиясы деген не ? «Оқу мен жазу арқылы жеке дара пікір туғызу, ол мынадай құрылым: шыңдалған ойлау, кез келген тану деңгейіне байланысты мәселелерге пікір қосу; күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға әкелту. Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығуынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
Блум таксономиясы алты кезеңнен тұрады: 1) білу; 2) түсіну 3) қолдану; 4) талдау; 5) жинақтау (синтез); 6) бағалау.
Мақсаттар жүйесі
Оқушылардың когнитивтік іс - әрекеті
Білім
Оқушы меңгеретін және берілетін білім негіздері
Түсінік
Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді.
Қолдану
Алған білімді қолданады
Анализ
Білімді жай қабылдамайды, талдайды, саралайды, салыстырады
Синтез
Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады.
Баға(сыни өзіндік пікір)
Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады, не мақұлдамайды.
Блум таксономиясы
Дербестік. Оқушының алдына нақты мақсат қойып, оған жету жолын өздігінен таба білу көрсеткіші.
Батылдық. Өзіне тапсырылған жұмысты орындау барысындағы кездескен қиындық, қорқынышты жою жолындағы еңбек көрсеткіші
Елгезектік.Тапсырылған жұмысты мерзімінен бұрын орындау, жауапкершілік көрсеткіші
Шешендік. Атқарған ісін көркемтілмен, әсем үнмен, әр түрлі ортада өзін жан-жақты көрсетіп, маңайын айтқанына елітіп, көрсететін иландыру көрсеткіші.
Шыдамдылық .Әр жұмыстың қиындығына қарамай, жан-тәнімен атқарып, ерік-жігерін шыңдау көрсеткіші
Өнерлілік. Тынымсыз, ізденгіш, ширақ,қиялы бай, алғыр жан-жақтылық көрсеткіші
Білімділік. Әрбір істі нақты орындайтын,ақылы орамды, ойы кең, ұшқыр сана көрсеткіші.
Дарынды болуға апаратын жол
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.
Таксономия - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғьлымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский [2].
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Бааның дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. Бұдан әрі психиканың бүкіл саласының қалыптасуы, адамның белсенді қызметті өрістетуі мүмкін болады. Бүл процесте ол бір жағынан өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан материалдық және рухани байлықтар жасап, осы арқылы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Баланың потенциалдық мүмкіндіктері неғұрлым жан-жақты үйлесімді, толығырақ дамыса, есейген кезде, оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан-жақты, табысты болады.Оны жүзеге асырудың жолдарын ол соғұрлым серпінді меңгеріп, жаңғырта алады. Демек, шын мәніндегі -ертеңгі күнге меңзеу орын алады [2,35].
Ғалым психологтар Л. В. Занков, А. А. Люблинская, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын, сипатын өзгертуге арналған зерттеулер жасалады. С. Л. Рубинштейн, Е. Н. Кабанова-Меллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді.
И. Я. Лернер «даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады[3].
Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының дамуының белгілерін атап керсетеді. Мысалы: П. П. Блонский бұған индивидтің абстрактіден нақтыға және керісінше нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс жасай алу қабілетін жатқызса, Д. Н. Богоявленский және Н. А. Менчинская — оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Н. Д. Левитов оқу материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру, негізгіні және көмекшіні анықтай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға бере білу дағдысын жатқызады.
В. В. Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
80-жылдардың аяғында Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізіп, жаңа леп әкелді. Республика мектептеріндегі оқыту жаңадан жазылған төл оқулықтар, жаңа бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылды. Оқытудың жаңа технологиялары кеңінен енгізіле бастады. Әсіресе халықтық педагогиканы пайдаланып, ұлттық үрдісте тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы біраз. Еліміз егемендігін алу арқылы мүмкін болған жаңа буын оқулықтарының да ғылыми негізі ретінде дамыта оқыту жүйесі алынып отыр[4].
Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей, гимназия сияқты мектептерді заман талабы өмірге келтірді. Бұл мектептерде оқушылар қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай лайықталынып жасалған арнайы бағдарламалармен оқытылады. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда жаңа үлгідегі мектептерде пәндер көбірек, олардың балалардың талантын, дарынын ашуға мүмкіндігі де мол.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін ақыл-ой жұмысының төсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дами-ды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп карастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратьш ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интелллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ, ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара қатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактардың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез-құлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған[4].
XVII ғасырдағы Я. А. Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімгс деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінгсн.
Орыстың ұлы ағартушысы К. Д. Ушинский де өз дидактикалық еңбектерінде бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту мәселелеріне ерекше тоқталып, арнайы әдістеме жасаған.
Осылай бола тұрғанмен, "дамыта оқыту" деген терминге көзқарастар мен пікірлер әртүрлі. Себебі "дамыта оқыту" ұғымына берілген түсініктер әртүрлі және "дамытпайтын оқыту бола ма?" деген сұрақтар жиі қойылады.
Алайда дәстүрлі оқыту бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, "дамудың соңында жүрсе", ал екінші жағдайда "оқыту дамуды өзімен бірге ала жүреді" деген Л. С. Выготскийдің пікірінең көп нәрсе аңғаруға болады. Алғашқыда, оқытудың тиімділігі алынған білімінің көлемімен, сапасымен өлшенсе, соңғыда білімнің тиімділігі қабілеттің деңгейімен, әрекеттің негізгі түрлерінің каншалықты да-мығандығымен өлшенеді[6].
"Дамыта оқыту" деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л. В. Выготский, А. И. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Люблинская, Н. А. Менчинская) және т.б., іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарады[6].
Зерттеулердің мақсаты Л. С. Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың ара қатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру, нақтылау. Өткізілген зерттеу жұмыстары бастауышта математикалық білім беру ісіне үлкен өзге-рістер енгізді. Мысалы 1969 жылы арифметика курсы математикаға ауыстырылды. Бірақ бұл курста да негізгі назар баланың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру, жай типтік есептер шыға-руында болып қалды. Оқыту әдістері, сабақ ұйымдастыру түрлері, білім, білік, дағды қалыптастыруға бағытталғандықтан, дамыта оқыту идеясы жүзеге аспады.
Одан кейін 20 жыл көлемінде дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары "дамыта оқыту деп — оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды" атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі — баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Мақсаты балаларға дайын пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығын берумен шектелетін, нәтижесінде догмалық ойлауы басым, дайын нұсқаулар мен бұйрықтарды орындай білетін адамдарды тәрбиелейтін қазіргі мектепте орын алып отырған дәстүрлі оқыту жүйссі мұндай адамдарды дайындауга негіз бола ал-майтындығын өмір көрсетті[8].
Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз.
Оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер енгізуге ықпалын тигізді. Оқыту барысында баланың ақыл-ойын, қиялын т.б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субъектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды.
Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-60жылдары қолға алған академик Л.В.Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта оқытудың жаңа жүйесін мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанымен, белгілі себептерге байланысты өрістеп кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерінде қайтадан қолданыла бастады. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланылып келеді.
Л.С.Выготскийдің теориясы Д. Б. Эльконин басқарған шығармашылық топ жұмысында әрі карай жалғастырылады. Баланың өзін-өзі өзгертуші субъект ретінде дамуына арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізідді. Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын, әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс-тәжірибеге батыл ене бастады.
Дамыта оқыту — дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді [6].
Психологтардың зерттеулері бойынша бала өзінің субъект екенін 2,5-3 жасында-ақ білдіре бастайды екен. Ол оның "Мен" деген категориясының көрінуінен байқалады. (өзім ішемін, өзім киемін және т.б. түріңде) Мектепке дейінгі балалық шақтың соңына қарай ол әртүрлі әрекетті өзі орындауға деген талпыныстарын жасайды. Бұл түрлі рольдік ойындарға қатысуда айқын байқала бастайды. Еркін ойлап, өзін еркін сезіну оның жекелік қасиеттерін әрі қарай дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады.
Ал мектеп табалдырығын жаңа аттаған бала оқу бағдарламаларының талаптарын орындау, мектептің ішкі тәртібін сақтау, үлкендердің айтқандарын екі етпеу сияқты қатаң ережелер шеңберіне түседі. Енді оның субъектілік белгілерінің даму мүмкіндігі азая береді. Өйткені дәстүрлі мектептің мақсаттарын шешу үшін мұғалімнің айтқанын дұрыс тыңдап, тура сол түрде қайта айтып беру, тапсырманы қатесіз орындау жеткілікті. Белгілі үлгіден ауытқу, басқа шешім іздеу талап етіле бермейді.
Дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин — В. В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бүл жүйемен дәстүрлІ оқытуды салыстыру мынадай қорытынды жасауға негіз болды. Бұдан кейін қалай меңгерілгендігін анықтау мақсатындағы сұрау, бағалау ұйымдастырылады. Әрине, жұмыс әр түрлі болып өткізілуі мүмкін. Мысалы: өзі айтып бермей, үнтаспадан тыңдату, балаға оқыту т.б.
Қалай болғанда да өзімізге таныс иллюстрациялы — түсіндірме әдісінің қатаң тәртібі сақталынуы керек. Баладан ыждағатпен тындап, мүлтіксіз орындау ғана талап етіледі.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады[7].
Достарыңызбен бөлісу: |