Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В070100 «Биотехнология»



бет6/12
Дата13.05.2022
өлшемі2,89 Mb.
#143095
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Diplomnaya rabota Rantaevoy A D










ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ


Адам еңбек ететін ортада салауатты да қатерсіз жағдай жасаумен ұштасқан мәселелерді зерттеп - шешу өндірістің жаңа технологиясы мен жүйесін жобалағанда ескерілетін аса маңызды міндеттердің бірі. Өндірістегі қауіпті оқиғалардың, кәсіптік сырқаттың, апаттың, жарылыстың, өрттің ықтималдық себептерін зерттеп - анықтау оның зардаптарын жоюға бағытталған шаралар мен талаптарды жүйелеу арқылы адамның еңбегіне қауіпсіз, қолайлы жағдай жасауға жол ашылады. Жайлы да қатерсіз еңбек жағдайы – еңбек өнімділігі мен қауіпсіздігіне, жұмыскерлер денінің саулығына оң ықпал жасайтын негізгі факторлардың бірі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы денсаулықты сақтауға арналған құқықты, негізгі құқықтардың бірі ретінде бекітті. Еңбеккердің денсаулығы мен қауіпсіз еңбек жағдайына арналған құқық та, оның табиғи бағдары болып табылады. Ол да: еңбек етуге, дем алуға, қарттықты қамтамасыз етуге, науқастанғанда емделуге арналған құқық Конституцияның баптарында жекелеген ұстаным, әрі субъективті құқық үлгісінде бекітілген.
Еңбекті қорғау дегеніміз - еңбек қызметі кезінде жұмыскердің өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі. Оған құқықтық, әлеуметтік - экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық, емдік – сақтық, қалпына келтіру және басқадай шаралар енеді.
Басқаша айтқанда, еңбекті қорғау жүйесіне еңбекті қорғауға, техника қауіпсіздігіне және өндірістік санитарияға негізделген заңнама кіреді. Соңғыларының құрамына қауіпті де залалды өндірістік жүйелердің жұмыскерге ықпал жасауын доғаратын ұйымдық, техникалық, гигиеналық және санитарлы - техникалық шара құралдары енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет