Еңбек қауіпсіздігіне және өндірістік санитарияға арналған ережелер. Бүкіл өндірісте бөлмелер, құрал - жабдықтар, технологиялық желілер салауатты да қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ететін талаптарға сай болуға тиісті. Өндірістік жабдықтарға, олардың орналастырылуына және жұмыс орындарының ұйымдастырылуына, сондай - ақ, өндірістік процестердің ұйымдастырылуына қойылатын талаптарға және өндірісте жарақаттанудан сақтандыруға бағытталған амалдар, техника қауіпсіздігіне арналған ережелерде бекітілген. Өндірістік процестерге лайықталған стандарттар мен өндірістік факторлардың тізбегі жұмыскерлердің кәсіби сырқатының алдын алатын өндірістік санитария нормаларын жүйелейді.
Ережеде көрсетілген, әрі техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитарияны қамтитын талаптар, кәсіпорынның құрылысында жобалау кезеңінен бастап, жабдықтарды, станоктарды, машиналарды құрастырғанда орындалуға тиісті. Салауатты да қатерсіз еңбек жағдайы қамтылмаған бірде - бір цех, кәсіпорын, учаске, өндіріс қабылданбауға және іске қосылмауға тиісті.
Жаңадан бой көтерген немесе қайта құрастырылған өндірістік объектілер, өндіріс құралдары, егер қолында қауіпсіздік сертификаты болмаса, игілікке пайдалануға қабылданбайды.
Жұмыскерлердің арасында еңбекті қорғау ережесінің талаптары сақталуы үшін әкімшілікке нұсқау сабағын жүргізуге тапсырма берілген.
Жұмысшылар (мамандығының күрделілігіне қарай) нұсқау сабағына қоса өз мамандығында қолданылатын еңбекті қорғауға арналған ережелермен танысады. Оны бұзған жағдайда немесе жұмыстың жаңсақ және қауіпті әдіс - амалдарын қолданғанда жұмыскер жоспардан тыс нұсқау сабағынан өтеді. Еңбекті қорғау шеңберінде жұмыскерге жұмысқа кірерде алдын - ала өтуге тапсырма беріледі. Ол өз негіздемесі бойынша жұмысшының денсаулығын, ауыр қол еңбегінің және залалды жағдайдың әсерінен сақтандыратын ескерту шарасы болып табылады.