Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В070100 «Биотехнология»


Микроорганизм дақылдарымен жұмыс жүргізу кезіндегі ортақ талаптар



бет9/12
Дата13.05.2022
өлшемі2,89 Mb.
#143095
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Diplomnaya rabota Rantaevoy A D
кесте
Микроорганизм дақылдарымен жұмыс жүргізу кезіндегі ортақ талаптар. Қызметкерлер микроб дақылдарымен жұмыс істеу кезінде «Өндірістік, малдәрігерлік ғылыми - зерттеу мекемелерінде және профильді оқу орындарында патогенді бактерияны, вирусты, саңырауқұлақ пен токсинді сақтау, босату және пайдалану туралы нұсқау ережесін» басшылыққа алуға міндетті.
Патогенді микроорганизм дақылдарымен немесе онымен жұқтырылған зертханалық жануарлар мен материалдармен жұмыс жүргізілетін зертхананың барлық бөлімі мен өзге бөлімшелерінде міндетті түрде жұмыскерлерді зақымдау қатерінің алдын алатын және індет қоздырғыштарының бөлімшеден тыс жерге шығу мүмкіндігін қадағалайтын шаралар, міндетті түрде қатаң ескерілуі шарт. Бөлімге түскен материал зерттелгенге дейін, тоңазытқышта сақталады. Оны дәлізде немесе бөтен адамның қолы жететін басқа орындарда қалдыруға болмайды [87, 88].
Күн сайын жұмыс күні аяқталғанда, залалды материалды мөрмен бекітілетін термостатқа немесе шкафқа қояды, ал ол орналастырылған бөлме құлыптаулы болады.
Микроорганизмдердің бөлінген дақылдарымен жұмысты бітіргенде, ол автоклавта жойылады да, талап етілген тәртібі ескеріліп, белгіленген үлгі бойынша акт жасалады.
Бокста жұмыс жүргізу ережесі. Микробиологиялық зертханада аумағы 3 - 5 метрлік бокс және алдынан 2 шаршы метрлік алаң жабдықталады. Бокстың есіктері жылжымалы болып жасалғаны жөн. Жұмыс орнының үстінен бактерицидті шам орнатылады, оның ажыратқышы бокстан тыс жерде болуға тиісті. Бокс алдындағы алаңда стерильді материалды сақтайтын медициналық шағын шкаф және халат пен киім ілетін шкаф орналастырылады. Бокста жұмыс атқару үшін негізгі арнаулы киіммен бірге арнайы халат, бетперде, қорғаныс көзілдірігі және хирургиялық қолғап болуы қажет. Олар бокс алдындағы алаңда сақталады.
Жұмыс алдында боксқа бактерицидті шаммен 1 - 2 сағ. бойы жарық түсіреді. Сәулеленгеннен кейін, боксқа тек 30 - 60 минуттан соң ғана кіруге болады.
Дақылдармен және патологиялық материалмен жұмысты жеке сақтық шаралары мен себу тазалығын қамтамасыз ететін, індеттің қоршаған ортаға таралуын болдырмайтын әдістерді ескере отырып, жүргізеді. Бокстағы жұмысын аяқтаған маман жұмыс орнын (үстелін) тәртіпке келтіруге және оны, сондай - ақ, кювет пен спиртовканы залалсыздандырып шығуға міндетті.
Егер келесі күнге дейін бокста материалды қалдыру қажет болса, онда жұмыс уақытының соңында боксты мөрмен бекітіп жабады.
Сондай - ақ, микробиологиялық зертханада таза дақылдармен жұмыс жүргізуге арналып жабдықталған орын немесе бокс, ерітінділер, бояулар және басқадай материал даярлайтын орын болуы шарт. Фенол мен сілті ерітінділерін дайындағанда резеңке қолғап, қорғаныс көзілдірігін, фартук пен жең қапшық кию міндет.
Жағындыны бояу үшін арнаулы орын жабдықтап алады, ол жерде бояулардың түр - түрін бекітетін ерітінділер, құмсағат (1, 2 және 5 минуттық), тубусты бөтелке немесе дистильденген суы бар жуғыш, аспалы шәшке (кювет немесе басқа ыдыс), газ горелкасы немесе спиртовка, пинцет пен сүзгіш қағаз болуы керек.
Себуді және қайта себуді ілмекпен немесе Пастер пипеткасымен от жалынының үстінде жүргізеді. Себінді жасағаннан кейін ілмекті, тұтқыштың астыңғы бөлігін әуелі төменнен, кейін жоғары жағынан жалынмен күйдіреді.
Пипетканы, құрал - жабдықтарды, жабатын шыны мен ұсталған ыдысты хлораминның 5% - тік ерітіндісімен залалсыздандырады. Залалды материалды бір бөлмеден келесіге немесе автоклав бөліміне залалсыздандыруға арнайы жабылатын темір контейнерге салып апарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет