Адамзат тарихында ұдайы бірсыпыра мәселелер мен міндеттер орын алумен болды, қоғамның әл - ауқаты мен әрмен қарай өркендеуі олардың шешімімен байланысты. Алайда, ертеректе ешуақытта ақтық шаманы қамтитын, шешімі қоғамға қиындық тудыратын немесе мүмкін мүлде болмайтын өзекті мәселе туындап көрген емес.
Қоршаған ортаны қорғау - адамзаттың толғақты міндеттердің бірі. Қоршаған орта дегеніміз - өзара байланыстағы табиғи және антропогенді объектілердің, адамдардың еңбегі, тұрмысы мен демалысы қамтылатын ортаның тұтас жүйесі.
«Қоршаған орта» ұғымына әлеуметтік, табиғи және қолдан құрылатын физикалық, химиялық, биологиялық факторлар, яғни, адамның өмірі мен қызметіне тікелей немесе жанама ықпал жасайтындардың бәрі енеді.
Қоршаған ортаны дамыту мәселесімен экология - тірі ағза мен ол өмір сүретін ортаның өзара қарым - қатынасы туралы ғылым айналысады. Экология проблемасы өз деңгейінде шешілуі үшін тек, табиғат пен қоғамның өзара қолайлы іс - әрекеті қажет. Ол бір жағынан қоғамның әрмен қарай дамуын, екінші жағынан табиғаттағы қалпына келтіретін күш - қуатты сақтап, сүйемелдеуді қамтамасыз етуі шарт. Бұл мақсатқа тек, қоршаған ортаны қорғауға арналатын тәжірибелік шаралар мен ғылыми зерттеулерді кең көлемде жүргізгенде ғана қол жететін болады.
Қоршаған ортаны қорғау қажеттілігі негізінен мемлекетіміздің негізгі заңында көрініс тапқан. Қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік, заңдық, қоғамдық, әкімшілік - шаруашылық, техникалық және әлеуметтік - экономикалық шаралар жүйесіне негізделген. Бұл жүйе тіршілік ортасының қолайлы жағдайын сақтауға, материалдық және энергетика ресурс - қорларын бүкіл адамзат игілігіне ұқыптап пайдалануға бағытталған [89].
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасы. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы міндеттері қоғам мен табиғаттағы өзара іс - қимыл саласындағы қарым - қатынасын реттеуге, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғат игілігін ұқыпты пайдалануға және өз өсімімен молайтуға, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға негізделеді.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы заңнан, табиғи ресурстарды қорғау, өз өсімімен молайту және пайдалану туралы заңнан, сондай - ақ, өзге заңнама және нормативтік - құқықтық актілерден тұрады.
Қоршаған ортаны қорғауға арналған қарым - қатынасты реттейтін нормалар енгізілген осы Заң мен өзге актінің арасында қарама - қайшылық туындаған жағдайда соңғысы тек, осы Заңға сәйкестелген өзгеріс енгізілгеннен кейін ғана қолданыла алады.
Жерді, жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, орманды және өзге өсімдікті, жануарлар дүниесін, ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылықты иеленген қоршаған орта объектілерін, осы Заңмен реттелмеген ерекше қадағаланатын табиғи аумақты қорғау, пайдалану мәселелері Қазақстан Республикасының сәйкестелген нормативтік - құқықтық актілермен реттеледі.