Байланысты: МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ диплом 2010
Сөзбе-сөз аударма (нөлдік трансформация) word-for-word transformation – ТМ синтаксистік құрылымның аударма трансформациясы
АM ұқсас синтаксистік құрылымына аудару тәсілі [21,248].
Жалпы техникалық мәтіндерді зерттей келе, сөйлемді ағылшын тілінен
қазақ тіліне сөзбе-сөз аудару тәсілі аз қолданылатынына көз жеткіздік.
Өйткені екі тілдің стилистикалық құрылымы екі түрлі, қазақ тіліне
аударғанда, сөйлем әрқашан соңынан басына аударылады немесе сөйлемдегі
сөз реті өзгеріп отырады.
Мысал 1:
Burning or combustion is a process of uniting a fuel or combustible with the oxygen in the air. Жағу немесе жандыру дегеніміз жанармай не жанатын заттың ауаның құрамындағы оттегімен біріктіру процесі.