Дипломдық ЖҰмыс салауатты өмір салтын қалыптастырудағы бақ-тың РӨлі «5В050400 Журналистика» мамандығы бойынша


Электронды ақпарат құралдарында денсаулық туралы хабарлар



бет10/21
Дата26.05.2022
өлшемі165,26 Kb.
#145196
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
Ақниет диплом

2.2 Электронды ақпарат құралдарында денсаулық туралы хабарлар
Елбасы: «Журналистің, бұқаралық ақпарат құралдарының азаматтық жауапкершілігі, әсіресе мемлекеттік пен демократияның қалыптасуы кезеңінде ерекше жоғары»,- деген сөздері журналистерге артқан үміті тәріздес /8/. Осы орайда мемлекеттің дамуы үшін, ұлттың мықты болуы мен алдағы ауыртпалықты жеңе білуі үшін ауызбірлік пен ынтымақтастықтың нығаю шарты алға қойылады. Ұлт ынтымақтастығы әуелде ұлттың ұлтын сезінуден басталатынын ескерсек, электронды ақпарат құралдарының осы жолда қарқынды іс жүргізуге міндетті екенін атап өткен жөн. Электронды ақпарат құралдары яғни теледидар мен радио арналары денсаулық мәселесіне арналған түрлі хабарларға бай. Әрине, ең алдымен ойымызға «Қазақстан» ұлттық арнасынан көрсетілетін «Диагноз» (қорытынды) бағдарламасы түседі. Өкінішке қарай жабылып қалған бұл хабар, аз уақыттың ішінде көпшіліктің көңілінен шыққан бағдарламалардың бірі болды. «Диагноздың» кезекті (соңғы көрсетілімі) көрсетілімінде сонау Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының шалғай ауылдарының бірінен келген Асхат Алпысбайұлы деген азаматтың науқасы жайлы сөз болды. Бағдарламаға үміт артып келген Асхат пен оның жұбайы Сандуғаш білікті маман дәрігерлерден үлкен қолдау күтетіндіктерін жасырмайды.
Құрылыста жұмыс істеген жас жігіт осы ауруға ауыр зат көтеріп келе жатып, құлағаннан шалдыққанын баяндады. Сөйтіп, ойда-жоқта жабысқан кеселден (диагнозы – омыртқадағы жарық болатын) айығудың жолын кейіпкер «Диагноздан» іздейді.
Бағдарлама жүргізушілері – Дидар Аятхан (кеңесші дәрігер) мен Сапар Құттыбайұлы (психиатр-нарколог) өзге мамандық иелері бола тұра, қабілеттері жоғары, тәжірибелі жүргізуші ретінде көрермендерін баурап алды.
Арнайы дайындалған бөлмеден науқасты тексеруден өткізіп жатқаны да өте нанымды, жан-жақты етіп түсірілген.
Ықшамдалып ұсынылған сюжеттерден «Диагноздың» ауқымдылығы арта түскен. Кейіпкер дәрігерлік тексеруден өтіп жатқан мезетте Сапар Құттыбайұлы (жүргізуші) студияда қатысушы аудиторияға Асхаттың жұбайын таныстырып, бағдарламаны әрі қарай жалғастырды. Бұл да «Диагнозды» түсіруші топтың тапқырлығынан туған жан тебірентер көрініс дер едік. «Жолдасымның аман-есен қатарға қосылғанын қалаймын. Әкесіне «мені көтерші» деп жылайтын ұлымның тілегі қабыл болып, екі аяғын тең басып, аман-есен ошағымызға оралсақ», – деп сөйлеген Асхаттың жұбайының сөздері кімді болса да, бей-жай қалдырмағаны анық. Бағдарламаның жақсы жағымен қатар, өкінішке қарай, «әттеген-ай» дейтін тұстары да кездеседі. Мысалы, дәрігер мамандардың көп жағдайда ойын орысша жеткізетіні (медициналық терминге қатысты) дер едік. Әрине, бұл әзірге медицина тіліндегі кейбір сөздердің, әсіресе, дәрігерлік қорытындының қазақша баламасының жоқтығынан немесе дәрігерлеріміздің бар аудармасына үйрене алмай жатқандығынан болса керек. Әйтсе де «Диагноздың» аудиториясы ауқымды болып, көрермені көбейе түсетін еді.
Қазіргі таңда еліміздегі салауатты өмір салтын наихаттайтын бағдарламалар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет