47
-
Ойдағыдай, жаман емес.
-
Демалыста қайда боласың?
-
Үйде.
Демек, сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігін жасайтын айрықша белгісі -
жағдаятқа байланысты сөйлеу мәнері.
Әдеби тіл жалпыхалықтық
тілдің ауызша және жазбаша
түрлерінің негізінде қалыптасады. Сондай-ақ жалпыхалықтық тілдің ауызша
және жазбаша формалары мен оның стильдерінде тілдік белгілерді сөз тіркесі
сөйлем қалай қолдану қажет екендігін көрсетедi
.
Стиль дегеніміз
өмірдің белгілі
бір саласында қолданылып , тарихи
қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі.
Тіл қолданысына қарай стиль
мынадай топтарға ажыратылады:
1. Сөйлеу стилі
2. Кітаби –жазба стиль
Сөйлеу стилі.
Сөйлеу тілі адамдардың бір-бірімен күнделікті
қатынаста пайдаланылады. Сөйлеу тілі диалогтан құралады. Диалог
репликалар
тізбегінен тұрады да, қысқа тұжырымды болып келеді. Сөйлеу
тілінің ерекше бір түрі –монолог. Монолог - бір кісінің сөзі.
Монологты
сөздер күрделі ойға құрылып, әр түрлі тәсілмен жеткізіледі.
Монолог әдеби
сөйлеу үлгісіне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: