49
29-жаттығу
.
Мына өлеңнен алған әсеріңді жаз. Қазақ халқы адамның
жас ерекшелігін қалай атайтынын анықта.
Бір жаста, екі жаста бесіктемін,
Бес жаста тәңірі берген несіптемін,
Алты жаста, қайыңның тозындаймын,
Жеті жаста ойпаң жер бозындаймын,
Он жасымда сүт емген қозыдаймын,
Он бесте жарға ойнаған лақтаймын,
Бой түзеп жиырмада сылақтаймын,
Отызда ағып жатқан бұлақтаймын.
Қырқымда қынаптағы қылыштаймын,
Елуде әр жұмысты жұмыстаймын,
Алпыс жаста тай жеген бөрідеймін,
Жетпіс жаста илеген терідеймін,
Жетпістен сексен жасқа келген шақта
Артымнан кейін кеттім кері деймін.
Тоқсан жасқа келгенде көр болғаным,
Отқа салған мұнайып, бор болғаным.
Тоқыға асылғанда әлім келмей
Баланың баласына қор болғаным...
(Шал ақын)
30-жаттығу
.
Берілген мәтінді оқып, төменде берілген ұғымдар туралы
ақпарат жина, осындай стильде мәтін құрастыр.
ӘЖЕТКЕ ЖАРАУ
– баланың қолқабыс етуге, кішігірім шаруаға
жұмсауға жарап қалған шағы. Әдетте қазақ отбасында баланы 6
жасынан
бастап қолға су құю, қозы-лақ қайыру, бесік тербету сияқты ұсақ-түйек
жұмысқа баули бастайды.
Баланың көмек беріп, қолғабыс тигізуі Әжетке
жарап қалғандығы болып саналады. Сондай-ақ,
бала ғана емес, ересектер
арасындағы қарым-қатынаста да бір-біріне септігі,
жәрдемі тиген жағдайда
бір әжетке жарадың
деген этикет арқылы ризашылығын білдіреді. Қазақы
ортада категориялық сипаты бар бұл ұғым
көбіне ұл балаларға қатысты
айтыла отырып, дәстүрлі сенім-нанымға байланысты туындайтын
ғұрыптарда көрініс береді. Атап айтсақ,
көшпелі тірліктің қым-қуат
бәсе, бақытымызға
қарай
Достарыңызбен бөлісу: