I тарау. Ұйымның меншікті капиталының теориялық аспектілері
1.1 Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі-бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылған- дағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын ал- ғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қарал- ған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшылары- ның, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға үлестері- нен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қыз-мет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы. Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқару- шы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөліне- ді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналыстан тыс) актив- тер» және «айналымдағы активтер» деп екіге бөлінеді.
Негізгі активтер (айналымнан тыс) негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпорынның мате- риалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша-қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебитор- лық борыштар және басқа активтер жатады. Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері. Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
жарғылық капитал;
резервтік капитал;
бөлінбеген табыс;
Кәсіпорынның жарғылық капиталы - қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құралады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қыз- метін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрыл- тайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.
Кәсіпорын өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарында қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жар- ғылық капиталы мынадай түрлерге бөлінеді:
Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).
Жарғылық капитал мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрыл- тайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тір- келуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгі- зілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Қосымша төленген капитал – ұйымның өзінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал – кәсіпорынның өзінің меншітіндегі не- гізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құ- нының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.
Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал – келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның жарғысында қаралады (көрсетіледі).
Бөлінбеген пайда (табыс) – кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағытарға пайдаланған сомаларын шегеріп таста- ғандағы қалған бөлігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |