Мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Біз эксперименттің үзіндісін береміз. Мұнда қолданылған ертегілер мен ойындар 2-қосымшада келтірілген.
№1 отбасы «Балапан» ертегісін талдап, әңгімелеп, рөлдерде ойнап, қойып берді. Мақсат - отбасыңыздағы өзіңіздің рөліңізді бағалау, оны түсіну және қарым-қатынастың жаңа деңгейіне жету. Байқағанымыздай, ертегіні оқыған кезде Мақсат қызығушылық танытып, сұрақтар қойды. Ол ертегіні ықыласпен талдап, оны өз ойларымен толықтырды, ойын ашық айтуға үйренбегендіктен, жеңілгісі келмеді. Бірақ ата-анасының көмегімен көндіруге мүмкіндік алдым.
№2 отбасында «Алтын балық» ертегісін айтып бергенде, оған қоса «Есектің терісі» және «Шеңберге кір» ойындары қолданылды. Ертегінің мақсаты - басқалармен өзара қарым-қатынас кезіндегі қиындықтарды шешу, серіктестердің қарым-қатынасының құндылығы мен маңызын түсіну. Баланың реакциясын қарап отырып, біз Серіктің ертегінің мәнін дұрыс түсінгенін, ертегі кейіпкері туралы өз пікірін білдіргенін көрдік. Ол анасынсыз ойнағысы келмеді, өйткені ол анасына өте жақын. Серік өте білімді, бірақ оның тұйықтығы білімін ашып көрсетуге кедергі келтірді.
№ 3 отбасында «Бұлт» ертегісін талдағанда, оның маңызды оқиғалары қойылды. Сонымен қатар «Адамның құрылысы» ойыны қолданылды. Ертегі әлеуметтенуге ықпал етеді, отбасы мүшелерінің құндылығын, олармен қарым-қатынастың маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар, келесі көріністе Айдостың ертегіні ұнатқаны байқалды, оны ойнауға қуана келісті. Ештеңеге қатыспай, жай ғана бақылаушы болған ата-аналардың алдында ойнау Айдосқа қиын болды.
№4 отбасында «Тікен» ертегісі шындықты қабылдауға, жеке басының әлеуетін ашуға ықпал етті.
Бақылау барысында Әйгерімнің қолының моторикасы нашар дамығанын байқадық, сурет салғысы келмеді, бірақ біз барлығымыз осы істі қолға алғанда, ол қызығушылық танытып, бізге қосылды. Бірақ оның есесіне ертегінің мағынасы дәл жеткізді. Әйгерім ертегі кейіпкері туралы өте керемет әсермен әңгімелеп берді.
№5 отбасында талдау, әңгімелеу, «Қазына» ертегісін әңгімелеп беру, оны талдау және ертегі бойынша сурет салу жұмыстары орындалып, сондай-ақ «Иә - Жоқ», «Байланыс» ойындары ойналды. Ертегі тұлғаны ашуға және әлеуметтенуге ықпал етеді. Думаннан «тест тапсыруды» сұрағанда, ол тапсырманы ықыласпен орындады. Ертегіні мағынасын дәл жеткізе отырып әңгімелеп берді. Ол барлығын ынта-жігермен және аса бір қызығушылықпен орындады. Думан суретті де ерекше құлшыныспен салды, сөздерді тастап кетіп, тез сөйледі, қателіктер жіберді. Ата-аналарды бізбен ойнауға мәжбүрлеу қиынға соқты.
Достарыңызбен бөлісу: |