Тұрақты тоқпен екі жолды автоблоктау
Ертеде тұрғызылған немесе құрастырылған автоблоктауда автаномды тарту желілерінде импульсты рельсті тізбектерінде тұрақты тоқты қолданады және жолдық сигналдар арасындағы жалғаулар линиялы тізбектермен немесе жоғары воьтты сигнал желісінің сигнал сымдарымен жалғайды.Сондықтан да мұндай жүйені импульсты сымды автоблоктау деп атайды.
Блок-учаскелердегі импульсты РТ тұрақты тоқпен жабдықталған.Импульстердің датчигі болып 4М1,және 8МТ түріндегі Мт-1трансмитты маятниктер жатады.Әр-бір РТ релелік шеттерінде импульсты 6И,8И, және10И жолдық релелері және негізгі 6П,8П және10П жолдық релелері конденсатор дейшифраторы арқылы қосылатын етіліп жалғанады.Бағдаршам оттарын 4Л,6Л, және 8Л желілік релелерімен басқарады,олар сигналды түзеткіш арқылыжанып тұрған бағдаршамның алдындағы реле шкафтары орналасқан кернеулігі 12 В қоректенеді.Егер алдындағы блок-учаске бос болмаса онда артқы контакті бағдаршамның қызыл оттын жағады.
Бағдаршам шамының жануын қадағалау үшін бағдаршам шамдары жанғаннан қосылатын 40,60 және 80 оттық релелерін қолданады.Түзеткіші бар оттық релелері тұрақты және айнымалы тоқпен де жұмыс жасай алады.Қалыпты жағыдайда ол тоқ әсерінде болады.Бағдаршам шамдары күйіп кеткен жағдайда қоректену көзінің тізбегі бүлінеді және ол якорды босатып желі тізбектеріндегі контактілер ажыратылады.
Егер бағдаршам шамдарындағы кернеулікті азайту қажет болса ДСН қосарлы кернеу азайтқыш релесін қолданады,ол сигнал желісіарқылы қоректенеді.
Бірінші поезд 4П блок-учаскесінде орналасқандақтан 4П блок-учаскесінің
Екі жолды желідегі тұрақты тоқты үш мағыналы автоблоктау сызбасы
РТ поезд арқылы іске қосылады,РЦ-дегі 4И импульстік релесінің жұмысы тоқтатылып негізгі 4П жолдық релесі якорды жібереді және 4Л желілік релесінің тізбектері ажыратылады.нейтрал якорды 4Л релесі жібергеннен кейін артқа контактілер тұйықталып оттық реле обмоткасы арқылы бағдаршамның 4 қызыл оты жанады.
Желі ауыстырғыш ретінде комбирленген СКР-270 ұстағыш жүйесі бар релені қолданады.Осының арқасында тоқтың полярносты өзгерісінде нитрал якорды ұстап қалады және сары сигнал оты жасылға ауысқанда қызыл оттың жанбауын қамтамасыз етеді.
Екі жолды автоблоктаудағы тұрақты тоқтың жолдық релесі және оның қайталағыштары әр дайым блок-учаскенің шығатын соңында орналасады,яғни РТ қоректендіру үшін тұрақты тоқ импульстары поезд қозғалыс бағытына қарай жіберіледі.Бұл жолдық контактілі релені поездың блок-учаскеге кірген кезде автомптты локомотивтік сигнализацияны үздіксіз қосуға және РТ импульстермен қоректенуге және АЛСН локомотивтік қондырғысының жұмысына кедергісін жоюға мүмкіндік береді.
Желілер қатарында тұрақты тоқпен бағдаршам шамын қайтадан жағатын автоблоктау жүйесі бар.Осы мақсатта оттық реле екі обмоткадан тұрады жоғары омды кедергілі 450 Ом және төмен омды кедергілі 10 Ом.Егер блок-учаске бос болса онда бағдаршамда жоғары омды оттық реле обмоткасы қосылады.Шам бұл кезде жанбайды,өйткені одан үлкен көлемде тоқ өткендіктен,бұл тоқ тек-қана шамның сымдарының салқын күйіндегіжарамдылығын тексеруге арналған.Поезд блок-учаскеге кірген кезде жолдық реленің артқы контактісі бағдаршамдағы жоғары омды 450 Ом обмотка мен бағдаршам шамын төмен омды 1 Ом обмотканы қосады.тізбектегі тоқ кенеттен өседі және шам жанады.
Бір прожекторлы жүйе бағдаршамның үш сигнал көрсеткішінің жануын қамтамасыз ете алады.Бұл бағдаршам электр энергиясын аз жұмсайды.Бірақоларды линзалы бағдаршамдармен салыстырғанда қымбат әрі күрделі құрлымды және экспутацияда сенімділігі төмен.Сондықтанда автоблоктауды құрастырғанда және салғанда дұрыс жанатын линзалы бағдаршамды АНШ және НМШ аз габаритті штепсельді релелерін қолданады.Автоблоктауды ЧДК диспечерлік бақылау жүйесімен толықтырады.
Әрбір бағдаршамның қондырғыларын санын қысқарту үшін сигнал нүктелері екі жекеленген шкафтардан тұрады.Үш түрлі сигнал қондырғылары станция бойынша орналасу тәртібіне қарай қолданады,және екі түрлі бөлгіш сигналдары қолданады.0 Перегондағы жекеленген сигнал қондырғысы;Ом-кірер алды сигнал қондырғысы,онда қосымша -жыпылықтайтын сары сигнал оты бар;Ом3-кірер алды сигнал қондырғысы,онда қосымша екі сигналкөрсеткіші бар-сары жыпылықтаушы және жасыл жыпылықтаушы оттар;РО жекеленген бөлуші қондырғы;РС-қосымшаланған бөлуші қондырғы.Ең соңғысын тек-қана блок-учаскеніңжекеленген бөлінумен РТ ,блок-учаскесі перездерден алмақ болғанда қолданады.
Бағдаршамның жанып тұрған шамын АОШ2-180/0,45 түрлі релесі тексереді.Қызыл оттың жарамдылығын салқын жағдайда бағдаршамның рұқсат етуші оты кезінде де тексееді.Бұл үшін қосымша КО түріндегі НМШ2-900 релесі қолданады.
Бағдаршам шамындағы кернеудің төмендеуі 14Ом резистор кернеулігін жалғаса қосылуын және ДСН релесінің қатып қалуын туғызады.Қалыпты жағыдайда шамдардағы кернеуді екі қатарласып қосылатын әр біреуінің кернеулігі 1,2 Ом резистормен іске асырады.Поезд блок-учаскеге енгенде РТ-ға автоматты локомотивті сигнализациядан сигналдар беріледі.Бұл үшін КПТ түріндегі КПТШ-5 трансмиттері және Т түріндегі ТШ-65В трансмитты релесі орнатылған.
Сигнал қондырғыларының негізгі құрылғыларын станцияда орналасқан диспечерлік басқару жүйесімен басқарадыұ.Реле тізбегіне қосылған Гк-5 генераторы станцияға реле шкафындағы қондырғылардың жай-күйін хабарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |