Дипломдық жоба тақырыбының өзектілігі



бет5/9
Дата06.12.2019
өлшемі402,3 Kb.
#53123
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қазіргі жасөспірімдердің денсаулығы және денсаулық сақтау бағытындағы технологиялар

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы тарап бара жатқан, толғандырып отырған мәселелерінің бірі–тіс шірігі (кариес). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) көрсеткіштері бойынша, бүкіл әлемдегі мектеп жасындағы балаларда 60–90%ті және ересектерінде 100% тіс шірігі бар.


Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің арасында тіс шірігінің 2018 жылғы таралу көрсеткіші мынадай болды: Атырауда–99,66%, Шығыс Қазақстанда–92,3%, Оңтүстік Қазақстанда–98%, Батыс Қазақстанда–59%, Ақтобеде–90,1%, Қарағандыда–97,6%, Жамбылда–98,7%, Павлодарда–98,6%, Қостанайда–98%, Қызылордада–93%, Ақмолада–99,8%, Солтүстік Қазақстанда–96%, Манғыстауда–99%, Алматы қаласында–89%, Нұр-Сұлтан қаласында–90%, Алматы облысында–71% (диаграмма 4) [8].


Диаграмма 4. Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің арасында тісжегінің таралу көрсеткіші
С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналқ Университеті, балалар стоматологиясы кафедрасының меңгерушісі Гүлжан Ермұханованың ұсынысын қабылдап, 2017 жылы Маңғыстау облысының қаражатына осы аймақтың балаларының стоматологиялық денсаулығының мәселелеріне арналған ҒТЖ (Ғылыми Техникалық Жоба) құрылды. Бұл жоба барысында Ақтау, Жаңаөзен, Мұнайлы өңірлерінің балалар мен жасөспірімдері тексеруден өтті. Үш өңірден тексеруге 595 адам алынды, 6 жастағылардың 149, 10 жастағылардың 141, 12 жастағылардың 116, 15 жастағылардың 192. Нәтижесінде 2017 жылы тіс жегісімен ауыратындар – 96,5% құрады (кесте 11) [37]. Жоғарыда көріп отырғандай 2018 жылғы көрсеткіш бойынша 99% көтеріліп отыр.
Кесте 11. Жас топтарына байланысты тісжегінің таралу көрсеткіші


Халық орналасқан орын

Негізгі жасы

Саны

Таралуы

Қарқындылығы

Актау

6 жас

12 жас


15жас

53

60

21



92,7%

84%


84,6%

3,9

2,3


3,4

Жаңаөзен

6 жас

12 жас


15жас

41

41

59



92,6%

87,8%


94,9%

6

3,1


4,1

Мұнайлы

6 жас

12 жас


15жас

55

50

52



89%

86%


92,3%

5,4

2,6


3,6







595

89,3%

3,8

Оқушылардың салауатты өмір салтын құру валеология сабақтарында қарастырылған, ол Қазақстанның барлық мектептерінде факультативті сабақ ретінде де қарастырылған. Әрбір сыныптарда ҚР білім және ғылым Министрлігі және салауатты өмір салтын құру мәселесінің Ұлттық орталықтарының мамандарымен бірігіп жасалған өз оқулықтары бар.

Соңғы жылдары жалпы білім бағдарламаларына «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» сабағы енгізілді, онда оқушылардың төтенше жағдайда өздерін қалай ұстау керектігі туралы сұрақтар және олармен қауіпсіздік кезіндегі ептіліктер қарастырылған. Жалпы білім беру мектептерінде оқушылардың мінез-құлықтарын өзгертуге арналған басқа да сабақтар енгізілді: жол қозғалысының қауіпсіздігі, құқықтық білім беру, гигиеналық сабақ, нашақорлықты, ЖИТС алдын алу, өзін- өзі тану.

Қазіргі таңда мектеп білімдерін белсенді түрде қайта реформалау, оқушыларға өмірлік дағдыландырудың барлық жүйесіне ауыстырулар жүргізілуде. Әумесерлік мінез–құлықты балалар, жасөспірімдер мен жастардың мәселелерін шешуге бағытталған тиімділікті арттыру үшін келесі қадамдар жасалу қажет:

-оқушылардың салауатты өмір салтын құру жөніндегі бар бағдарламалардың тиімділігін сараптау;

-салауатты өмір салтын машықтандыруға, қауіпсіздік тәртіптерді дағдыландыруға қатысты бар бағдарламаларды біріктіру;

-әумесерлік мінез–құлықты балалар үшін мінездерін түзеу мақсатында және осы топтың білім мен демалысқа қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы білімді және басқа да бағдарламаларды жасау;

-заңды–құқықтық базаны дамыту;

-ата–аналармен мақсатты жұмыс, олар үйрету бағдарламаларын жасау;

-«балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулықтарының құрылымы процессіндегі мектеп психологиясы» бағдарламасын зерделеу және тәжірибеде зерделеу[35].



1.5 Балалар денсаулығының әлеуметтік – гигиеналық аспектісі

Әлеуметтік орта–бұл Н.Ф.Реймерстің айтуы бойынша, ең әуелі адамдардың өздері әдейі немесе абайсыз жасайтын және бір–біріне қарым–қатынас ықпал тудыруын тікелей жүзеге асыратын мәдени–психологиялық ахуал, және де материалдық, энергетикалық, ақпараттық көмектермен әсер етуі[27]. Әлеуметтік принциптерге мыналарды жатқызуға болады: өмір салты эстетикалы болуы керек; өмір салты адамгершілікті болуы керек; өмір салты ерікті болуы керек; өмір салты өзін-өзі шектеуші болуы керек. 

Балалар, жасөспірімдер мен жастардың әумесерлік мінез-құлықтарының сараптау себептері келесі факторларды анықтады: жағымсыз жанұялық орта; ата-аналар жағынан қамқорлық пен өзара түсіністіктің жоқтығы; тәрбиедегі ақаулар; стрессте болу, қоғамдық тапсырмаларды орындаудағы қабілетсіздік; өмірлік машықтықтың жоқтығы, қоршаған ортамен, соның ішінде құрбылармен әңгімелесудің жоқтығы; қысымға қарсы тұра алмау және өз шешімін қабылдай алмау, сонымен қатар сынау қасиетін дамыту; психобелсенді заттарға қол жеткізуі; агрессиялық жарнаманың болуы; мектептердегі психология қызметтерінің нашар жұмысы;балалар мен жасөспірімдердің демалыс мәселелері [35].

Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру (Ә.Г. және Д.Ұ.)– қоғамдық денсаулық, медицинаның әлеуметтік мәселесі туралы ғылым. Ол халық денсаулығының өсуі мен жағдайын және оған әлеуметтік жағдайдың әсер етуін, адамдардың өмір салттарын, сыртқы орта факторлары мен медициналық көмектің тиімділігін зерттейді.

Оның негізгі міндеттері болып әлеуметтік факторлар мен қоршаған ортаның денсаулыққа зияндығын алдын–алу және жою жолдары мен әдістерінің ғылыми өңдеу және дәлелдеу болып табылады, сонымен қатар алдын–алу жұмыстары мен медициналық көмекті ұйымдастыру формалары мен әдістерін дамыту, олардың сапалары мен тиімділігін арттыру. Бұл күштердің мақсаты–барлық қоғам мүшелері денсаулықтарының жоғары деңгейін қамтамасыз ету, белсенді ұзақ жасау мерзімін көбейту [19].

Өзінің мақсаттары мен тапсырмаларына қарай валеологияның ерекше әлеуметтік мағынасы бар, өйткені мемлекеттің маңызды функцияларының бірі өз азаматтарына қамқор болу. Егер Л.Фейербах «адам оған табиғатты адам базисі ретінде қосса–онда ол философияның жалғыз, әмбебап және жоғарғы ілімі» деп санаса, жоғарғы «ілім» мемлекет адамның әл-ауқаты.

Жалпы адами құндылықтармен қатар мемлекеттің әлеуметтік–экономикалық саясатын анықтайтын әрине денсаулық басымдығы. Дәл осындай, мысалы, Ежелгі Грецияда денеге табыну мемлекеттік заңдар дәрежесінде теңестірілді, ал Ежелгі Спартада дене шынықтыру жаттығуларын жасау барлық азаматтарға міндеттелді (және мемлекетпен қатаң бақыланып отырды)–олардың денсаулықтарының жоғары деңгейі көптеген он және жүз жылдық ұрпақтарға үлгі болады.

Валеология пионері И.И.Брехманның анықтамасы бойынша, денсаулық адамның ерекшелігіне сәйкес өзгермелі ортада тұрақтылығы, сонымен бірге сенсорлық, вербалды және құрылымды ақпараттарды қабылдау қабілеттілігі. Міне сондықтан денсаулықты қамтамасыз ету, сақтау, құру және қатаңдату мемлекеттің әрбір әрекет қырларын қызыл жіптей түйреу керек. Әрине бұл байыппен жоспарлауды, байланыстыруды, реттемелеуші және басқа да жұмыстар түрлерін талап етеді, сонымен қатар бұл жұмыстар болашаққа бейімделумен тұрғызылу керек.

Денсаулық феноменнің әмбебап, бар, материалды және рухани қырына жатқызылады. Н.А.Добролюбов айтқандай, аурулар мен патологиялық бұзушылықтар адамдарға «өздерінің мақсаттарын орындауға» және «жоғары рухани әрекеттерді» жасауға мүмкіндік бермейді [38].

Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру халық денсаулығын нығайту және денсаулықты сақтап қалуға байланысты сұрақтарды шешеді.

Диспансерлеу (емдеу орнына жатқызу)–бұл халықтың денсаулық жағдайын белсенді динамикалық (серпінді) бақылау.

Диспансерлеудің негізгі міндеті–дұрыс дене дамуын, денсаулықты сақтау және нығайтуды, қауіпті ауруларға ұшыраған адамдарды анықтауды қамтамасыз ету [19].

Әлеуметтік әсерлер–еңбек, үй тұрмысы және саяси әлеуметтік–экономикалық жағдайлар. Бұлар физикалық, химиялық, биологиялық және психогендік әсерлермен байланыста отырып, олардың адам организміне әсерін күшейтеді. Ғылыми зерттеулер арқылы кейбір аурулардың халыққа көп тарауы қоғамдық әсердің ықпалынан екені танылып отыр. Мысалы, құрт ауруының, нервтік психикалық аурулардың ауқатты адамдарға қарағанда жағдайы төмен кісілердің арасында көп кездесетіні мәлім. Дегенмен организмге тек сыртқы орта ғана әсер етіп қоймайды, адамның өзіне де байланысты. Денсаулықты сақтау, оны күшейту және үй тұрмысын, тамақтану, еңбек жағдайларын жақсарту үшін адам өзіне пайдалы жағымды өзгерістерді тудырады. Басқа организмдерге қарағанда адам саналы түрде физиологиялық, әлеуметтік қажеттерді өзгерту арқылы сыртқы ортаның өзгерістеріне белсенді бейімделеді[39].



1.6 Балалар мен жасөспірімдердің медицинамен және санитарлық–эпидемиологиялық қамтамасыз етілуі

Қазақстан Республикасының балалар мен жасөспірімдерді қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық және құқықтық денсаулық қорғау базасын қамтамасыз ету мыналардан құралады:

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2.Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» заңы;

3.Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңы;

4.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы;

5.Қазақстан Республикасының «Темекі шегудің алдын алу және шектеу туралы» заңы;

6.Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңы;

7.Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы;

8.Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» заңы;

9.Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі;

10.«Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидалар;

11.«Жобалау, техникалық қызмет көрсету және оқыту, жалпы, тұрғын үй ұйымдардың жағдайында және басқалар үшін санитарлық–эпидемиологиялық талаптар туралы» санитарлық ережелер мен нормалар.

«Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 Қаулысында балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге, пайдалануға беруге, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматына, күтіп-ұстауға және пайдалануға, тәрбиелеу, тұру жағдайларына, тамақтануды ұйымдастыруға, персоналды гигиеналық тәрбиелеуге (жеке гигиенаға), тәрбиелеу мен оқыту жағдайларына (мектеп оқулықтарына), өндірістік практикаға, медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді [40].

Қазақстан Республикасының «Темекі шегудің алдын алу және шектеу туралы» заңында өндiрушi темекiнiң және темекi бұйымдарының барлық маркаларында никотиннiң және шайырлы заттардың рұқсат етiлетiн шектi құрамы бойынша зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi туралы, өткен он екi айда Қазақстан Республикасы аумағында өзi шығарған немесе шығаруды ниет еткен, сатқан немесе өзге де түрде таратқан темекi бұйымдарының ингредиенттерi туралы есептi жыл сайын 1 ақпанға дейiн уәкiлеттi орган  белгiлеген тәртiппен табыс етiп отыруға мiндеттi [41].

Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары олардың тарапынан жаңа құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, сондай-ақ оларды жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою мақсатында кәмелетке толмағандардың құқықтық санасына және мінез–құлқына мақсатты түрде жүйелі әсер ету үшін қолданылады. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларын есепке алу орталық атқарушы органдар белгілеген тәртіппен олардың құзыреті шегінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінде денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын кәсіптік құзыреттілікке аттестаттауды жүргізу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы аттестаттауды жүргізудің тәртібін айқындау және эпидемиялық маңызы бар объектілер құрылысының көрсетілген жобалары бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу арқылы жаңа ғимараттар мен құрылыстарды салуға немесе бұрыннан барын реконструкциялауға (кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту) және күрделі жөндеуге арналған жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалау-сметалық құжаттаманың) ведомстводан тыс кешенді сараптамасына қатысуды, салалық сараптама қорытындысын ресімдеу мен беруді қамтамасыз ету қаралған [42].

Қазіргі кезде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің алдындағы кезектегі міндеттерінің бірі–жасөспірім мен жастардың денсаулығын сақтау мақсатында жас ұрпақ денсаулығының қазіргі кездегі жағдайын көрсететін және жас ұрпақтың мұқтаждарына сай болатын, өз денсаулығын сақтауды реттей алу бойынша шешім қабылдауға белсене қатысуды көздейтін медициналық көмекті ұйымдастыру.

Осындай мақсатта, яғни елiмiздiң орнықты әлеуметтiк-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту үшін «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы негізделіп 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы құрылды. Бұл бағдарламаның міндеті азаматтардың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелерi бойынша сектораралық және ведомство аралық өзара iс-қимылды күшейту; Бiрыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесiн дамыту және жетiлдiру; медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi жетiлдiру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметтi дамыту.

Осы бағдарлама нәтижесінің бірі «Жастар денсаулығы орталығының» құрылуы. Жастар денсаулығы орталығына келушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, денсаулықты сақтау проблемалары бойынша кешенді медициналық, психологиялық, әлеуметтік жағынан көмек көрсетеді. Соның ішінде, жанұя жоспарлау, ВИЧ инфекциясының алдын алу, ішімдік пен нашақорлық және басқа да жағдайлардың алдын алумен қатар құқықтық кеңес береді.

ЖДО–ның іске асыратын қағидалары:

1)ыңғайлылық–жас адам қызмет алуға нақты мүмкіндігі бар: қаралу жосығының оңайлығы, тегін медициналық көмек кепілдігінің орындалуы, көрсетілген көмек құзырлылығы, кез келген қажет ақпаратты білу мүмкіндігі, қаралған күннен бастап көмек алуы;

2)тілектестік–қызметкерлер тарапынан жасөспірім ерекшелігін түсініп, қабылдауға негізделінген, сыйлау, құпиялық сақтау және олардың өзіндік пікірін білдіруін қолдауда барынша тілектестік қарым-қатынаста болу; қызметкерлер жастардың тұрмыс қалпын түсініп, қабылдауға тырысуы;

3)сенім–қызметкерлердің тілектестік қарым-қатынасынан, жасөспірім мен жастарды тұлға ретінде сыйлау және құпиялық сақтау қағидаларынан құралуы;

4)еріктілік–жас адамның ауруға ғана байланысты емес, аурудын алдын алу мақсатында өздігінен, жеке дәрігерге қаралу уәждемесі, сондай-ақ, қызмет талғауда әрі ЖҚК қызметкерінің ұсынысын қолдануда еркіндік білдіруі[43].

Объектілерді жобалауға, салуға, қайта жаңартуға,жөндеуге, пайдалануға беруге қойылатын санитариялық–эпидемиологиялық талаптар бар. Жалпы білім беру ұйымдарының оқу сыныптарындағы үй-жайлардың ауданы 1 оқушыға 2,5 м2 , шеберханаларда–3,75 м2 болады.ТКБ мен ЖОО–ның дәрісханаларының ауданы:12–15 орын үшін 1 оқушыға 2,5 м2 ; 25 орын үшін 1 оқушыға 2,2 м2 ; 30 орын үшін 1 оқушыға 1,8 м2 .



Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерін жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар: әрбір тәрбиеленуші мен оқушы бойына және денсаулық жағдайына сәйкес партада немесе үстелде жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Оқу жылының басында сынып журналында орналастыру схемасы мен денсаулық парағы толтырылады. Парталар олардың нөмірлеріне қарамастан, есту және көру қабілеті нашар балалар отыратын парталарды бірінші қатарға орналастырады. Көру қабілеті төмен оқушылар отыратын парталарды терезе жақтағы бірінші қатарға орналастырады. Жіті респираторлық аурулармен, баспамен, суық тию ауруларымен жиі ауыратын балаларды сыртқы қабырғадан алыс отырғызады; 4 орынды үстелдерді кемінде 2 қатарға, 2 орынды үстелдерді кемінде 3 қатарға орналастырады (кесте 12). Үстелдердің қатары арасында қашықтық кемінде 0,5 м болып көзделеді; 1-ші қатардағы үстелдердің жарық түсіретін қабырғадан қашықтығы 1 м, бірінші үстелдерден тақтаға дейінгі қашықтық 2,4–2,7 м болады; қабырғалық тақтаның төменгі шетінің ілмесінің биіктігі 0,7–0,8 м болады.
Кесте 12. Жалпы бiлiм беретiн ұйымдардың, ТКБ-ның жиһазының өлшемдерi мен таңбалары




Жиhаздың нөмiрi

Оқушылар бойының тобы (мм)

Оқушыға қараған үстел жиегiнiң еденнен биiктiгi

Таңбаның түсi

Орындықтың алдыңғы жиегiнiң еденнен биiктiгi

1

1

1000–1150

460

Қызғылт сары

260

2

2

1150–1300

520

Күлгiн

300

3

3

1300–1450

580

Сары

340

4

4

1450–1600

640

Қызыл

380

5

5

1600–1750

700

Жасыл

420

6

6

1750 артық

760

Көгiлдiр

460

Осы санитариялық қағидалар (бұдан әрі–санитариялық қағидалар) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге, пайдалануға беруге, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматына, күтіп-ұстауға және пайдалануға, тәрбиелеу, тұру жағдайларына, тамақтануды ұйымдастыруға, персоналды гигиеналық тәрбиелеуге (жеке гигиенаға), тәрбиелеу мен оқыту жағдайларына (мектеп оқулықтарына), өндірістік практикаға, медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді [44].




2. БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІМ АЛУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ГИГИЕНАСЫ
2.1 Гигиеналық білімнің оқу үрдісіндегі маңызы

Гигиенa грек сөзі–gugieinos–емдеу, денсaулық әкеледі деген мaғынa береді, прoфилaктикa деген ұғым. Aдaм aғзaсынa aдaм қoршaғaн сыртқы oртa фaктoрлaры мен әлеуметтік жaғдaйлaрының тигізетін әсерін зерттейтін медицинaлық ғылым. Медицинa ғылымдaрының өте көрнекті сaлaлaрының бірі. Медицинaлық oқу oрындaрындa сaнитaрлық–гигиенaлық фaкультеттері мен кaфедрaлaр бaр. Aрнaулы түрде мaмaн–дәрігерлер – гигиенистер дaйындaлaды [10].

Гигиенa–aурудың aлдын aлуғa және денсaулық сaқтaуды қaмтaмaсыз ететін жaғдaйлaрды жaсaуғa бaғыттaлғaн шaрaлaрды белгілейді. Қoршaғaн oртaның зерттелген фaктoрлaрын негізге aлa oтырып гигиенистер aдaм өмірі мен еңбегіне ыңғaйлы жaғдaй жaсaуғa тұрғындaрды сaуықтыруғa, aуру мен өлім деңгейін төмендетуге, өмірді ұзaртуғa, жұмысқa деген қaбілетті және т.б. жaғдaйлaрды жaқсaртуғa бaғыттaлғaн қoлдaнбaлы шaрaлaрды ұсынaды. Сөйтіп, гигиенaның бaсты мaқсaты–қoршaғaн oртaны сaуықтыру aрқылы aлғaшқы прoфилaктикaны өткізу, яғни aдaмғa деген қoлaйсыз әсерлердің aлдын aлу. Жaлпы гигиенa, еңбек гигиенaсы, кoммунaлдық, бaлaлaр мен жaсөспірімдер гигиенaсы, тaғaм гигиенaсы т.б. гигиенaның бөлімдерінің мaқсaты бoлып тaбылaды [39].

Гигиена ғылымының нағыз қалыптасуы мен дәуірленуі ХІХ ғасырдың ортасында бастауыш және орта мектептерде, ХХ–ғасырда мектепке дейінгі балалар мекемелерінде жүргізілген бақылаулар мен эксперименттік зерттеулердің материалдарын жинап жүйелеумен байланысты. Осы кезден бастап балалар гигиенасы жеке тәуелсіз ғылымдар саласының бірі ретінде медициналық гигиенадан бөлінді [45].

Жaсқa бaйлaнысты физиoлoгия мен гигиенa–жaс ұрпaқтaрды тәрбиелеудің oлaрғa жaсынa лaйық білім берудің, aқыл-oйын дaмытудың дені сaу, сымбaтты, сұлу етіп өсірудің негізі. Oл бaлaлaр мен жaстaрдың денесінің дұрыс өсіп дaмуын, aқыл–oйының жетілуін қaмтaмaсыз етіп, oғaн қaжетті жaғдaйлaрды ұсыну aрқылы түрлі aурулaрдың aлдын aлaды, еңбек қaбілетін күшейтеді, дене шынықтыру жoлдaрын, күн кестесі мен түрлі еңбек кестелерінің бaлa oргaнизміне тиімді түрлерін aнықтaйды. Бұл жoлдa oл жoғaрыдa aтaлғaн ғылымдaрдың зерттеу әдістерін мoл пaйдaлaнaды [39].

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы осы жас ерекшелік топтарындағы денсаулықты қарау мен қатаңдатуды зерделейді, мектептерге, кәсіби техникалық училищелерге және балалар мекемелеріне гигиеналық ұсыныстарды жасайды.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының міндеттері: организмнің жас ерекшеліктерін есепке алу, оның қоршаған ортамен өзара әрекеті, балалар ауруларының себептері, дене шынықтырумен айналысу талаптары, шынықтыру, тамақтану т.б. гигиеналық көзқарастан оқу-тәрбиелік және еңбек процесстерін ұйымдастыруды, балалар мекемелері құрылысының санитарлық нормаларын; қоршаған ортаның балалар мен жасөспірімдер организмдеріне кешенді әсер ету факторларын зерделеу, сонымен қатар шаршауды (қатты шаршауды), тіреу-қозғалыс аппараттары ауруларының (сколиоз, жалпақ табан т.б.), көз көруінің төмендеуі сияқты және т.б. ауруарды алдын алу шараларын зерделеу; оқу және өндірістік сабақтарының күн тәртібін өңдеу т.с.с.

Балалар дәрігерлері балалар мен жасөспірімдердің дамуын және физикалық жағдайын, дене шынықтыру сабақтарының дұрыс ұйымдастырылуы мен өткізілуін, оқу жүктемесін бақылауда ұстайды, сонымен қатар мектептер мен балалар мекемелеріндегі санитарлық режимдерді қадағалайды.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының маңызды тапсырмаларының бірі- қозғалыс белсенділіктері гигиенасының нормасын өңдеу, сонымен қатар тиімді жүктемелерді жеткізу, олардың табиғи факторлармен, тамақтанумен, күн тәртібімен және жеке гигиенамен пайдалы байланысын дәлелдеу [19].

Жеке тұлғаның салауатты өмір сүруінде ең маңыздысы–жеке гигиена. Жалпы қоғам гигиенасының бір бөлігі–жеке бас гигиенасы болып табылады[46].

Мектеп гигиенaсы жaлпы гигиенa (гигея–емдеуші, денсaулық әкелуші) ғылымымен тікелей бaйлaнысaды. Aдaм денсaулығы тaбиғи және әлеуметтік – экoнoмикaлық әсерлерге бaйлaнысты қaлыптaсaды, сoндықтaн гигиенa ғылымы oғaн қaжетті түрлі сaуықтaндыру жұмыстaрын ұйымдaстырып, oлaрды жүзеге aсырып бaқылaйды. Хaлық денсaулығы, әсіресе хaлықтың бoлaшaғы–бaлaлaр мен жaстaрдың денсaулығы әлеуметтік мaқсaт бoлғaндықтaн тaбиғaтты қoрғaу және тaбиғи қoрлaрды пaйдaлaнуды жөнге келтіру, денсaулық сaқтaуғa қaжетті мөлшерді жaсынa сaй aнықтaп oны іске қoсу мәселелерін гигиенa ғылымы шешеді.

Мектеп гигиенaсы нaғыз қaлыптaсуы мен дәуірлеуі ХІХ ғaсырдың oртaсындa бaстaуыш және oртa мектептерде жүргізілген бaқылaулaр мен эксперименттік зерттеулердің мaтериaлдaрын жинaп жүйеге келтірумен бaйлaнысты. Oсы кезден бaстaп мектеп гигиенaсы тәуелсіз ғылымдaр сaлaсының бірі ретінде медицинaлық гигиенaдaн бөлінді. ХІХ ғaсырдың oртa шaмaсындa aлғaш рет тaбиғaттaну ғылымдaрының жетістіктерін мoл пaйдaлaнып қoйғaн тәжірибелердің aрқaсындa гигиенaның бұл жaңa сaлaсы күшті дaми бaстaды.

Қaзaқстaндa гигиенa ғылымының негізін қaлaп, гигиенaлық–сaнитaриялық жұмысты жөнге келтіруге, қoршaғaн сыртқы oртaны зaлaлды зaттaрдың әсерінен сaқтaу мәселелерін шешуде ҚР ҰҒA–ның мүше–кoрреспoнденті, медицинa ғылымының дoктoры, прoфессoр Б.A.Aтшaбaрoв пен aкaдемик Т.Ш.Шaрмaнoв және oлaрдың шәкірттері көп еңбек етті.

Бaлaлaрды тәрбиелеу жaғдaйлaрынa бaйлaнысты oлaрдың денесінің дaмуы aнықтaлды жaқыннaн көру қaбілеті бaлaның сыныптaн сыныпқa көшкен сaйын үдеп, көбейе түсетіні көрсетіліп, oны бoлдырмaу шaрaлaры жaзылды. Бұл көздің өткірлігін төмендетпеу үшін сынып бөлмесіндегі жaрықтың, мектеп жиһaздaрының әсерін көрсетіп, пaртaның aлғaшқы құрылысын жoбaлaу, сaбaқ жүргізуге aрнaлғaн тaлaптaрды ұсынуғa мүмкіндік берді [39].

Мектептердің көпшілігінде бала саны көп, сыныптар жеткіліксіз желдетіледі, жеке бас тазалығы сақталмайды. Бұл тұмау, ішек жұқпалары, вирустық гепатит секілді жұқпалы аурулардың таралуына себепкер болады.

Сонымен, мектеп оқушыларының денсаулығын жақсарту және сақтау үшін ең бастысы оларды жақсы жарықпен, дене шынықтырумен және тазалыққа тәрбиелеумен, жасына қарай дұрыс таңдалған жиһазбен қамтамасыз ету, сыныптарға артық бала алмау, оларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету керек [47].

Оқушыларға гигиеналық тәрбие беру төмендегі талаптардан тұрады: дене шынықтыру мен шынығудың салауатандырудағы маңызы; мектеп оқушыларының ақыл-ой еңбегінің гигиенасы; тағам тану гигиенасы; қоғамдық, жеке бас гигиенасы; жарақаттанудың алдын алу;политехникалық оқытудың гигиенасы; жыныс тәрбиесі [11].

Өсімдіктерді зерделеу процессінде оқушылар өсімдіктің ауаны тазартудағы мағынасы туралы білім алады: оттегімен байыту және көмірқыщқыл газынан тазартады, ауаны шаңнан тазартып, ылғалдандырады, ыстық ауа райы кезінде температураны төмендетеді т.б. Бұл білімдер оқушыларға гигиеналық мақсатта жасыл өсімдіктерді қорғаудың қажеттілігін сезінеді. Адамдарға ауру тудыратын бактериялар, таз ауруларды зерделеу оқушыларға бөлмелерді таза ұстап, оны желдетуге, қолдарын, жеміс-жидектерді жуудың қажеттілігін үйретеді.

Жан жануарларды зерделеу барысында ауру тудырып, асқындыратын құрттардың паразиттігін, бөлме шыбындарының, кенелердің қауіпті аурулар тасымалдайтынын және олармен күресті оқушыларға таныстыру қажет.

Оқушыларды вирустардың қандай аурулар туғызатынын таныстыру кезінде мұғалім олармен күресу үшін олардың құрылымын айтуы тиіс. Онтогенез бен генетиканы зерделеу кезінде оқушылардың ішімдік пен никотиннің адам ағзасына зияны туралы білімдерін өрбітеді, ол тек ішімдік ішетін және никотин пайдаланатын адамның ғана емес сонымен қатар оның ұрпағына зиян екендігін білулері қажет.

Оқушыларға гигиеналық тәрбиелеу кезінде адамның генетикасы мен оның тәсілдерін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын аурулар және оны алдын-алу туралы жеткізу. Микроорганизмдердің жоғары өнімді штаммдарын, антибиотиктерді адам аурумен күресте селекция және генетика рөлінде көрсету үшін қолданылады.

Оқушылардың гигиеналық тәрбиелеу тапсырмаларын шешу үшін мектептің барлық педагогикалық ұжымын, жанұяны, қоғамды тарту қажет. Ұстаздар тарапынан оқушылардың гигиена ережесін сақтауын жүйелі түрде қадағаласа, тәрбие жұмысының тиімділігі артады. Отбасының, мектептің, қоғамның біріккен әрекеттері темекіге, ішімдік ішуге әуестікті жеңе алады. Жағымсыз бейімділікті алдын алу үшін оқушыларға оның зиянын, адам ағзасына теріс әсер ететінін түсіндіру қажет [48].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет