Балалар мен жасөспірімдер арасындағы тарап бара жатқан, толғандырып отырған мәселелерінің бірі – тіс шірігі (кариес). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) көрсеткіштері бойынша, бүкіл әлемдегі мектеп жасындағы балаларда 60–90% және ересектерінде 100% тіс шірігі бар.
Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің арасында тіс шірігінің 2018 жылғы таралу көрсеткіші мынадай болды: Атырауда–99,66%, Шығыс Қазақстанда–92,3%, Оңтүстік Қазақстанда–98%, Батыс Қазақстанда–59%, Ақтобеде–90,1%, Қарағандыда–97,6%, Жамбылда–98,7%, Павлодарда–98,6%, Қостанайда–98%, Қызылордада–93%, Ақмолада–99,8%, Солтүстік Қазақстанда – 96%, Манғыстауда – 99%, Алматы қаласында – 89%, Нұр-Сұлтан қаласында–90%, Алматы облысында–71% [8].
Елбасы «Қазақстан–2050» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі ретінде «Ұлт денсаулығы–табысты болашағымыздың негізі» деп анықтады, ал аурулардың алдын алу мен салауатты өмір салтын қалыптастыру оның басты құрамдас бөлігі болып табылады. Президентіміз атап көрсеткендей, біз балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін енгізу мәселесін толықтай ойластыруымыз қажет. Біздің ойымызша, 16 жасқа дейінгі барлық баланы медициналық қызмет көрсетудің толық жиынтығымен қамту қажет.
Мектеп ұзақ уақыт бойы еліміздегі барлық балалар мен жасөспірімдерге білім беру мен тәрбиелеудің қоғамдық жүйесі болып келеді. Мектепте оқыту жеке тұлғаны қалыптастыру мен оған білім берудің ғана кезеңі саналмай, оқушының денсаулығын қалыптастыруға да бағытталуы тиіс. Мектепте оқу мерзімі балалар мен жасөспірімдердің ортаның қолайлы және қолайсыз ықпалдарына анағұрлым сезімтал болатын шағы саналатын, өсу мен дамудың қарқынды кезеңдерімен тұспалдас келеді. Осылайша мектептік кезең балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы қалыптасатын ең маңызды кезеңі болып табылады. Осы кезеңде аурулардың дамуы мен тұқымқуалаушылықтың детерминделген бейімділігінің сай келу қаупі, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен дамуының бұзылу жағдайы пайда болудың дәрігерлік–әлеуметтік қаупі де анық көрініс табады. Оқыту кезеңінде денсаулық жағдайының оқу жүктемесіне сезімталдығы өте жоғары. Мектеп кезеңіндегі тәуекел әсерлері үздіксіз, жүйелі және ұзақ мерзімді; тіпті олардың ең мардымсыз әсерінің өзі жинақталу қабілетіне ие. Оқу үдерісін қате ұйымдастыру салдарынан денсаулыққа зардабы қоса жүретін мектептік дезадаптация қалыптасады [9].
«Мектептік ауруларды» сараптаудың нәтижесі бойынша мынадай шешімге келуге болады: оқушылар денсаулығының нашарлауына ең көп үлес қосатын–созылмалы психоэмоционалды оқу күйзелістері. Олардың басты себептері: оқу мотивациясының төмендігі, оқудағы үлгермеушіліктер, шектен тыс ақпараттық жүктемелер, қателесуден қорқуы, өте үлкен жауапкершілікті сезінуі, еркін қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктің шектелуі және т.б. Бүгінгі күні білім беру мекемесінің денсаулықты сақтауға бағытталған жұмысының басты бағыты: оқыту–тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруда денсаулықты сақтауға бағытталған жағдайлардың толық кешенін (күн тәртібін, тамақтандыруды, мектеп кестесін, оқушының қозғалыс белсендігін және т.б. оңтайландыру бойынша гигиеналық іс-шаралар) табу және жүзеге асыру; балалардың өзін салауатты өмір салтына, денсаулықты сақтау мәдениетіне үйрету арқылы денсаулықты сақтау мәселелерін шешу; оқушылардың жеке-типологиялық когнитивтік ерекшеліктеріне сай келетін сабақ берудің тәсілдерін іздестіру мен апробациялау.
Маңғыстау облысындағы оқушылардың денсаулық жағдайларын зерттеуге бағытталған ғылыми зерттеулер жоқтың қасы, бұл тақырып бізге қол жетімді әдебиеттерде сирек кездеседі. Зерттеушілердің негізгі назары бастауыш сынып оқушыларының ауруға шалдығу деңгейіне, физикалық дамуына және денсаулықты қорғай отырып оқытатын оқыту технологияларында болады. Алайда денсаулық жағдайының жасөспірімдік кезеңде қалыптасқан ауытқулары жас адамның маңызды биологиялық және әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыруына кедергі болады. Сондықтан алдағы уақытта еңбектің, ақыл-ойдың, ел қорғанысының әлеуетін және болашақ ұрпақтың өсіп-өнуі мен денсаулығын анықтайтын өскелең ұрпақтың денсаулығына мемлекет пен қоғамның алаңдаушылығы түсінікті емес пе?! Осы айтылғандардың бәрі жеткіншектердің денсаулығын зерттеу және мектептегі оқыту үдерісінде денсаулықты сақтаудың заманауи технологияларын қолдану мүмкіндіктері ең маңызды саналатынына дәлел болып отыр. Осылайша бүгінгі күні «жасөспірімдердің өмір салты мен денсаулық жағдайына мониторинг жасау және денсаулықты сақтау технологиялары» сияқты бағыттарды зерттеу қажеттігі туындап отыр.
Зерттеудің мақсаты: Ақтау қаласының № 28 орта мектебі оқушыларының денсаулық жағдайына сараптама жасау және денсаулық сақтау технологияларын енгізу мен қолдану тәжірибесін талдау.
Зерттеу міндеттері:
1.Оқу әрекеті үдерісінің барысында балалардың денсаулығын қалыптастыру мәселелері бойынша әдебиеттерді зерттеу мен сараптау және мектепте оқытуда денсаулықты сақтау технологияларын қолдану;
2.Жасөспірім жастағы оқушылардың қазіргі уақыттағы денсаулығын сипаттау;
3.Денсаулықты сақтау технологияларын оқыту үдерісінде қолдану жүйесін әзірлеу және апробациялау, тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі бойынша денсаулықты сақтау технологияларын мектепте қолданудың ұсынбаларын әзірлеу;
4.6–9 сынып оқушыларының денсаулық жағдайына тексеру жүргізу;
5.Жалпы білім беру мекемесі қызметінің теориясы мен практикасында оқушылардың денсаулығын сақтаудың негізгі жолдарын анықтау.
Дипломдық зерттеу жұмысының нысандары: жасөспірімдердің денсаулығы және оны қалыптастыруға қажет факторлар.
Зерттеу әдістері:
Зерттеудің нысаны мен міндеттері зерттеу әдістерінің бірлігін таңдауға негіз болды
-теориялық: білім берудегі денсаулықты сақтау технологияларының мәселелері бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиеттерге сараптама, мектептің білім беру үдерісіндегі денсаулықты сақтау ұстанымдарын жүзеге асырудағы заманауи ерекшеліктер мен үрдістерді анықтау мақсатында түрлі арнаулы, жалпы әдебиет пен электрондық ақпарат құралдарын сараптау;
-эмпирикалық: бақылаулар, әңгімелесу, диагностикалау (анкета жүргізу, ранжирлеу),статистикалық.
Ғылыми жаңашылдығы:
-«денсаулық сақтау технологиялары» ұғымының мәні мен мазмұны айқындалды;
-салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру мен дамыту мақсатында мектептің білім беру үдерісіне денсаулық сақтау технологияларын ендіру қажеттігі негізделді;
-Ақтау қаласындағы № 28 орта мектептің жасөспірімдерінің денсаулық жағдайына ауруға шалдығу мен физикалық дамуды ескере отырып, кешенді бағалау жүргізілді;
-оқушылардың денсаулығын сақтаудың қажеттігі мен мектеп тәжірибесінде денсаулықты сақтау технологияларын қолдану және мектептегі денсаулық сақтау саласында нақты жұмыс жоқтығының арасындағы қарама-қайшылықтарды тудыратын мәселелер зерттелді;
-денсаулық сақтау технологияларын мектептегі оқыту–тәрбиелеу үдерісінде қолданудың алғышарттары анықталды.
Зерттеудің теориялық–әдістемелік негізін құрайды:
-валеологияның теориялық негіздері (И.И.Брехман, Э.Н.Вайнер, B.В.Колбанов, Л.Г. Татарникова, А.Г. Щедрина және т.б.);
-балалар мен мұғалімдердің денсаулығын сақтау және нығайту концепцияларына негізделген ой-пікірлер мен ғылыми ережелер кешені (C.B.Алексеев, C.М. Громбах, Э.М. Казин, В.В. Колбанов және т.б.);
-мектепті демократияландыру мен білім беруді ізгілендірудің ұстанымдары (И.Ю. Алексашина, C.JI. Братченко, С.Г. Вершловский, В.Г. Воронцов, Л.С.Выготский, И. А. Колесников және т.б. );
-XIX–XX ғасырлардағы дәрігер–ғалымдар мен педагогтардың ағартушылық ой–пікірлері (А.И. Герцен, П.Ф. Каптерев, П.Ф. Лесгафт, Н.И.Пирогов және т.б.);
-тәрбиелеудің тұлғаға бағытталған, күштеу болмайтын және денсаулықты сақтауға негізделген жолдары(E.H. Барышников, B.C.Кукушин, H.M. Сократов және т.б.);
-оқыту үдерісінде, оның субьектілерінің нәтижелі білім алуы мен дамуының мәселелерін шешетін жағдайлар жүйесін қалыптастыруды ұсынатын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу концепциясы(А.К. Колеченко, М.Н.Кузнецова, Н.В. Нищева, Л.М. Шипицына және т.б.);
-педагогикалық технологиялар саласындағы жобалар (В И. Ковалько, А.К.Колеченко, Г.К. Селевко, И.В. Чупаха және т.б.);
-салауатты өмір салтын қалыптастыру үдерісінің теориялық–әдіснамалық негіздері (Н.М.Амосов, И.В.Бестужев, А.П.Бутенко және т.б.);
-жоғарғы сынып оқушыларының өзін дамыту тәжірибесін олардың өз денсаулығын нығайтудың негізі ретінде дамытудың педагогикалық жағдайлары (Н.М.Макаров, Л.И.Савва);
-оқыту–тәрбиелеу үдерісін денсаулықты сақтау тұрғысынан ұйымдастыру негізінде білім беру мекемесін дамыту (Н.В. Никитин);
-салауатты өмір салтының валеологиялық аспектілері (А.Г.Голев, Г.К.Зайцев, Н.К.Иванов, В.П.Казначеев, Е.В.Степкина және т.б.);
-денсаулықты сақтау технологияларының мәселелер(Л.С.Кожуховская, А.Р.Вирабов, Н.С.Масюкевич, Н.Г.Милованова, А.А.Плигин және т.б.);
-оқыту–тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудағы гигиена мәселелері (М.В.Антропов, И.Д.Зверев, Г.Н.Сердюковская);
-психологиялық–акмеологиялық мектеп шеңберінде денсаулық және оның құндылығы нәтижелі өмірдің маңызды ресурсы, маман тиімділігінің басты көрсеткіші және оның кәсіби әрекетінің табыстылығы ретінде қарастырылады (В.К. Бальсевич, М.М. Безруких, Т.Н. Горобец, А.А. Деркач, О.И. Жданов, Ю.Н. Казаков, В.Н. Касаткин, О.А. Москаленко, М.Ф. Секач, Н.К.Смирнов, В.Д. Сонькин, С.М. Чечельницкая және т.б.).
Қазақстанда оқушылар мен студенттердің салауатты өмір салтының түрлі аспектілері Г.Д.Алимжановтың, Р.Р.Амангельдиевтің, З.К.Дунаевтың, С.А.Жанпеисовтың жұмыстарында ашылып жазылған. Ал оқушылар мен студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің медициналық аспектілері туралы Г.Е.Аимбетов, Г.Б.Айтжанов, А.А.Аканов, Р.К.Бекмухаметов, Г.К.Есов, К.А.Тулебаев, Б.С.Турдалиев және т.б. ғалымдардың еңбектерінен кездестіре аламыз.
Денсаулық пен толыққанды тұлғаны қалыптастыру мәселелерін көздеген философ, физиолог, психологтардың, педагогтар мен социологтардың еңбектері, ресми ережелер (Білім туралы заң, «Қазақстан–2050» стратегиясы), сонымен бірге оқулықтар, оқыту әдістемелері, оқыту бағдарламалары осы зерттеудің дерек көздері болып саналады.
Зерттеліп отырған ғылыми мәселенің қазіргі жағдайының бағалануы.
Зерттеушілердің еңбектері негізінде оқыту үрдісінде денсаулықты сақтау технологияларын қолданудың педагогикалық-психологиялық негіздері толық зерттелді. Жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың жас ерекшеліктері және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері де жеткілікті деңгейде қарастырылды. Алайда Маңғыстау облысындағы жасөспірімдік жастағы оқушылардың денсаулық жағдайын зерделеуге арналған ғылыми зерттеулер біз қолданған әдебиеттерде өте мардымсыз. Көптеген зерттеушілердің негізгі нысаны: бастауыш сынып оқушыларының физикалық дамуы мен ауруларға шалдығуы және бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді ұйымдастырудағы денсаулық сақтау технологияларының педагогикалық–психологиялық негіздері.
Практикалық маңызы.
Педагогикалық денсаулық сақтау технологияларының сапасын бағалаудың диагностикалық әдістемесінің кешені анықталды.
Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызы. Мұнда әзірленген теориялық–әдістемелік ережелер жалпы білім беретін мектептің оқыту–тәрбиелеу үдерісінде оқушылардың денсаулық мәдениетінің қалыптасуының нәтижелілігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеулерден алынған нәтижелер білім беру ұйымдарындағы денсаулық түзу тәжірибесінде қолданылуы мүмкін.
Зерттеулердің нәтижелері мектептің білім беру үдерісінде оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға дайындауда пайдаланылуы мүмкін. Дипломдық жұмыс 25 кесте, 5 диаграмма, 6 график, 6 қосымшамен қамтылған.
Зерттеу базасы: Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласының № 28 жалпы орта білім беретін мектебі.
1. ҚAЗІРГІ УAҚЫТТAҒЫ БAЛAЛAР МЕН ЖAСӨСПІРІМДЕРІНІҢ ДЕНСAУЛЫҒЫ
1.1 Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын бағалау және анықтау әдістері
Денсaулық–бaғa жетпейтін жaлғыз ғaнa aсыл дүние. Oл жaқсы бoлу үшін не уaқытты, не–күш жігерді, не еңбекті, тіпті бaрлық дүниені aямaй жұмсaу керек.
Денсaулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюғa бoлaды. Денсaулықсыз өмір қызықсыз әлем деп есептеймін (М.Мoнтень) [10].
Балалардың денсаулығын бағалауда мына 4 белгі болуы керек:
-тексерген кезде қандай да болмасын аурудың жоқтығы;
-физикалық және психикалық дамуының жасқа сәйкес келуі;
-қызмет деңгейінің қалыптылығы;
-ауруға бейімділігінің жоқтығы.
МҒА (Медицина Ғылымдарының Академиясы) орталығының балалар мен жасөспірімдерге арналған гигиенасы және денсаулық сақтау институты балалар мен жасөспірімдерінің денсаулығын бағалауда заманауи кешенді схемасын жасады (тиісті топ денсаулығына сәйкес балаларды жатқызу).
Денсаулық жағдайына байланысты мынадай топтарға жатқызуға болады:
І топқа денсаулығының физикалық және психикалық дамуының қалыпты болуы, созылмалы және туа біткен ауруы жоқ дені сау өз жасына сәйкес балалар мен жасөспірімдер жатады;
ІІ топқа балалар денсаулығында созылмалы аурулар жоқ, бірақ кейбір функциональдық және морфофункционалдық ауытқулар бар, орташа және өте ауыр жұқпалы аурулардан айығып, қайта қалпына келуге мүмкіншілігі бар, патологиялық созылмалы ауруларға шалдығуы мүмкін балалар жатады. Бұл топты 2 топшаға бөліп қарастырған: Бірінші: анасының туар алдындағы кедергілер (босанарда қансырауы, қан қысымының жоғарылауы мен төмендеуі, ата–анасының алкогольге тәуелділік, ұзақ су кету, ұрықтың дұрыс орналаспау) салдарынан туындау мүмкін өте аз созылмалы патологиялық аурулармен ауыратындар, бұл топта бірінші топтағы балаларға жақын. Екінші: эндокриндік патологиясыз балалардың жалпы физикалық дамуының тежелуі (аласа бойлылығы, биологиялық даму тұрғысынан артта қалуы), балалардың салмағының артық немесе кем болуы, тыныс органдарының өткір ауруларымен жиі немесе ұзақ ауыратын балалар, әр түрлі зақымданған жарақаттар мен операциялардың әсерінен балалардық кемтарлығы жатады;
ІІІ топқа жататындар: компенсация сатысында тұрған сирек асқынған немесе туа біткен созылмалы ауруларға шалдыққандар жатады. Бұл топтағылар жылына сегіз рет немесе одан да коп ауырады, яғни айына бір немесе одан да жиі көмекті қажет ететін жалпы денсаулығы қанағаттанарлық дәрежедегі балалар;
IV топқа субкомпенсация сатысында тұрған тумастан бұрын және одан кейін пайда болған өте ауыр созылмалы аурулар. Мұндай аурулардың көбі терапиядан өтуді қажет етеді;
V топқа декопенсация сатысында тұрған сирек кездесетін өте ауыр созылмалы аурудан зардап шегіп жүрген балалар. Бұларға мүгедек балалар жатады. Олар үздіксіз терапияны қажет етеді.
Денсаулық топтары бойынша балаларды бөлу кеңінен педиатриялар пайдаланады, себебі бұл командада балалардың денсаулығының бір мезгілде бағалау үшін неғұрлым қолайлы болып табылады. Денсаулық сақтау топтары бойынша балалардың бөлудің маңыздылығы:
-халықтың денсаулығын сипаттап талдай отырып, топтардың саны мен статистикалық көрсеткіштерін алу (кесте 1);
-әр түрлі аймақтардағы балаларды бір уақытта бір аумақта салыстырмалы түрде топтау;
-балалар медициналық мекемелерінің және жеке дәрігерлердің алдын алу және емдеу жұмысының тиімділігін бағалау;
-денсаулыққа әсер ететін тәуекел факторларының әсерін анықтау және салыстыру үшін;
-ерте пайда болған ауруларды алдын ала анықтап, уақытында емдеп, сауықтыруға мүмкіндік тудырады [2, 11].
Кесте 1. Аурулардың негізгі топтары бойынша халықтың ауру-сырқаулығы
100 мың халыққа шаққанда
Аурулардың барлығы
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
63463,8
|
59 092,2
|
97269,3
|
60120,3
|
55622,3
|
жұқпалы және ішек-құрт аурулары
|
2501,1
|
477,2
|
2066,2
|
1999,9
|
1764,9
|
ісік аурулары
|
225,0
|
52,4
|
74,7
|
285,7
|
367,6
|
қан және қан шығару органдарының аурулары
|
4 431,0
|
3865,8
|
912,2
|
3896,7
|
3845,1
|
ішкі секреция бездері, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылу аурулары
|
1 082,1
|
1079,3
|
307,1
|
1251,7
|
1102,2
|
психиканың және мінез-құлықтың бұзылуы
|
97,2
|
79,5
|
128,8
|
75,4
|
2,0
|
нерв жүйесі аурулары
|
2 481,9
|
2601,0
|
3971,5
|
2135,6
|
2014,2
|
көз және оның қосымшаларының аурулары
|
4 280,0
|
3587,3
|
683,5
|
3542,9
|
3431,5
|
құлақ және құлақ қалқаншасының аурулары
|
2 261,0
|
1816,8
|
2238,0
|
1898,7
|
1751,3
|
қан айналу жүйесінің
|
2 082,8
|
1708,9
|
552,6
|
1934,7
|
2340,4
|
«1 кестенің жалғасы»
аурулары
|
|
|
|
|
|
тыныс алу органдары
|
17 502,7
|
18670,0
|
29611,0
|
21378,1
|
19981,6
|
ас қорыту органдары ның
|
6 521,6
|
4780,4
|
1142,2
|
5150,9
|
4645,9
|
тері және тері асты клеткасының аурулары
|
4 406,0
|
2951,7
|
4783,0
|
3635,1
|
3695,5
|
Денсаулықты анықтау мақсатында мынадай негізгі әдістер қолданылады:
Қарау және тексеру–сау адамдарды тексерген кезде олардың саулық дәлелдемелерінің сипатына сапасына ерекше көңіл аударылады. Сонымен қатар қатер факторлары айқындалынады. Бұларға май басу, атеросклероз, қан қысымының көтерілуі, қант диабеті, метаболикалық иммунодепрессия, қатерлі ісік сияқты ауруларға себеп болатын факторларды жатқызады. Осыған орай негізгі қатер факторлары мыналар болмақ: артық дене салмағы, қимыл белсенділігінің шамалануы, дұрыс тамақтанбау, артериялық қысым деңгейінің жоғарылауы, психикалық зорлану, ішімдік пен темекіге деген үйірсектік [12].
Антропометриялық амалдар–бой, салмақ арақатынасы денсаулық көрсеткішінің бірі болып саналады. Адамның жасы мен жынысына орай оның бойына да белгілі бір салмақ сай келеді (кесте 2). Адамның өзіне тиісті салмағын анықтауда формулалар да қолданылады, бұлардың ішіндегі ең ыңғайлысы–«Брок көрсеткіші»[13].
Тік тұрғандағы (L1) жене отырған кездегі (L2) бойды өлшеу.
Брок (Бругш) индексі–тиісті дене салмагы (), яғни бойға сәйкес салмақ мөлшерін аныктау көрсеткіші. =L1-n; егер бойы 165см–ден қысқа болса, онда n=100 (гиперстениялық дене бітімі); егер бой ұзындығы 165–175 см арасында болса, онда n=105 (нормостениялық дене бітімі); егер бой ұзындығы 175 см-ден биік болса: n=110 (астениялық бітім). Дененің жас және бойға сай салмағы РИДС–идеалды дене салмағы деп аталады (кесте 2) [14].
Оны есептеу (1) формулалары:
Р ИДС =(L1 3-450)+жас 10,25+40,5 (ер балалар үшін);
|
Р ИДС=(L1 3-450)+жас 0,225+45 (қыздар үшін).
| (1)
Кесте 2. Ұл балалардың денесінің көрсеткіші
Жасы
|
Бойы,см
|
|
Кеуде шеңбері,см
|
|
Дене салмағы, кг
|
|
10
|
132,4
|
6,2
|
64,1
|
3,2
|
28,9
|
3,2
|
11
|
136,7
|
6,5
|
66,3
|
3,4
|
30,9
|
4,2
|
12
|
143,6
|
6,7
|
67,1
|
3,7
|
34,3
|
4,2
|
13
|
145,9
|
7,9
|
69,9
|
4,4
|
38,2
|
5,5
|
14
|
154,6
|
8,5
|
74,0
|
4,8
|
42,9
|
7,1
|
15
|
159,3
|
9,3
|
82,8
|
5,5
|
48,1
|
8,9
|
16
|
169,5
|
9,3
|
89,5
|
5,9
|
63,4
|
8,9
|
17
|
173,4
|
7,8
|
92,0
|
5,8
|
69,4
|
9,1
|
«2 кестенің жалғасы»
18
|
173,9
|
6,9
|
92,8
|
7,0
|
69,4
|
9,1
|
19
|
174,0
|
7,2
|
94,1
|
7,3
|
69,8
|
9,3
|
Достарыңызбен бөлісу: |