Дипломдық жоба тақырыбының өзектілігі


Білім беру процесінде денсаулық сақтау бағытындағы технологияларды ұйымдастыру. Денсаулық сақтау ұстанымдарын оқу үрдісінде талап ету



бет7/9
Дата06.12.2019
өлшемі402,3 Kb.
#53123
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қазіргі жасөспірімдердің денсаулығы және денсаулық сақтау бағытындағы технологиялар


3.3 Білім беру процесінде денсаулық сақтау бағытындағы технологияларды ұйымдастыру. Денсаулық сақтау ұстанымдарын оқу үрдісінде талап ету

Қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі–денсаулық. Қазіргі уақытта, қазіргі заманғы оқушы денсаулығы дәрігер қарағанда мұғалім көп көмек көрсете алатынын біз сеніммен айтуымызға болады. Бүгінгі адамдардың денсаулығы тек сыртқы орта жағдайына ғана емес, денсаулығына деген өз қөзқарасына да байланысты. Денсаулықты нығайту және аурудың алдын алу мәселелеріне байланысты сұрақтармен көп жылдар бойы медицина саласы айналысып келеді. Бірақ оның күші нәтижесіз болды. Медицинада әлі де денсаулыққа деген көзқарасты қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілін ойлап тапқан жоқ, сондықтан педагогикада жаңа ғылым–валеология дүниеге келді.

Бүгінде денсаулық сақтау–мектептердегі ең басым міндеттердің бірі. Мектептің міндетінде балалар мен жасөспірімдерді толыққанды, өз бетінше өмір сүруге, сол өмірде бақытты болуына жағдай жасауын және мектеп оқушыларының соңғы қоңырауға дейінгі төзімділігін, сол аралықтағы қауіпсіздігін бақылап, біліп отыру қажет және мұнда денсаулық соңғы рөлді ойнамайды. Бұл медицицналық және гигиеналық бағдарда білім беру процесі (оқытушы, денсаулық сақтау қызметкері, оқушының тығыз байланысында жүзеге асады); фитнес (дене шынықтыру бағдарында беріледі); экологиялық (табиғатпен үйлесімді қарым–қатынас орнату) және т.б. болуы мүмкін. Денсаулықты нығайту және қалыптастыру міндетін тек оқушыларды кешенді оқыту тәсілімен қамтамасыздандыру арқасында шешіледі.

Денсаулық сақтау бағытындағы технологияларға мектеп жүйесінің және әрбір оқытушылардың көзқарасы былай көрінеді: оқушылардың денсаулығына теріс әсерін сезіну және дереу шешу үшін қажеттілік; оқушылардың денсаулығындағы қиындықтарды шешуге мектеп мұғалімдерінің бірлескен ұжымы жауапкершілікте болу керектігін мойындау; өздеріне тиімді денсаулық сақтау бағытындағы технологияларды меңгеру (мақсаттарын, міндеттерін нақтылап біліп алу); оқушылардың бір–бірімен, ата–аналарымен, медициналық қызметкерлерімен тығыз ынтымақтастығын іс жүзінде дайындай отырып жүзеге асыру.

Мектептегі денсаулық сақтау бағдарламасы жеті басты бағыттарды қамтуы мүмкін: денсаулық сақтау саласындағы балалардың білімі; физикалық белсенділіктерін тәжірибелік бағдарламалар арқылы басқару; мектептегі тиімді тамақтану тәртібін қалыптастыру; мектепті медициналық қызметтермен қаматамасыздандыру; психологиялық және әлеуметтік кеңсе бөлмелерінің болуы; денсаулық сақтау саласындағы мектеп жұмысшыларының біліктілігін арттыру; мектеп пен отбасы және қоғамның белсенді қарым–қатынаста болуы.

Осындай маңызды қызметтерді атқаратындығын көре отырып оқушы денсаулығы үшін мұғалімнің тигізер әсері дәрігерден мол екенін сеніммен айта аламыз. Бұл бірақ мұғалім медициналық қызметкерлердің міндетін атқарады деген сөз емес. Тек мұғалім оқушылардың денсаулығына мектептегі білімінің зиян тигізбеуін қамтамасыз етіп отыруы керек. Білім беру процесінде денсаулықты нығайту, сақтау және қалыптастыру, бастапқы алдын алу шараларды ұйымдастыру деңгейі бірінші орында тұру керектігін міндетті түрде байқап отыруымыз керек.

Мәселен, денсаулық сақтау мәдениеті саласында білім беру жұмысы, оның ішінде денсаулық сақтау жағдайын туындата алатын, оқу орындарында «Білім және денсаулық сақтау» атты жан-жақты кешенді бағдарламасын дамыту қажет. Бағдарламаның ішіне мына тапсырмаларды орындауды жатқызуымызға болады: әрбір оқу орындарында денсаулықты сақтау білім берудің бір субъектісі ретінде қалыптастыратын қазіргі заманғы диагностикалық жабдықтардан және білікті кадрлардан тұратын орталықтармен қамтамасыз ету; бейімдеу және сауықтыру технологиялары үшін бөлімдер құру, оны ашу; денсаулық сақтау мәдениет бойынша дәрістер курстарының оқу жоспарына қосу.

Осындай іс-шаралар жалпы білім беру жүйесін білім беру және денсаулық сақтау технологиясындағы дағды мен ептілікке мектеп қабырғасында қол жеткізуді мақсат етеді.

Осылайша, денсаулық сақтау мәселелері бойынша іс-шаралар кешенін енгізу, болашақ студенттің, оқушынының өзін-өзі дамытуына, оның психофизикалық және кәсіби әлеуетін жинақтауына, арнайы ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігін сараптамалық басқаруына қол жеткізеді. Оқу орындарында студенттердің, оқушылардың денсаулығын сақтау жүйесін дамыту ұзақ мерзімді және мемлекеттік адам денсаулығын нығайту жүйесіңің өнімді бөлігі болуы тиіс [58]. Сабақта денсаулықты сақтауға қатысты технологияны пайдалану- оқу- тəрбие үрдісінің тиімділігін арттырудың кепілі. Оқыту мен тəрбиелеудің негізгі үш буынын айтатын болсақ: 1) авторитарлық(оқушылар белгілі нысан ретінде саналады); 2) жекелендірген, мұнда оқушының жеке қасиетіне көбірек көңіл бөлінеді; 3) жеке басқа бағытталған (жеке оқушының іскерлігіне сəйкес).

Білім беру және денсаулық сақтау технологиясының міндеттерінің бірі, оқушының денсаулығын нығайту үшін мыналарды есте ұстаған жөн:

-сабақ үстінде қолайлы психологиялық көңіл-күй тудыру;

-оқушылардың əрекетін əділ жəне дұрыс бағалау;

-өзара сыйластық;

-мұғалімнің теріс эмоциясын көрсетпеуі;

-оқушыларға кері əсер болдыртпау;

-нашар оқушымен жұмыста олардың өздері жазған тірек конспект дəптерлерін пайдалануға рұқсат беру;

-психофизикалық сергіту сəттерін өткізу;

-жеке шығармашылығын дамытатын əдістерді пайдалану;

-əрекеттерді таңдай білу;

-еркін əңгімелесу;

-физикалық жаттығулар;

-физмәдени минуттар мен үзілістер;

-эмоционалды разрядтар мен «бір минуттық тыныштық»;

-сауықтыруға бағытталған гимнастикалар;

-оқушылардың қозғалыс белсенділігі үшін ұйымдастырылған арнайы ойындар;

-психогимнастика;

-таза ауада сабақ өткізу;

-дене шынықтыру;

-тренингтер [62].

Жасөспірімдерде жұмысқа қабілеттілік көрсеткіші күніне екі рет өзгереді. Жұмысқа қабілеттіліктің екі белсенді және екі шаршау уақыты болады: бірінші белсенді уақыт 9–13 сағат аралығы, екінші 16–19 сағат аралығы. Ал шаршау кезеңінен 2-3 және 13–15 сағатта өтеді. Еңбекке қабілеттілік бірте-бірте төмендейді және шаршау орын алады. Тұрақты уақыт аралығында жоғары еңбекке қабілеттілік жағдайын кеңейту мақсатында демалыс ұйымдастыру керек (мектепте 40 мин сабақтан кейін, үй тапсырмасын орындауда 30-35мин сайын).

Осыған орай, қолданылатын оқыту технологиясына сабақтың сəйкестігін іске асыруға жəне оның тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ететін педагогика ғылымы мен тəжірибеде белгілі нұсқауларды топтастырылған түрде ұсынамыз:

-сəйкес педагогикалық технологияларды пайдалану;

-үй тапсырмасын дифференциалдау міндеттілігі;

-деңгейлік тапсырмалары бар оқу құралдары мен үлестірмелік карточкаларды, электрондық құралдарды тиімді пайдалану;

-оқушылардың жекелей жұмыстарын, іскерлік əрекетінің тездігін есепке ала отырып сабақ қиындығына байланысты негізгі мəселені нақтылай бөліп көрсету.

Дені сау бала оқу үрдісіне белсенді, əрдайым жайдары көңіл күйі жоғары жүреді. Сондықтан да мектептің негізгі міндеті–əр оқушының денсаулығына нұқсан келтірмей, нығайта отырып, оқуға құштарлығын ояту, əрбір баланың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жақсы қасиеттерді дамыту [63].

Денсаулық сақтау бағытындағы технологиялар–оқу орындарында осындай оқушылар денсаулығына тиімді іс–әрекеттерді, іс–шараларды үздіксіз орындап отыруды талап етеді. Қорыта келе, денсаулық сақтау бағытындағы технологияларды тереңінен түсініп, әрбір оқытушы оқушылардың денсаулығының төмендеуіне әсер етпейтін, оқу үрдісінде белсенділігін арттыратын әдіс–тәсілдерін таңдай білуі өте маңызды рөлді атқарады [62].
4. № 28 ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ҚАБІЛЕТІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ОҚУ–ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕГІ ФАКТОРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ
4.1 Мектеп ахуалының ұйымдастырылуын бағалау

Төртінші бөлімде зерттеу әдіснамасы мен ұйымдастырылуы ұсынылды. Бұл зерттеу дипломдық жоба жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

Мақсаты міндеттеріне сәйкес зерттеу жұмысына зерттеу әдістері қолданылды: статистикалық, әлеуметтік, математикалық статистика, бастапқы құжаттама деректерінің көшірмесін алу.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік бөлімінде Ақтау қаласы «№28 жалпы білім беру орта мектебі» және осы мектепте білім алатын 12–15 жас аралығындағы жасөспірімдер зерттелінді және жасөспірімдерге әсер ететін оқу тәрбие процесіндегі факторлар қарастырылды.

Зерттеу барысында мына 3 сатының орындалуы қарастырылды.

1.№28 жалпы білім беру орта мектебінің денсаулық сақтау қызметін бағалау және ұйымдастыру;

2.Жасөспірімдердің денсаулық жағдайының және физикалық даму деңгейін бағалау;

3.Салауатты өмір салты мен зиянды әдеттер туралы оқушылардың білімін зерттеу.

Мектеп ахуалының ұйымдастырылуын гигиеналық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Ақтау қаласы «№28 жалпы білім беру орта мектебінің» гигиеналық талаптарға сәйкестігін зертеуге М.М.Безрукихтің «Білім беру мекемелерінде денсаулық сақтау қызметін бағалау және ұйымдастыру» атты әдістемелік нұсқаулығының негізделген арнайы жасалған мониторинг арқылы анықталды (17 – кесте).

Бірінші сауалнама «Білім беру мекемелеріндегі сауықтыру потенциялын(әлеуетін) бағалау».Сауалнама 6 өлшемдік бөлімнен тұрады:



1–бөлім. МЕКТЕП ҒИМАРАТЫНА СИПАТТАМА. Мектеп ғимаратының және санитарлық-техникалық жабдықтарының жағдайын бағалайды.

2–бөлім. МЕКТЕПТІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ. Қосымша азық–түлік қабылдау көздерін есепке ала отырып, тамақтану бөлім жұмысының ұйымдастырылуы мен жағдайын сипаттайды.

3–бөлім. САУЫҚТЫРУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ. Медициналық және стоматологиялық кабинеттер, спорттық нысандар мен басқа да ойын-сауық компоненттері болуын көрсетеді.

4–бөлім. САУЫҚТЫРУ ІС–ШАРАЛАРЫ. Сауықтыру және спорттық іс–шаралар ұйымының белсенділігін бағалайды.

5–бөлім. МЕКТЕП ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫ. Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ететін жұмыстарды орындайтын кадрлық бөлімді сипаттайды.

6–бөлім. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ. Кәсіби даярлықтан өткен оқытушылар мен олардың санына сипаттама.
Кесте 17. Білім беру процесіндегі денсаулық сақтау қызметінің потенциалы (М.М.Безрукихтің «Білім беру мекемелерінде денсаулық сақтау қызметін бағалау және ұйымдастыру» атты әдістемелік нұсқаулығының негізінде)


1–бөлім. МЕКТЕП ҒИМАРАТЫНА СИПАТТАМА

Ұпай

Мектеп ғимараты үлгілік жобалауға сай

+1

Ғимарат басқа мақсаттар үшін салынып, кейінірек мектеп ретінде бейімделген

0,5

Ғимарат жөндеуден өтпеген, ескі болып табылады

0

Ғимарат жөндеуі тұрақты жүргізіліп отырады

+1

1-ші аралық ұпайы

2

2–бөлім. МЕКТЕПТІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Ұпай

Ғимараттағы су құбырының жағдайы

+0,2

Ғимараттың канализация жағдайы

+0,2

Мектеп ғимаратында дәретханалар

+0,2

Орталық жылу жүйесі

+0,3

Жылу жүйесі газбен немесе электр тоғымен

0,2

Жылыту пеші

0

Асханамен қамтамасыз етілген

+0,2

Асхана тоңазытқышпен қамтамасыз етілген

+0,2

Мектеп асханасындағы ыстық тағамның дайындалуы

+0,3

Пісірілген тағамдардың жылытылып берілуі (орталықтандырылған жабдықтармен)

0,2

Оқушылардың ыстық тағаммен қамтамасыз етілмеуі

0

Мектептің қосалқы нысандармен қамтамасыз етілуі

0,7

Аспаздық көмектің бар болуы

0,7

2-ші аралық ұпай

1,6

3–бөлім. САУЫҚТЫРУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Ұпай

Дәрігерлік кабинетпен қамтамасыз етілуі

+0,2

Стоматологиялық кабинетпен қамтамасыз етілуі

0,5

Мектеп 1 спортзалмен қамтамасыз етілген

0,1

Мектеп 2 немесе одан да көп спортзалмен қамтамасыз етілген

+0,4

Мектепте оқушыларға арналған дене тәрбиесі сабақтарында қолдану тиіс тренажерлермен қамтамасыз етілуі

+0,5

Мектеп бассейнін сирек немесе тұрақты үздіксіз қолдану

0,6

Мектеп ойын алаңдарының бар болуы

+0,2

Релаксация бөлмесімен қамтамасыз етілуі

0,6

Массаж бөлмесімен қамтамасыз етілуі

0,4

Мектепте қыстық бақтың бар болуы

0,6

Басқа да сауықтыру жабдықтары бар

0,3

«17 кестенің жалғасы»


3-ші аралық ұпай

1,3

4 – бөлім. САУЫҚТЫРУ ІС – ШАРАЛАРЫ




Диспансерлеу үнемі жүргізіліп отырады

+0,2

Егулер кестеге сәйкес жүзеге асырылады

+0,1

Витаминмен қамтамасыз ету жыл сайын өткізіледі

0,5

Денсаулық күндері үнемі өткізіледі

+0,2

Спорт іс-шаралар жүйелі түрде өткізіледі

+0,3

Облыстық спорттық жарыстарға мектеп қатысады

+0,4

Денсаулығы туралы оқушылармен әңгімелесу сабақтары тұрақты жүргізіледі

+0,1

Денсаулығы туралы ата-анасымен сөйлесу ынталандырылады

+0,4

Мектеп ұжымы СӨС қағидаттары мен ережелерін оқиды

+0,8

Мектепте 1-3 спорттық секциялар жұмыс жасайды

+0,3

Мектепте 4-8 спорттық секциялар жұмыс жасайды

0,5

Мектепте 8ден көп спорттық секциялар жұмыс жасайды

0,4

Мектепте гимнастикалық, арнайы медициналық түзету топтары бар

0,8

4-ші аралық ұпай

2,8

5 – бөлім. МЕКТЕП ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫ

Ұпай

Мектепте дәрігер жұмыс істейді

0,6

Мектепте фельдшер жұмыс істейді

0,4

Мектеп медбикесі жұмыс істейді

+0,2

Мектеп психологы жұмыс істейді

+0,4

Мектеп логопеді жұмыс істейді

0,4

Мектепте әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді

+0,3

Мектепте білікті аспаз жұмыс істейді

+0,2

Жасақталған мемлекеттік дене шынықтыру мұғалімдері жұмыс істейді

+0,2

Кем дегенде, бір дене шынықтыру пәні мұғалімінің арнайы білімі бар

+0,3

Спорт секцияларында жетекшілер саны жеткілікті

+0,3

Өз қызығушылығына арнап таңдайтын үйірмелерде жетекшілер саны жеткілікті

+0,3

5-ші аралық ұпай

2,2

6-бөлім. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

Ұпай

Мектептің оқушылар саны (A)

799

Мектептің оқытушылар саны (Б)

103

A: Б -10 немесе одан кем

+1

Соның ішінде жоғары педагогикалық білімі (B) барлар

82

В: Бх100 = 80 немесе одан да көп

+1

Соның ішінде арнайы білімі (Г) барлар

21

(В+Г): Бх100 = 95 немесе одан да көп

+1

Ауруына байланысты жыл ішінде бір оқытушы орташа есеппен сабақтарын 10 күннен астам өткізіп алмаған

+1

5-ші аралық ұпай

4

Жалпы ұпай (6 аралық ұпай бойынша )

13,9

Жалпы ұпай 13 немесе одан да көп

«ЖОҒАРЫ»

Жалпы ұпай 10-нан көп 13-тен аз

«ОРТАША»

Жалпы ұпай 10 немесе одан да аз

«ТӨМЕН»

«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №28 жалпы білім беру орта мектебі» 29 шағын аудан 52-ші ғимаратында орналасқан. Мектеп 2001 жылы іске қосылды. Оқыту тілі–мемлекеттік тіл, жалпы көлемі– 5294,8 кв/м.

Мектептің техникалық–материалдық базасы жаңартылып, ескілері жөндеуден өткізіліп, оқушының талапқа сай білім алуына жағдай жасалынған. Мектепте оқушыларға жаңа технологиялар арқылы білім беру мақсатында төрт интерактивті кабинет: химия, биология, физика, математика және бір физика кабинетімен жабдықталынған. №28 жалпы білім беру орта мектебінің асханасы өте қолайлы. Мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ететін 200 орындық асхана қызмет көрсетеді.

Мектепте оқушылар үшін 225 оқу кабинеттері, 2 спорт залы, 1 медпункт, кітапхана, 3 компьютер кабинеті, 5 интерактивтік кабинет, 1 лингафон кабинеті қызмет көрсетеді.

Зерттеу нәтижесінде мектептің ахуалының ұйымдастырылуының гигиеналық дәрежесі «жоғары» деп бағаланды.

Мектеп ахуалын басқа да жағынан бағалау мақсатында екінші сауалнама «Білім беру мекемелерінің денсаулық жағдайына жәрдемдесу қызметін бағалау» қолданылды. Ол 3 көрсеткішті бөлімнен тұрады.



1–бөлім. «Сыныптағы оқушылардың жұмыс жүктелімі» апталық оқу жүктемесінің сыныптың нормативтік оқу жүктемесіне сәйкестігімен сипатталады.

2–бөлім. «Оқушылардың спорттық–сауықтыру және қозғалыс белсенділігі» оқушылардың қозғалыс қызметін, дене шынықтыру сабақтарын, мектеп спорт үйірмелері болуымен, оқушылар саны, арнайы топтармен спорт жұмыстарын ұйымдастыру және оларды жүзеге асырумен сипатталады.

3–бөлім. «Мектеп ішіндегі сауықтыру–алдын алу іс-шаралары» спорттық жарыстарға және мерекелерге қатысуын, денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша оқушылармен, ата-аналармен түрлі формадағы алдын алу жұмыстардың өткізілуін бағалайды.

Бұл зерттеу мектеп және мектеп қызметкерлері денсаулық-білім беру процесін ұйымдастыру бойынша жұмыс істейтінін көрсетеді (кесте 18).
Кесте 18. 6-9 сыныптарының оқу жүктемесі.


1–бөлім. «Сыныптағы оқушылардың жұмыс жүктелімі»




Сыныптардың оқу жүктемесі

Апталық жүктеме. Оқу сағатының саны

5 күндік апта (күнделікті сабақ, факултативтік және қосымша сабақтар)

6 сынып

7 сынып

8 сынып

9 сынып




36

38

37

38

+5

34

35

36

36




2–бөлім. «Оқушылардың спорттық-сауықтыру және қозғалыс белсенділігі»




Сабаққа дейін күнделікті жаттығулар жүргізіледі

4

Динамикалық өзгерістер өткізіледі

3

«18 кестенің жалғасы»


Апта сайын денсаулық сағаты




Апта ішінде дене шынықтыру сабақтарының саны

2-ден кем сабақ

0

3

+4



2 сабақ

3 немесе оданда көп

Мектептегі спорттық үйірме сабақтар




А:Бх100=% оқушы,спорттық үйірмелермен айналысатындар

А: Спорттық үйірмелерге қатысатындар саны

Б: негізгі медициналық топқа жататын оқушылар саны

Негізгі медициналық топқа жататын оқушылар спорттық үйірмелерге қатысатындар саны

50% жоғары

4

17-50%

+2

17% аз

0

Арнайы медициналық топтағылармен жұмыс




А:Бх100=% арнайы медициналық топқа жататын оқушылар,спорттық үйірмелермен айналысатындар

А: Спорттық үйірмелерге қатысатындар арнайы медициналық топқа жататын оқушылар саны

Б: Спорттық үйірмелерге қатысапайтын арнайы медициналық топқа жататын оқушылар саны

Арнайы медициналық топқа жататын оқушылар спорттық үйірмелерге қатысатындар саны

20% немесе одан да жоғары

+3

20% кем

0

3–бөлім. «Мектеп ішіндегі сауықтыру–алдын алу іс-шаралары»

Денсаулық күніне арналған іс–шаралардың өтілуі

Айына 1 рет

+4

Әр тоқсандықта 1 рет

3

Жылына 1–2 рет

1

Спорттық іс–шаралардың, жарыстардың, мерекелердің өткізілуі

Айына 1 рет

+4

Әр тоқсандықта 1 рет

3

Жылына 1–2 рет

1

Денсаулық сақтау мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламаларының іске асырылуы

3

Ата-аналармен денсаулық сақтау және профилактикалық іс-шаралардың өткізілуі (спорттық жарыстар, жаман әдеттерден сақтандыру бойынша іс-шаралар, денсаулық сақтау күні т.б.)

+2

Оқушылар мен ата-аналар үшін денсаулық сақтау және насихаттау бойынша дәрістер, пікірталастар, консультациялар

+1

Денсаулығы туралы студенттермен әңгімелесу (денсаулық сабақтары)

+1

Жалпы балы

26

Жалпы ұпай 30 немесе одан да көп

«ЖОҒАРЫ»

Жалпы ұпай 30–дан аз 15–тен көп

«ОРТАША»

Жалпы ұпай 15–тен аз

«ТӨМЕН»

Шығармашылық, пәндік және спорттық үйірмелер, қосымша сабақтар сабақ кестесінің бос уақыттарымен сәйкестендіріліп жасалынған. Мектепте мынадай үйірмелер бар: домбыра, ырғақ би, қызықты математика, шағын футбол, тоғыз құмалақ, волейбол, жол ережесін білейік, ой жаттықтырушылар, әдеп және жантану, жас химик, жас физик, гүл өсірушілер, жас натуралистер. Осы үйірмелерге қатысатын оқушылар саны, сағат саны және жетекшісі туралы толық мәлімет қосымшада көрсетілген (қосымша 1). Қазақ тілі, орыс тілі, география, тарих, ағылшын, математика пәндерінен қосымша сабақтар өткізіледі.

Осындай үйірмелердің, қосымша сабақтардың өткізілуінің әсерінен әр алуан бағыттағы жарыстарға қатысып, жетістікке жетіп жүрген дарынды балалар да жеткілікті. Ата–аналармен, оқушылар денсаулықты сақтауға, нығайтуға, зиянды әдеттермен күресуге байланысты іс–шаралар өткізіліп тұрады (қосымша 2). Нәтижесінде «орташа» деп бағаланды.

4.1.1 Мектеп режимі

Оқытушылар, оқушылар, білім беру үрдісіндегі барлық қатысушыларының арасындағы өзара қарым-қатынастардың нақты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Еңбек туралы» заңына сәйкес «Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №28 жалпы білім беру орта мектебінің» мектеп режимі талданды. Оқушы саны–1125.

Оқу жылы 1 қыркүйек пен 25 мамыр айы аралығы. Типтік жоспар бойынша берілген барлық инвариативтік оқу жүктемесі, мектеп және оқушы компоненттері толық орындалынған. Сабақ екі ауысымда жүргізіледі. Кестедегі сабақ айырмашылығы 1 сағаттан аспады.

Бірінші аусымда–5,9,10,11 сыныптар, екінші аусымда–6,7,8 сыныптары оқиды. Оқу сабақтарының ұзақтығы (апта)–32 оқу аптасы, ал 11 сыныптарға–34 апта. 1-11-сыныптар оқушылары үшін 5 күндік жұмыс аптасы.

Оқушыларға демалыс әр тоқсан аралығында және мерекелерде беріледі. Күзгі демалыс–4-11 қараша, қысқы демалыс–30 желтоқсан-8 қаңтар, көктемгі демалыс–20-31 наурыз.

Мектеп күні 8.00 басталды. Бірінші аусымның сабақтары 8.00–13.20, екінші аусым 13.40-19.00 аралығын қамтиды.

Мектептен тыс сабақтарда балалардың денсаулығы мен өміріне мұғалім жауапты. Барлық мектеп қызметкерлері жұмыс уақытында себепсіз жұмыс орнынан кетуіне болмайды. Мектептегі тәртіпті қадағалауға арнайы кызметкерлерден бөлек пән мұғалімдерін 2 ауысымға кезекшілікке тұрғызады.

Осы мектепте жұмыс жасайтын мұғалімдердің қызметі, білімі, санаты, өтілі қосымшада берілген. Қорытындылай келе, мектептің режимі нормативке сәйкес келеді. Тек қоңырау кестесі сәйкес келмейді.



4.1.2 Сабақ кестесін талдау

Зерттеу жұмысының мақсаттарының бірі–Ақтау қаласы «Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №28 орта мектебі» 6–9 сыныптарының сабақ кестесін талдау.Тоқсандық, апталық, күндік оқу аралығындағы оқушынық белсенділігін сақтауға тиімді сабақ кестесі құралуы керек.

Сабақ кестесін құрастыруда пән күрделілігіне ұштастыра жұмысқа қабілеттілік динамикасын есептеп қажет. Дүйсенбі және сейсенбі күні, бірінші және екінші сабақтар жүктеме үлкен болмауы тиіс, себебі оқушы ол күндері әлсіз, қолайсыз ырғақ сатысында болып табылады. Сәрсенбі және бейсенбі күндері, сондай-ақ үшінші және төртінші сабақтарда ең ауыр жүктемелі пәндерді қосуға болады, себебі жұмысқабілеттілігі белсенді, тұрақты, әрі жоғары. Осы кезде бақылау, зертханалық және өзіндік жұмыстарды орындатуға тиімді. Апта және күн соңында жүктемені азайту керек, себебі бұл уақытта шаршау байқалады.

Жұмыс қабілеттілік пән қиындығына да байланысты. Пән күрделілігі-субъективті ұғым. Өйткені, оқушылардың пәнді эмоциялық және біркелкі емес қабылдайтын әр түрлі қабілеттері мен бейімділіктің бар. Пән қиындығы мұғалімдерінің кәсіби шеберлігіне да байланысты. Жүктеме мектептің апта ұзындығына да байланысты (кесте 19).


Кесте 19. Сыныптардың оқу жүктемесі


5 күндік апта (күнделікті сабақ, факультативтік және қосымша сабақтар

6 сынып

7 сынып

8 сынып

9 сынып

36

38

37

38

Бірінші принципі негізінде мектеп кестесін талдай отырып, біз «Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №28 жалпы білім беру орта мектебінің» 6–9 сыныптарының сабақ кестесінің ережеге сәйкестігі орташа құрастырылғанын анықтадық (график 1, 2, 3, 4) .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет