2.2 Жалпы білім беру орындарында оқу барысындағы гигиеналық талаптар
Мектепте және үйде сабақтарды оқыту тәртібін дұрыс ұйымдастыру оқушылардың қалыпты ойлауына, дене дамуына, денсаулықтарының қалыпты болуында өте маңызды. Оқушылардың еңбегі мен демалысының ұтымды таратылғаны мен қалыптасқаны керек.
Оқу–жоспарын құрған кезде, тек қана оқыту–тәрбиелеу мақсатын ғана көздеген дұрыс емес, сонымен қатар балалар мен жасөспірім организімінің анатомиялық–физиологиялық ерекшеліктерін де ескеру керек. Организімінің анатомиялық–физиологиялық өзгерістері оқу жүктемелерінің мөлшеріне, сабақтардың тәртібіне және олардың өткізіліп жатқан жерлерінің гигиеналық жағдайларына тәуелді.
Ең жоғарғы қызметтік қабілеттілік сағат 8–ден 11–ге дейін, демек екінші–үшінші сабақта байқалады. Назарды қатты талап ететін сабақтарды осы кезеңге қою керек. Түскі асқа дейінгі және түскі астан кейінгі уақытта қызметтік қабілет төмендейді, оның біршама көтерілуі күннің екінші жартысында байқалады. Бірақ таңертеңгіге қарағанда міндетті түрде төмен болады. Сабақтардың ұзақтығы мен күні бойғы оқу жүктемесі оқушының жасына тәуелді. Бастауыш сыныптарға 4 сабақ (4–ші сыныптарға аптасына 2 күн 5 сабақтан). Басқа сыныптарға аптасына 2 күн 6 сабақтан. Сабақтардың ұзақтығы–40 мин, үзілістер–5, үлкен үзіліс–15 мин.
Сыныптағы парталардың орналасуы да гигиеналық талаптарға сай болуы керек. Сынып бөлмесінің есігі алдыңғы жақтағы қабырғаға тақалып тұрудың өзі оқушылардың топтасып бірден шыққан кездерінде, есік алдында іркіліп, тығылысып қалмауына мүмкіндік береді.Бастауыш сыныптарда парталарды 3 қатар орналастырады. Әр қатарда 6–7 партадан болады. Жоғарғы сыныптарда көбінесе 2 қатардан қояды [49].
Спорт залы оқу бөлмелерінен оңаша, мектеп кешенінің жеке бір қанатының бірінші қабатында орналасады. Оның есігі дәліз арқылы немесе киім шешетін бөлме арқылы өтеді. Спорт жабдықтарының бөлмесі мен спорт залының аралығында екеуін байланыстыратын есігі болады.
Сынып бөлмелері мен кабинеттерінің ауданы–50–60 м2, яғни әр оқушыға 1,25–1,50 м2 есебінен анықталады. Бөлменің ұзындығы–8-8,2 метр, ені–5,6–6,2 метр мөлшерінен аспауы керек. Егер ұзындығы 8,2 метрден артық болса, соңғы қатардағы оқушылар тақта сөйлеп тұрған мұғалімді және оқушыны анық ести алмауы мүмкін және ондай жағдайда балада алыстан көру қабілеті қалыптасады. Ал аз болса, қажетті мөлшердегі парталар сыймайды. Ені 6,2 метрден кең болса, есік жақтағы қатардағы оқушыларына терезе жарығы аз болады, үш қатар парталар сыймайды. Бөлме биіктігі 3,5 метр болғанда балалардың денсаулығына қажетті ауа мөлшері жеткілікті болады, жасына лайық ауа мөлшері мен оның тазалығы қамтамасыз етіледі. Лас ауа көбінесе бөлменің үстіңгі жағында болады да оқушыларға зияны азаяды. Егер одан аласа болса, бөлменің ауасы тар болады. Осыған байланысты соңғы кездегі гигиеналық талаптар бойынша бөлменің биіктігі 3,5 метрден кем болмауы керек. Мұндай жағдайда әр балаға қажетті 15 м3 ауа мөлшерін қамтамасыз етеді, ал соңғы кезге дейін пайдаланып келген 3,1 метр биіктік қосымша ауа желдеткішін қажет етеді немесе ондай бөлмеде сағатына 3 рет терезелерді ашып ауаны желдетіп тазарту керек. Әрине, оқу барысында ондай мүмкіндік болмайды да, балалардың денсаулығына зиян келеді. Сыныптар мен кабинеттердің қабырғаларын ақ балшықпен, әкпен немесе арнайы эмульсиямен жылына бір рет әктеп отыру керек. Бөлменің жоғарғы жағын сырлы бояумен бояуға болмайды. Себебі, ол құрылыс материалдарының тесіктерін бітеп, ауаның табиғи жолмен ауысуына кедергі болады. Қабырғаның төменгі жағын биіктігі 1,1–1,8 метрге дейін ақшыл сырлы бояумен бояуға болады. Эмульсиялармен әктегенде қабырғаны ағартып, панельді сырлайды[51].
47% мектептің сынып бөлмелерінде температуралық режим санитарлық талапқа сай сақталмайды, соның салдарынан балалардың сабақты меңгеру мүмкіндіктері және зейін қоюы төмендейді немесе суықтауға байланысты аурушаңдық көбейеді.
Барлық мектептерде еңбек сабақтары өтетін сыныптар талапқа сай құралдармен толық қамтамасыз етілмеген. Шеберханадағы станоктармен оқушының көз деңгейінің арасы 45 см болуы тиіс.
Мектептерде сыныптарды және дәліздерді ылғалды сүрту және жуу реттері талапқа сай сақталуы қажет. Талап орындалмаған жағдайда қалыптан тыс шаңдану кездесуі мүмкін. Бұл өз кезегінде балалардың тыныс жүйелерінің ауруларына және аллергия сырқатының дамуына себепші болады.
14% қала мектептерінде зертханаларда санитарлық–гигиеналық тааптарға сәйкес жабдықталмаған.
Қорыта келе, мектептегі оқу жағдайлары гигиеналық тұрғыдан балалар мен жасөспірімдер денсаулығына тұрақты түрде әсер ететіндіктен, мектептер–де санитарлық–гигиеналық талаптардың орындалуына ерекше көңіл бөлу қажет. Гигиеналық принциптердің сақталмауы ағзадағы биологиялық үдерістерді бұзады және сонымен бірге, әртүрлі патологиялық дамуларға әкеліп соғатынын ұмытпауымыз қажет [50].
Сабақтар арасындағы үзілістердің гигиеналық маңызы зор. Дұрыс ұйымдастырылған үзілістер ұзақ уақыт отырыс салдарынан, қызметтік қабілеттің қайта қалпына келуіне көмектеседі.
Сабақ кестесін тиімді құрастыруға кедергі жасайтын себептерді объективті және субъективті деп екіге бөлуге болады:
1)Объективті себептерге: оқу сыныптарының жеткіліксіздігі; оқытатын мамандардың жеткіліксіздігі; орын басушылықтар т.с.с. жатады.
2)Субъективті кемшіліктерге, оларды жою үшін материалдық шығын қажет етпейтін: сабақ кестесін құрастырушы адамның білімінің аздығы; сабақ беретін мұғалімдердің сабақтан бос күндері болуы; оқу жүктемесін мұғалімдерге дұрыс бөліп бермеу сияқты жедел түзетуге болатын себептерді жатқызуға болады [49].
Жалпы білім беру мен тәрбиелеу жұмысы мектептегі және үйдегі сабақ оқу тәртіптерімен ғана шектелмейді. Осы мақсатқа жетуде қоғамдық жұмыстарға, түрлі үйірмелерге және спорт мектептеріндегі сабақтарға қатысу көмектеседі. Барлық қоғамдық жұмыстар үлкен сыныптарда аптасына 4-5 сағаттан, төменгі сыныптарда 3–4 сағаттан артық болмаған жөн. Мектептен тыс жүргізетін қосымша сабақтар жөніндегі мәселені педагогтар мен дәрігерлер, балалардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес шешеді.
Оқушыға қатаң күн тәртібін орнату өте маңызды. Бірінші аусымдағы оқушылардың күн тәртібі–сағат 7–де тұрудан, міндетті түрде гигиеналық гимнастикамен шынықтыратын процедуралар жасаудан, таңғы ас ішуден және мектепке барудан тұрады. Егер мектеп аса қашықта болмаса жаяу барған тиімді. Мектептен келгеннен кейін және түскі астан соң шамалы тынығу, содан соң серуендеу, сабақтарды дайындау, таза ауада қайта болу, кешкі ас ішу, еркін сабақтар жүргізу және ұйқыға дайындалу көзделеді.
Балалар мен жасөспірімдердің күн тәртібінде ұйқы маңызды элемент болып табылады. Жеткіліксіз ұйқы, организм функцияларының қайта қалпына келуін қамтамасыз етпейді. Ұйқының ұзақтығы: 7–10 жастағы балаларда–10–11 сағат; 11–12 жаста–9–10 сағат; 13–14 жаста–9–9,5 сағат; 15 жаста–8,5–9,5 сағат; 16–8,5 сағат.
Ұзартылған күн мектептерінде күн тәртібі басқаша құралады. Мұнда, әдетте, сабақтар бір ауысымда өткізілетін болған соң, күн тәртібін гигиеналық талаптарға сәйкес ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді. Төменгі сыныпта тәрбиеленушілер сабақтарының және жеке басына қажетті әрекеттерін қанағаттандыруға күніне 4,5 сағат, 5–8 сыныптағыларға–6,5 сағат және 9–10 сыныптағыларға–8сағат беріледі. Түрлі үйірмелердегі, спорттық секциялардағы, еркін сабақтардағы жұмыс үшін–6 сыныптағы тәрбиеленушілерге 1,5–2 сағат беріледі. Алғашқы сыныптағылардың таза ауада болу уақыты 3,5–4 сағат, ал жоғарғы сыныптағыларға–2-3 сағат берілу керек[51].
2.3 Балалардың дене тәрбиесіндегі қозғалыс белсенділігі мен гигиенасы
Оқушылардың дене тәрбиесі оқу тәрбие процесінің ажырамас бөлігі. Балалық шақтан бастап дене тәрбиесімен шұғылданудың маңызы зор. Шартты рефлекторлық байланыстардың жеңіл жасала алуының арқасында жаңа қимыл қозғалыстары балалар бойына шапшаң сіңіре алады. Ерте жастан қолданылатын дене тәрбиесінің дұрыс жүйесі дене дамуына және бала ағзасының барлық қызметіне жағымды әсер етеді.
Баланың сүйек-бұлшық ет жүйесінің біркелкі дамуы және сымбаттың дұрыс қалыптасуы тек эстетикалық тұрғыдан ғана емес гигиеналық жағынанда маңызды. Дене тәрбиесі ішкі мүшелердін қалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Дұрыс дене дамуы тек қана қызметтік қабілеттілікке жағымды әсер етіп қоймай, жан сезімдік әрекеттерге де жағымды әсер етеді. Бір жақты қиын ой жұмысы адамды аса қатты шаршатады. Ой еңбегін дене жаттығуларымен алмастырып отыру оқуды жеңілдетеді [51].
Адамның қимыл қозғалысы организмдердін эволюциялық дамуында қалыптасқан, оған тән морфологиялық және функциялық денені тік ұстауға, қимыл-қозғалысқа етпен сүйектен басқа тірек-қимыл жүйесінен кіретін буындар, сіңірлер,тарамыстар қатысады [39].
Мектепке келумен байланысты балалардын қимыл-қозғалыс белсенділігі шамамен 50% томендейді және сыныптан сыныпқа өткен сайын азаяды. Осы замандағы, оқушы күннің 85 % уақытын отырумен өткізеді. Қимыл-қозғалыс тапшылығы зат алмасудың бұзылуына, бірқатар ауырулардың дамуына әкеледі, жүйке жүйелері мен мүшелер қызметтерін және бүкіл ағзаны әлсіретеді.Қозғалыс тапшылығы дене жаттығуларымен өтелуі қажет [51].
Дене шынықтырумен айналысуды бастайтындар үшін, көптеген әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының мол жиынтығының арасындағы ең бірінші орынға шығатындары: сауықтырар жүгіріс; жүріспен алмастырып тұратын жүгіру; аэробика; жүзу; туризм; ерік гимнастикасы; таңертеңгі сауықтыру гимнастикасы; дәстүрлі гимнастика; тыныс алу жаттығулары [12].
Мектепте қолданылатын дене тәрбиесі құралдарының ең басты нәтижесі –оқушылар денсаулығына оң әсері. Балалар дене жаттығуларының арнайы және арнайы емес әсерін айырады. Арнайы емес әсерінің қатарына сыртқы орта факторларының жағымсыз жағына ағзаның беріктігін көтеру жатады. Әсіресе, суық тиіп ауыруға беріктігінің көтерілуі ерекше маңызды. Дене жаттығулары дұрыс сымбатты қамтамасыз етеді. Мектеп жасындағы балалар сымбатының бұзылулары функциялық, демек қайтымды болып келеді. Сымбаттың бұзылулары сыныптардағы жиһаздардың кемістігімен ұтымсыз ұйымдастырылған оқу–тәрбие жұмысымен байланысты.
Мектептегі дене тәрбиесін ұйымдастыру алуан түрлі жаттығулар құралдарын қолдануды көздейді. Мұнда ең алдымен оқушылардың анатомиялық–физиологиялық ерекшеліктерін, денсаулығымен дене дайындығын есепке алу маңызды [19].
Медициналық байқаулар мен дене дайындығы туралы деректер негізінде оқушылар мынадай медициналық топтарға бөлінеді: негізгі; дайындық; арнайы;
Негізгі дендері сау, дайындығы жақсы, демек, жугірісте, секіруде, өрмелеуде орта және жоғары нәтижелерді корсететіндер жатады. Осы топтағы оқушылар дене тәрбиесінің толық бағдарламасын орындай,спортпен шұғылдана және түрлі дене шынықтыру шараларынаа қатыса алады. Балалар мен жас өспірімдердің спорт мектебіне түсуіне, халықаралық, республикалық, облыстық маңызы бар жарыстарға қатысуына рұқсат алу үшін, олар арнайы медициналық тексеруден өтуі керек.
Дайындық медициналық топқа денсаулықтарында шамалы ауытқулары, дене дамуы мен дайындығында кемшілігі бар оқушылар жатады. Осы топтағы оқушылар спорттық жарыстарға жіберілмейді. Оларға дене шынықтыру бойынша сынақтарды тапсыру міндет емес. Оқу сабақтарында жасалатын жаттығуларға, жүгірістерге және секірулерге шектеулер қойылады. Едәуір күш салуды талап ететін барлық дене жаттығулары–футбол, хоккей, ұзаққа жаяу жүру және шаңғы жорықтары бұл балаларға жақпайды. Мектепте, оқудан тыс уақытта,жалпы дене дайындығы секцияларында қосымша сабақтар алу ұсынылады. Арнайы медициналық топқа денсаулықтарында елеулі ауытқулары бар оқушыларды жатқызады. Дене тәрбиесі сабақтарын олармен 30 минут, аптасына үш рет оқудан тыс уақытта өткізу ұсынылады. Топтағы адам саны15–тен аспауы керек және топтар жастары бойынша жіктеледі (1–4,5–8 және 9–10 сыныптар). Ауыруларының диагнозына қарамастан олармен жалпы сабақтар өткізіледі. Арнайы сабақтарға қажеттілігі бар балалар ауруханалардың немесе диспансерлердін емдік жаттығулар жасалатын кабинеттерінде шұғылданады. Оқушыларды дайындық немесе арнайы топқа қосу қажетті мерзімге созылады. Денсаулығы жақсарса, олар басқа топқа ауыстырылады. Балаларды дене тәрбиесі сабақтарынан ұзақ мерзімге босату, оларға пайда келтірудін орнына бар патологиялық өзгерістердін дамуына әкеліп соғуы мүмкін. Өткір ауырулармен ауырып тұрған немесе созылмалы процестердің өршуінен айыққандарды дене тәрбиесі сабақтарынан босату дәрігер нұсқаған мерзімге ғана болады [51].
Қазіргі кезде адамдардың қолайлылыққа, мейлінше аз қозғалысқа бейімділігі, олардың ойынша денсаулықты көбірек сақтауға мүмкіндік беретіндей көрінеді. Іс жүзінде ол мүлде керісінше. Ұзақ уақыт бойы дене белсенділігін шектеу–денсаулыққа кері əсерін тигізеді. Дене жаттығуларымен айналысу көптеген аурулардың алдын алу тəсілі болып табылады. Бүгінде дене еңбегін ой еңбегі ығыстыруда. Бірақ, атап өткеніміздей, нəтижелі ой еңбегі жақсы шынығуды қажет етеді. Бұлшық еттің қозғалысының аздығы тек бұлшық еттің ғана емес, сонымен қатар миды əлсіздіндіреді жəне оны əр түрлі ауруларға бейім етеді. Көптеген ғалымдардың ойынша ең белсенді ақыл-ой қызметін қалай болғанда əлсіз дене шектейді, өйткені оймен түсінік болуы мүмкін, ал оларды тексеру жəне кейін іс жүзінде қолдануға күш қалмайды.
Қазіргі адамдар аз қозғалады, жұмысқа, мектепке алыс-жақындығына қарамастан көлікпен барып, пəтерге лифтімен көтеріледі. Ал сенбі, жексенбі күндеріміз ұйқымен, теледидардың алдында өтеді. Бұлшық еттер қызметінің азаюы қан тамырларын тартып, жұқартады.
Салауатты өмір салтының басты шарттары мейлінше қимыл белсенділігі, тиімді тамақтану, еңбек пен демалыс тəртібі, жан дүниесінің өз–өзін реттеу (психикалық, эмоциялық жағдайдың қолайлылығы). Қимыл белсенділігі–жекелей даму бағдарламасын өзгерте алатын басты фактор. Қимылдың тек оптималды белсенділігі ғана сауықтыруға тиімді əсерін тигізеді, əсіресе, организмнің соматикалық, вегетативтік жəне психикалық қызметтерінің үйлесімді дамуын жəне сауықтыру тиімділігін қамтамасыз етеді. Жеке адамның ең оптималды өлшемін табу–барынша күрделі іс. Осы үшін де кейбір физиологиялық жүйелердің, ең алдымен кардио–респираторлық жүйе қызметі жағдайының жекелей көрсеткіштерін бағалау ұсынылады [52].
2.4 Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану режимі
Орта мектептегі қайта құрылулар келешек ұрпақты дайындауда ой–өрісі кең және өнегелі болуына көп күш жұмсайды. Сондай жетістіктерге қол жеткізу үшін мектеп оқушыларының денсаулығы мықты болуы тиіс.
Қазіргі заманғы мектеп оқушыларының өсуіндегі жоғары жылдамдық пен ақпараттық, психоэмоционалдық және ақыл–ой жүктемесінің күн санап артуы, әсіресе белок, витаминдер мен микроэлементтер сияқты тағамдық заттектердің жеткілікті мөлшерінің тамақ арқылы тұрақты түсіп отыруын талап етеді. Осыған байланысты мектеп оқушыларының құнды тамақтануы–мектеп бағдарламаларын жақсы меңгеру сапасын анықтайтын, толыққұнды дене бітімі мен ақыл–ой дамуына қажетті және өскелең ұрпақтың денсаулығының негізін қалайтын білім беру үрдісінің міндетті элементі болып табылады.
Еліміздегі мектеп оқушыларын медициналық тексеруде балалар мен жасөспірімдердің 5%-ы бойы аласа, соншасы дене салмағы жеткіліксіздігі–мен көңіл жұбатарлық нәтиже көрсетпеді. Сондай-ақ дене салмағы артық балалар санының өсуі байқалуда. Шамамен әрбір бесінші оқушы гастрит және өт жолдарының дисфункциясымен, ал әр жетінші анемиямен, көру және психоневрологиялық бұзылыстарымен ауырып, мектепті бітіргенше оқушылардың 1/3 созылмалы аурулармен сырқаттанады екен [53].
Балалардың денсаулық жағдайы мен дене бітімінің дамуындағы көрсетілген ауытқулар–тиімсіз тамақтану, ретсіз ас қабылдау, тамақтану режимінің бұзылуы, күнделікті оқу жүктемесінің артып отырған жағдайында дене белсенділігінің төмендеуі сияқты қауіп–қатерлік жағдайлардың жиынтығынан қалыптасады.
Жоғарыда айтыландарға орай, мектеп асханаларындағы тамақтануды ұйымдастыруды жақсарту мәселесі кезек күттірмей шешуді талап етеді. Мектептер мектеп жасына дейінгі және ерте балалық шақта қалыптасатын дұрыс тамақтанудың пайдалы дағдыларын бекітуге міндетті. Өскелең организмнің алмастырылмайтын заттектерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін, тағам құрамына алуан түрлі азықтар енуі тиіс. Әсіресе жануар белоктарының жеткілікті түсуінің маңызы зор болғандықтан, жалпы ақуыз мөлшері 50% - дан кем болмауы тиіс. Жануар ақуызының жетіспеушілігінде жұмысқа қабілеттілік төмендеп, қажу туындап, оқу үлгерімі нашарлайды [51].
Мектеп оқушыларының тамағында күнделікті 500 мл–ге жуық мөлшерде сүт және ашыған сүт өнімдері болуы қажет. Оқушы мектепте міндетті түрде тамақтануы тиіс. Мектепте таңертеңгілік ас қабылдаған балалар аз шаршап, ас қорыту жолының ауруларымен сирек ауырады. Белгілі бір уақытта ас қабылдау мидың тағамдық орталығын қоздырып, барлық ас қорыту үрдісіне қатысты ағзалардың іске қосылуына ықпал жасап, тәбетті сол уақытында ынталандырып отырады. Тамақтанудың жүйелілігі бұзылғанда шоғырланған сөл бос асқазанға түсіп, шырышты қабатына қолайсыз әсер көрсетіп, тамаққа деген оң рефлекс бұзылып, тәбет жоғалады. Тамақтану режимін қадағаламау көптеген аурулардың себебіне айналуы мүмкін. Өсіп келе жатқан ағзаның алмастырылмайтын тағамдық заттектерге тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыратын маңызды әдістің біріне 1–4 сыныптағы барлық балаларды ыстық тамақпен қамту болып табылады. Қазіргі таңда Қазақ Тағамтану академиясының тамақтануды үйлестіру лабораториясының ғылыми негізделіп, ұсынған ас мәзірімен еліміздің бастауыш сыныптарының оқушылары тамақтануда. Бұл ас–мәзірін қолдану: тамақтың әр түрлі болуы мен дайындалу технологиясын қадағалауға; рационның үйдегі тамақпен шектеулі түсетін антиоксиданттармен байытуға; дайын тамақтың сапасын бақылауды жақсартуға мүмкіндік береді. Сондықтан еліміздің балалары мен жасөспірімдері жастайынан дұрыс, сапалы әрі қауіпсіз тамақтануға дағдыланса, балалар арасындағы аурушаңдық деңгейі де төмендеуі сөзсіз [53]. Ұтымды тамақтану–денсаулықты және адамның өмірінің ұзақтығын қолдайтын, хроникалық, инфекциялық аурулардың алдын алатын негізгі факторлардың бірі.
Балалардың ағзасының дұрыс дамуын, яғни бойының өсуі және дамуын тамақпен толыққанды қамтамасыз етусіз елестету мүмкін емес. Себебі, тағамдағы ақуыздардың жетіспеуінен баланың дене және сана сезімінің дамуы тежеледі, жыныстық жетілуі баяулайды [54]. Организмнің қажеттілігін толық қамтамасыз етуге белок, май, көмірсу, су, витаминдер және минералды тұздар міндетті түрде жеткілікті түрде болуы керек . Олардың қатынас мөлшері де есте болуы керек, әсіресе бұл балалардың тәулік мәзірінде ескеріледі (кесте 13). Өсіп келе жатқан бала организміне витаминдер өте қажет, сондықтан баланың жасына лайық витаминдердің мөлшері ішіп–жейтін тамақтың құрамында болуы тиіс. Қазіргі кезде баланық жасына лайық витаминдердің қажетті мөлшері толық анықталған (кесте 14). Тағамдардан алатын көмірсу, май, витаминдердің жетіспеуінен әр түрлі ауруларға шалдығады. Ұтымды тамақтану организмдегі процестердің дұрыс ретімен жүруіне көп көмегін тигізеді. Сондықтан нәрестелік кезден бастап оңтайлы тамақтануды әдетке айналдыру керек [55].
Кесте 13. Органикалық заттардың тәулік мөлшері, г
Жасы
|
Ақуыз
|
Май
|
Көмірсу
|
8-11 жас
|
55-57
|
80-95
|
350-380
|
12-14 жас
|
61-63
|
90-110
|
380-400
|
15-16 жас
|
66-70
|
90-110
|
420-450
|
Кесте 14. Витаминдердің қажетті мөлшері
Баланың жасы
|
Витаминдер, мг
|
А, МЕ1
|
В1
|
В2
|
В6
|
Р
|
С
|
Д, МЕ1
|
7–11
11–14
Ересек адам
|
5000(1,5) 5000(1,5) 5000(1,5)
|
1,5
2,0
2,0
|
3,0
3,0
–
|
1,5
2,0
2,0
|
15
20
15
|
60
70
50
|
500
500
500
|
МЕ1 – дүниежүзілік бірлік өлшем
|
Тамақтану тәртібі сақталмай, қалыпты жағдайдан бұзылса гастрит, қарын мен ішектің жаралы науқасы, атеросклероз, дененің мөлшерден тыс толуы және т.б. сырқаттар пайда болуы мүмкін. Мұндай сәтсіздік ересектерде балаларда да байқалады, әсіресе жұмыс істемей, қозғалмай бір жерде отыратын адамдарда сырқат өршіп кетеді.
Күндіз тамақ ішу арасы 4-5 сағат болуы тиіс. Түнде тамақ ішпей ас қорыту мүшелерінің демалуы 8-10 сағатқа созылады, әрине бұл тәртіп жұмыс істеу уақыты мен жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Тамақтанудың ертеден қалыптасқан тәртібі бойынша таңертеңгі ас тамақтың тәуліктік мөлшерінің 20-25%, 2 сағаттан кейінгі жеңіл тамақ 10-15%, түскі тамақтану 40-45%, ал кешкі 20-25% болуы керек. Ал үш мезгіл тамақтанғанда таңертеңгі ас 25-30%, түскі 45-50%, ал кешкі 20-25% болады. Энергия қажеттілігін тәуліктік энергия шығыны бойынша анықтайды.Негізгі тағамдық заттардың айналым процесінде ағзада түзілген энергияны жылу энегиясының бірлігі–килокалория (ккал) немесе–килоджоуль (кДж), 1 ккал=4,184 кДж өлшейді (кесте 15).
Өсіп дамуына байланысты балалардың тамақтану тәртібі ерекше. Мектептерде балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты бір кісілік тағамның мөлшерлері анықталып, уақытылы беріліп отыруы керек. Ұзақ қоңырауда ыстық тамақ берілуі керек (кесте 16) [39].
Кесте 15. Балалар мен жасөспірімдер тамақтануының тәуліктік калориясы
Жасы, жыл
|
Жынысы
|
Ккал/күн
|
кДж/күн
|
6
|
-
|
1970
|
8077
|
7-10
|
-
|
2300
|
9430
|
11-13
|
ұлдар
|
2700
|
11070
|
қыздар
|
2450
|
10045
|
14-17
|
жасөспірім ұлдар
|
2900
|
11890
|
жасөспірім қыздар
|
2600
|
10660
|
Кесте 16. Жас ерекшелігіне байланысты граммға шаққандағы үлестердің ұсынылатын массасы
Тамақ ішу, тамақ
|
Жас ерекшелігі
|
7 жастан бастап 11 жасқа дейін
|
11–18 жас
|
Бірінші тағамдар
|
200–250
|
250–300
|
Екінші тағамдар
|
|
|
Гарнирлер
|
200
|
230
|
Ет, котлета,балық, құс
|
100
|
100
|
Көкөніс тағамы, жұмыртқа, ірімшік, ет тағамы
|
200
|
250
|
Салат
|
80
|
100
|
Үшінші тағамдар
|
200
|
200
|
Тағамдардан ағзаға қажетті өте маңызды заттар көп. Тамақтың құрамынан алатын қажетті заттар, тиімді және тиімсіз тамақтанудың нәтижесі төмендегідей:
Тиімсіз тамақтану
|
Тиімді тамақтану
|
-жүрек, қантамырлар ауруы;
|
-зат алмасу мен көптеген
|
-ас қорыту мүшелері ауруы;
|
аурулардың алдын алудың
|
-зат алмасу бұзылады.
|
-ең басты шарты[56].
|
Тамақтардың пайдалы да, пайдасыз да түрлері бар. Қазіргі заманда әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында асқазанға өте ауыр майлы әр түрлі фаст фудтармен (өте тез дайындалатын ас) тамақтану көбейіп барады [57]. Тағамға қойылған гигиеналық талаптар:
1.Ағзаның энергетикалық шығындарын жеткілікті толықтыратын мөлшерде қабылдануы;
2.Ұлпалар мен мүшелерді құруға қажетті, физиологиялық процестердің қалыпты жүруін қамтамасыз ететін тағамдық заттардың құрамында – нәруыздардың, майлардың көмірсулардың, витаминдердің, минералды заттардың және судың болуы;
3.Алуан түрлі болуы, жануарлар және өсімдіктер өнімдерінен тұруы, жеткілікті мөлшерде тапшылықтардың болуы;
4.Жағымды дәмге, иіске ие болуы және түс-түсімен тәбеті тартуы;
5.Көлемі шамалы болуы және тоқтылық сезімді қамтамасыз етуі;
6.Жеңіл және жақсы сіңуі;
7.Температурасының тиісті болуы;
8.Сапалы болуы.
Тамақтануға мынадай гигиеналық талаптар қойылады: тәулік бойы тамақты қабылдау тәртібін сақтау; жастың кәсіптік, қызметтік ерекшеліктерге, климаттық жағдайларға, тұрмыстық дағдыларға және қалыпты ас қорытуға септігін тигізетін тамақ қабылдауға жағдайлардың болуы [14].
2.5 Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
Деніміз сау болу үшін біраз күш жұмсау керек. Ол үшін аурудың алдын- алу туралы белгілі ережені, талапты білу қажет.
Кез-келген ауруды емдегеннен гөрі алдын алған жеңіл. Салауатты өмір сүру денсаулықты сақтап нығайтуды қамтамасыз ететін өмір салты. Өмір салт адамның тіршілік әрекеті. Ғылыми дәлел бойынша адам денсаулығының 55–60 % оның өмір салтына тікелей байланысты екен. Салауатты өмір салты белгілі бір жүйелердің жиынтығынан тұрады. Осы жүйелердің орындау арқылы салауатты өмір сүреміз [47].
Салауатты өмір салтына (СӨС) ықпал ететін мынадай жайттар бар:
1.Шынайы табиғи ортаның тәуекелдік факторлары: күннің белсенділігі;
жердің магниттік және иондық қабатының толқуы; жердің электромағнитті өрісі кернеуінің артуы; метеорологиялық жағдайының өзгерісі; атмосфералық қысымның, температураның, ауа ылғалдылығының ауытқуы.
2.Антропогендік, техногендік ортаның тәуекелдік факторлары, экологиялық тепе –теңдіктің бұзылуы.
3.Урбанизацияға байланысты тәуекелдік факторлары (қалалар мен қала халқының өсуі): микроклимат өзгерісі; қалалар табиғи ортасының ластануы; халықтың көші – қон белсенділігінің артуы; жүйке тоздыратын күйге алып келетін өмір қарқыны мен мазасыздықтың өсуі; «психологиялық» ластанудың ықпалы (әр түрлі секталар);
-өндірістік ортаға байланысты тәуекелдік факторлар: шу; температура режимінің бұзылуы; радиация; зиянды химиялық заттар; жүйке көңіл күй жүктемесі; жұмыстың бір ізді ырғағы, түнгі жұмыс ырғағы.
4.Шағын–әлеуметтік (тұрмыстық) ортаның тәуекелдік факторлар: ақша кірісінің төмен деңгейі; қолайсыз тұрмыс (нашар коммуналдық–тұрмыстық жағдай, жайлы жағдайдың жоқтығы, жеке пәтердің болмауы); әлеуметтік агрессия (жалпы мәдениеттің, саудадағы, көліктегі,тұрмыстық кәсіпорындардағы қызмет мәдениетінің төмендігі, ұжымда өзара түсініктің болмауы;
5.Генетикалық–тәуекелдік факторлар:әр түрлі аурудың тұқым қуалау арқылы сақталуы.
6.Өмір салтына байланысты тәуекелдік факторлар: темекі шегу; арақ–шарапқа әуес болу; нашақорлық; тиімсіз тамақтану (тоя тамақ ішпеу, тамақты асыра ішу, сәндік диеталарды ұстану, жүйесіз тамақтану,яғни майдың холестериннің көп болуы, витаминдер мен микроэлементтердің тапшылығы);
ьжүріп–тұруы аз өмір салты; дәрі–дәрмектерді өз бетінше ішу; болмашы себептерге бола жүйкені тоздыру; бір ізді, бір сарынды өмір, жалқаулық салдарынан өмірдің қызықсыздығы; еңбек пен демалыстың қисынсыз режимі (дұрыс ұйықтамау, мерзімі бойынша ұйқы тапшылығы); жалғыздық; жыныстық сауатсыздық; жақын адамдармен самарқау, дөрекі сөйлесу [57].
Қоғамдағы денсаулық мәдениетке байланысты. Неғұрлым мәдениет төмен болса, соғұрлым қоғамдағы денсаулық төмен болады. Осыдан шығатын қорытынды: баланы жас кезінен бастап өзінің денсаулығын сақтай білуге үйрету. Осыған орай денсаулықты сақтау екі бағытта жүргізілуі керек.
1)Әрбір адамға валеологиялық білім беру ең жас кезінен бастап берілуі тиіс;
2)Тұлғаның өзін–өзі тәрбиелеуі–креативті валеологияны (creation–жасап шығару) өзі жасап шығару [10].
3. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
3.1 Мектеп аясындағы денсаулық сақтау бағытындағы педагогикалық технологиялар
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 37–бабында былай делінген: «Білім беру ұйымдарында оқу–тəрбие үдерісі білім алушылардың, тəрбиеленушілердің денсаулығын ескере отырып, жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тəрбиеленушілердің ауруына жол бермеу, денсаулығын нығайту, дене бітімін жетілдіру, салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі». Осы бапқа сəйкес бірінші орынға оқу үрдісіндегі денсаулықты сақтау психология-педагогикалық негіздерін қолдану барысында сапалы білім беру қойылып отыр.
Педагогика ғылымына «технология» ұғымы ХХ ғасырдың 60-жылдарында ене бастады.
Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік енді. Дегенмен, оның мəн–мағынасы туралы пікірлер сан алуан. Түсіндірмелі сөздікте: «Технология–бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердігі амалдардың жиынтығы» деп берілсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей əсер ететін педагогикалық ықпал деп есептейді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нəтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді.
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі жəне сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульды оқыту технологиясы, П.И.Третьковтың, К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың жəне басқа көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал.
Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Н.Оразақынованың, т.б ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Ұлттық қауіпсіздік кепілдерінің бірі–білім беру кез келген елдің басты ресурсы. Халықтың тәндік, рухани және моральдық денсаулығы мемлекеттің өркениет деңгейін анықтайды және ұлттың тұрақты дамуының көрсеткіші болып табылады. Оқушылардың денсаулығын қалыптастыру және нығайтуда қазіргі кезеңіндегі білім беру мекемесі қоғам дамуының маңызды элементі болуы тиіс. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау тұтастай бүкіл қоғамда басым бағытта, себебі тек дені сау балалардың ғана дұрыс білім игеруге қабілетті болып, болашақта пайдалы, өнімді жұмыспен айналысуға мүмкіндігі мол. Білім беруде денсаулық сақтау өзара байланысты 3 блокты ұсынады: денсаулық сақтау мемлекеттік құндылық, қоғамдық және жеке. Денсаулық сақтау бағытындағы педагогиканың басты ерекшелігі: оқушыларды өз денсаулықтарын бағалауға, сауаттылыққа және денсаулық сақтауға бағытталған шараларға белсене қатысып, салауатты өмір сүруге дағдылануға тарбиелеу және де оқушылар денсаулығын үнемі экспресс-диагностикадан өткізіп, бақылап отыру және ағзаның қалыпты дамуын бақылап, оқушы денсаулығы туралы қажетті қорытындылар (оқу жылының басы мен аяғында) жасап отыруға мүмкіндік тудырады.
Мектеп аясындағы денсаулық сақтау бағытындағы технологиялардың басты мақсаты денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру. Денсаулық сақтау және салауатты өмір салтын хабардар ететін ақпараттар денсаулық сақтау мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Балалар мен жасөспірімдер денсаулық сақтау мәдениетіне араласып жатқан ішімдік, темекі және есірткінің құрбаны болмау жолдарын, өз денсаулығын қалай нығайту керегін, өмірде қалай табысқа жету керегін т.б. сұрақтарды алдымен дәл осы мұғалімдер мен арнайы мамандардан сұрайды. Денсаулық сақтау бағытындағы технологияларды қолдану мұғалімнен үлкен кәсіби біліктілікті (оның білімі, мәдениеті, оқытудың жеке тұлғалыққа бағытталған жүйесінде жұмыс істей білуі, оқушыға деген ізгілікті қарым-қатынасы) қажет етеді. Алдына қойған мақсатқа жету мен оң нәтижеге жету үшін технологиялық амалдар мен денсаулық сақтаушы әрекеттерді дұрыс ұйымдастыра білу қажет [40].
Денсаулық сақтау технологиясы жеке бағдарланған тәсіл негізінде жүзеге асырылады және оларды негізгі 3 топқа бөлуге болады:
1)білім беру процесінің гигиеналық оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету технологиялары;
2)оқу процесі мен оқушылардың дене белсенділігін оңтайлы ұйымдастыру технологиясы;
3)мұғалімдер мен тәрбиешілер тарапынан сыныпта және сыныптан тыс түрлі іс-шараларға қолданылатын психологиялық және педагогикалық технологиялар [58].
3.2 Денсаулық сақтау технологияларының моделдері және оларға сипаттама
Денсаулықты нығайту және сақтауды білім беру жүйесінде қарастырған ғалымдар: М.М.Безруких, Г.К.Зайцев, Н.А.Заруба, Р.И.Айзман, Е.А.Бабенкова, В.В.Колбанов, О.А.Никифорова, Н.К.Смирнов, В.Д.Сонькин, Л.Г.Татарникова, В.И.Ярославцева. Денсаулық мәселесінің шешу жолдары ретінде М.Б.Антропов, И.А.Аршавский, Н.Д.Гравская, С.П.Летунов, Р.Е.Мотылянская, В.П.Филин, Н.А.Фомин, т.б. ғалымдардың еңбектерінде мектептегі сауықтыру мен алдын алу жұмыстарының медициналық, биологиялық, гигиеналық бағыттары қарастырылған.Технология дегеніміз-білім беру үрдісіне қажетті әдіс-тәсілдер жүйесі және техникалық және адами ресурстарды пайдалана отырып оқытуды жетілдіре отырып білімді меңгерту[60].
XXI ғасырдың ең озық білім беру жүйелерінің бірі ретінде Н.К.Смирновтың анықтамасына сәйкес денсаулық сақтау бағытындағы технологияларды денсаулық сақтау педагогикасының негізінде қарастыруға болады. «Денсаулық сақтау бағытындағы технологиялар» түсінігі педагогиканың сөздік қорында соңғы бірнеше жылдар аралығында пайда болды және оны әліге дейін көптеген оқытушылар санитарлық гигиеналық іс шаралар аналогы ретінде қолданылып келеді. Бұл «Денсаулық сақтау бағытындағы технологиялар» терминінің бұрмаланған түсінігін көрсетіп тұр, жұмыс мазмұнының әлсіз көрінісі. Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту–оның маңызды міндеті ретінде мектепте жүзеге асырылу керек. Кейбіреулері денсаулық сақтау бағытындағы технологияларды–педагогикалық технологияның бір немесе бірнеше жаңа баламасы, сондықтан таңдауға болады, мысалы С.Френе, В.Зайцева, М.Монтессори тағы басқа олардың технологияларымен немесе денсаулық сақтау технологияларымен жұмыс жасауға болады деп санайды. Басқаша нұсқада «денсаулық сақтау бағытындағы технологиялық көрінісінің мифологизациялануы», яғни мектептерде бұрын көрмеген және ғажайып тиімділікке ие тәрізді[58]. Жоғарыда денсаулық сақтау технологиясына әр түрлі көзқараста болғанын атап кеткен болатынбыз. Осылайша, К.В.Дубов (2002) денсаулық сақтау бағытындағы педагогикалық технологияға «мектепті толық медициналық қызметпен қамтамасыз ету» деп анықтама берді. Ал А.Н.Акимова (2002) осы түсінікке мектепте ауруларды туындатпау мақсатында гигиеналық талаптарды ұстану, сабақ кестелерінің тиімді ұйымдастырылуы және мерзімінде профилактикалық тексерілуден өтіп тұру жатады деп түсінді.
Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясының білім беру жүйесіне кіруін зерттеген ғалымдар: Г.К.Селевко (1998), Э.Н.Вайнер (2001), К.К.Хрюндель (2002), Н.К.Смирнов (2003), А.К.Колеченко (2008), В.Ф.Базарный, Л.В.Знаков, Н.В.Голобородько, В.Д.Сонькин, Е.С.Полат, М.Ю.Бухаркина, М.И.Моисеева, Ю.В.Науменко, А.Р.Вирабова, О.А.Шклярова, Л.М.Сураева, Н.В.Шестакова, И.Г.Павлович және т.б.
Денсаулық сақтау технологиясының моделін ұсынған ғалымдар: Н.К.Смирнов, В.Ф.Базарный, А.К.Колеченко, Л.В.Знаков, А.Р.Вирабова, О.А.Шклярова, Л.М.Сураева, Н.В.Шестакова, И.Г.Павлович және т.б. [61]. Денсаулық сақтау бағытындағы технологияларына ерекше көңіл бөліп, зерттеген ғалымдардың бірі Н.К. Смирновтың анықтамасы бойынша ол барлық психологиялық-педагогикалық технологиялар, бағдарламалар, әдістері, оқушылардың денсаулық мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған, оның сақтау және нығайтуға ықпалы, жеке қасиеттері, мәні ретінде денсаулығы туралы идеялар қалыптастыру, салауатты өмір салтын айналысуға ынталандыру болып табылады. Оның классификациясы:
-медициналық-гигиеналық технология (МГТ). Медициналық-гигиеналық технологияларға Санитарлық ережелер мен нормаларда белгіленген талаптарға сәйкес тиісті гигиеналық жағдайларын қамтамасыз ету және мониторингтік көмек жатады. Медициналық кеңсе мектеп оқушылары үшін егу ұйымдастырады, кеңес және төтенше көмек көрсету үшін медициналық кеңсесіне хабарланылады, оқытушылар ұжымы мен оқушыларға арнайы санитарлық–гигиеналық іс–шаралар өткізіледі, студенттердің денсаулығын динамикасын бақылап отырады эпидемия (тұмау) қарсаңында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырады және медициналық қызмет көрсету құзыреті шегінде өзге де бірқатар міндеттерді шешеді. Дәрігерлер мен медбикелер қатысуы психо-педагогикалық кеңес өткізу үшін қажетті болып табылады, мұнда денсаулықтарына байланысты проблемалары бар жеке оқушыларға қатысты мәселелер шешіледі. «Емдік білім» бағдарламасы бойынша сабақтар денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қатысуымен және қатысуымен жүзеге асырылуы тиіс. Күнделікті күтім мен оқушыларды қамтамасыз ету үшін мектепте стоматологиялық, физикалық терапия және басқа да медициналық кеңселер жасау, мұғалімдер, емдік дене шынықтыру, ұйымдастыру фитобар оқыту жүргізу т.б. осы технологияның элементтері.
-дене шынықтыру және сауықтыру технологиясы (ДСТ). Физикалық дамудың айналысатын бағыттары: беріктендіру, күшті дайындық, төзімділік, жылдамдық, икемділік және басқа да қасиеттері, физикалық дамуы жағынан әлсіз адам мен сау адамды ажырата білу. Бөлімдерде дене шынықтыру және спорт сабақтарын іске асырылады.
-экологиялық денсаулық сақтау технологиясы (ЭДТ). Осы технологияның бағыты–табиғатпен үндестік құру, табиғатпен үйлесімді қарым-қатынас, оңтайлы өмір сүру жағдайларын және адам әрекеті. Ал мектепте бұл мектеп аумағы мен сыныптарда жасыл өсімдіктер, демалыс, және тірі аймағын жабдықтау, және қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына қатысу болып табылады.
-өмір тіршілігінің қауіпсіздігі технологиясы (ӨТҚТ). Төтенше жағдайлар, сәулетшілер, құрылысшылар, коммуналдық өкілдері, инженерлік қызмет, азаматтық қорғаныс, өрт инспекциясы, еңбек қорғау, қорғау жөніндегі сарапшылар және оларды жүзеге асыру т.б. жатады. Денсаулығын сақтаудың басты міндеті арнайы жағдайда мұннан бастап қарастырылады-осы мамандардың талаптары мен ұсынымдарын өмірін сақтап қалу үшін медициналық-технология жалпы жүйесіне міндетті тіркеу және интеграция жатады. Осы мәселелер бойынша сауаттылығы оқушылардың ӨҚН курстары арқылы қамтамасыз етіледі, оқытушылар - «Денсаулық және қауіпсіздік» курсы арқылы және мектептегі қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету үшін мектеп директоры жауап береді.
Денсаулық сақтау бағытындағы технологиялар 3 топқа бөлінеді (ДСТ):
1)педагогикалық-ұйымдастырушылық технологиялар (ПҰТ)-білім беру үрдісінің құрылымын айқындайды, СанПин бойынша ішінара регламенттеу, шаршау күйін болдырмауға көмектеседі, дене белсенділігі және басқа да бейімдеу жағдайлары;
2)психологиялық және педагогикалық технологиялар (ППТ)–мұғалімнің 45 минут өткізетін сабағында оқушыларына тікелей әсер ететін жұмыстарына байланысты. Бұл психологиялық және педагогикалық қолдау білім беру процесінің барлық элементтерін қамтиды;
3)оқу-әдістемелік және білім беру технологиялары (ОБТ)-оқушыларды денсаулығына сауатты қамқорлық жасау және денсаулығының мәдениетін насихаттау бағдарламаларын оқытуды қамтиды, салауатты өмір салтын ұстануды, оларды ынталандыруды, жаман әдеттерден алдын алуды, сондай-ақ, мектептен кейін оқушылармен тәрбие жұмыстарын өткізіп, оған ата-аналарының қатысуын қамтамасыз етеді [40].
В.В.Сериковтың анықтамасы бойынша, әр саладағы технология–әрекет, бұл тақырып аумағы объективті заңның барынша көп дәрежеде көрсететін шаралары осы саланы дамытудың ығытына сәйкес салынып, алдын-ала қойылған мақсаттарға берілген шарттар үшін ең жоғары тиісті шығаруларын қамтамасыз етеді. Ұсынып отырған мәселеге қатысты технология, бұл әдістемелік реттеуші қорытындысы бойынша, педагогикалық денсаулық сақтау қызметі ретінде айқындалуы мүмкін. Онда білім беру және оқыту арасындағы жаңа қарым-қатынас қалыптастырады, баланың денсаулығын жақсарту және сақтауға арналған. Педагогикалық денсаулық сақтау баланың табиғи қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ету керек: оның ақыл, адамгершілік және эстетикалық сезімін, қызметі үшін қажеттілік, адамдармен бастапқы тәжірибе меңгеру, табиғат, өнер.
В.Д.Сонькиннің пікірінше, денсаулық сақтау бағытындағы технологиялар бұл:
-мектепте баланы оқыту шарттары (күйзелістің болмауы, қойылатын талаптары, оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің жеткіліктілігі);
-білім беру процесінің ұтымды ұйымдастыру (жасына, жынысына, жеке сипаттамалары және гигиена талаптарына сәйкес)
-физикалық жүктеме мен оқудың оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
-қажетті және жеткілікті тиімді режимнің ұйымдастырылуы.
Денсаулық сақтау технологиясын жүйелеуді О.В. Петров былай түсінді, білім берудің барлық субъектілерінің, рухани эмоционалдық, интеллектуалдық, жеке және физикалық денсаулығы қорғау, жетілдіру және дамыту үшін барынша мүмкін жағдай жасау. Бұл жүйеге мыналарды енгізді:
-оқушылардың денсаулық жағдайының мониторинг деректерін пайдалану, медициналық мамандық және білім беру технологияларын іске асыру және қолда бар деректерге сәйкес оны түзету;
-оқушылардың арнайы жасы мен жады, ойлау, денсаулық сақтау, қызмет сипаттамалары сай оқу стратегияларын және т.б. дамыту есебі, осы жас тобында оқушылардың белсенділігі;
-технологияларды жүзеге асыру барысында қолайлы эмоциялық және психологиялық климатты құру;
-денсаулықты сақтау және жұмысқа қабілеттілік қорларын арттыру бағытында оқушыларың денсаулығын ілгерілетудің түрлі іс-әрекетін пайдалану[61].
Достарыңызбен бөлісу: |