Математика (грек- білім, ғылым)- ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістіктегі пішіндер жайлы ғылым. Математиканың даму тарихы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезең математика, білім дағдыларын қолдану,жинақтау дәуірі. Ол ерте кезден басталып, б.з.б. 7-6 ғасырларына дейін созылады. Бұл дәуірде математика азамзаттың өмір тәжірибесіне тікелей тәуелді болды, солардан қорытылған ережелер жинағынан құралды.
Екінші кезең математиканың өз алдына дербес теория, ғылым болып тууы, қалыптасу кезеңі. Мұнда, көбінесе, сандар, скалярлық шамалар (ұзындық, аудан, көлем т.б) тұрақты болып келді. Осы уақыттарда арифметика, геометрия, алгебра, тригонометрия және математикалық анализдің кейбір элементтері пайда болып, айрықша теория пән ретінде қалыптасты. Математика сауда саласында жер өлшеуде, астрономияда, архитектурада қолданыла бастады. Бұл кезең тұрақты шамалар математикасы, элементтар математикасы кезеңі деп те аталады. Ол екі мың жылға жуық мерзімге созылып, шамамен 17 ғасырда аяқталды.
Үшінші кезең айнымалы шамалар математикасы немесе жоғарғы математиканың (математика, анализ, геометрия, т.б.) туу, қалыптасу кезеңі 17-18 ғасырдағы жаратылыстану мен техниканың жылдам дами бастауы математикаға қозғалыс пен тұрақсыздық идеяларын айнымалы шамалар және олардың арасындағы функционалдық тәуелдік түрде енгізу қажеттілігін туғызды.Нәтижесінде математиканың аналитикалық геометрия, диференциалдық және интеграциялдық есептеулер, т.б. салалары пайда болып дифференциалдық теңдеулер теориясы мен диференциалдық геометрия дами бастады.Бұл 17 ғасырда басталып, 19 ғасырдың 2 жартысына дейін созылды.
Төртінші кезең қазіргі математика кезеңі. Есептердің жауаптарын сандық түрде беру үшін 19-20 ғасырда сандық әдістері негізінде математиканың жеке тарауы- есептеу математикасы пайда болды. Көптеген есептердің күрделі сандық шешімдерін ықшамдау және тездетіп шығару үшін электрондық есептеу машиналары, компьютерлер жасалына бастады. Есептеу техникасының кең қолдануына байланысты бағдарламалау теориясы пайда болды.
Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзілік білім әлеміне кіру мақсатында Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу- тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласына жаңаша қарауда: мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін жаңаша тұрғыда ұйыдастыру, оқушылардан танымдық, шығармашылық потенциалдық дамытуды талап етеді. Қазақстан Республикасының білім туралы заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азамзаттық
4
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шығындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп- білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін әрмұғалімде күнделікті ізденіс арқылы, барлық жаңалықтармен қатар тұру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым- қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Міне, осындай маңызды мәселелерді шешуде жас ұрпақ сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше.
Қазіргі уақытта ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика әдістері барлық жаратылыстану, экономикалық және техникалық ғылымдар ғана емес, тіпті математикадан алшақ деп саналатын тіл ғылымына, педагогика мен психологияға, сондай-ақ социологияға, археологияға және т. с. сеніп, ортақ тіл табысып, ішкі құрылыс заңдарын ашатын пәрменді құралға айналып келеді. Бұл пән- кездейсоқ құбылыстар заңдылығымен айналысатын математика саласы.
Ықтималдық ұғымдарының тарихи дамуы мен ғылым ретінде қалыптасуы бірнеше сатыдан өтеді. Бұл ғылымның дамуына Европа ғалымдары Б. Паскаль, П. Ферма және т. б.ғалымдар үлес қосқан. Бұл ғылымның келесі дамуы ұлы орыс математигі Пафнутий Львович Чебышев басқарған Петербург ықтималдықтар теориясы мектебімен байланысты XIX ғасырдың орта кезінде жарық көрген іргелі зерттеулерінен бастап, Россияда ықтималдықтар теориясы пәрменді дамыды.
Кездейсоқ шама- ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарының бірі. Кездейсоқ шама- жағдайға тәуелді белгілі бір ықтималдығы бар әр түрлі мән алатын қандай да бір шама. Кездейсоқ шаманың маңызды сипаттамасының біріне оның таралу (үлестірілуі) ықтималдығы жатады.
Бұл жұмыста Дискретті кездейсоқ шама, Монто Карло әдісімен модельдеу туралы толық ақпарат келтіріп, мысалдар қарайтын боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |