кезең (2014-2015 жж.) – теориялық-ізденушілік: зерттеу мәселесі анықталып, оның мақсаттары мен міндеттері айқындалды, зерттеудің ғылыми аппараты дайындалды, зерттеудің теориялық негізі жасалды. Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік еңбектерге шолу және талдаулар жасалынды; зерттеу мәселесіне сәйкес,мұғалімдердің озық тәжірибелері жинақталып, арнайы осы мақсатқа лайықталған дидактикалық материалдар іріктелінді, педагогикалық эксперименттің анықтаушы кезеңі орындалды. Отандық, шетелдік іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарына талдау жасау барысында қарастырылып отырған мәселенің ғылыми-теориялық негіздері анықталды, ғылыми мақалалар жарияланды. Зерттеудің теориялық және әдістемелік бөлімдерін сипаттауға қажетті материалдар іріктелініп, диссертацияның мақсаты мен міндеттері, құрылымы анықталды.
кезең (2015-2016 жж.) – тәжірибелік эксперименттің қалыптастырушы кезеңі орындалды. Эксперимент барысында зерттеудің ғылымилығы негізделіп,
жоғары оқу орны жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдануының құрылымдық- мазмұндық моделі жасалды. Инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану даярлығының әдістемесі әзірленіп, тәжірибе жүзінде оның тиімділігі тексерілді.
кезең (2016-2017жж.) – эксперименттің жұмыс барысында алынған мәліметтерінің қорытындысы шығарылды. Зерттеу нәтижелері талқыланып, статистикалық-математикалық өңдеу жұмыстары жүргізілді, диссертацияны талапқа сай рәсімдеу жүзеге асырылды.