«инклюзивті білім беруде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің АКТ қолдану даярлығы» бұл тұлғаның маңызды кәсіби сапаларының қалыптасуы мен ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасына кіріктіру арқылы инклюзивті жағдайда оқытуды, тәрбиелеуді, дамытуды жүзеге асыруының оңтайлы және тиімді етіп пайдалану алу даярлығы мен қабілеттілігі. Демек,
инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің АКТ-ды қолдану даярлығының педагогикалық, психологиялық ерекшеліктері негізделіп, айқындалады;
инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің АКТ-ды қолдану даярлығының мотивациялық, когнитивтік, еріктілік критерийлері мен көрсеткіштердің жиынтығын құрайды және элементарлық, функционалдық, жүйелілік деңгейлеріне сәйкес жүзеге асырылады;
инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сыныпмұғалімдерінің АКТ-ды қолдану даярлығының әдістемесі (арнайы курс бағдарламасы, студенттердің АКТ құзіреттілігін тексеретін жаттығулар, тапсырмалар, тренингтер, педагогикалық жағдаяттар) және тәжірибелік – эксперимент нәтижелері алынады.