2 сағ. 4апта
Мақсаты: студенттерді мененжер іс-әрекеттегі мнемикалық процестермен, оның түрлерімен және менеджменттің іс-әрекетіндегі ролімен таныстыру.
Кілт сөздер: мнемикалық процестер, жады, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жады, көру, есту, қозғалыс, эмоциялық, бейнелі, дәмдік, кинестетикалық жады.
Дәріс жоспары:
1.Мнемикалық процестер түсінігі және олардың құрамы
2.Басшының іс-әрекетіндегі оперативті жадының ерекшеліктері
3.Басшының іс-әрекетіндегі ұзақ мерзімді жадының спецификасы
№ 1 сұрақ. Мнемикалық процестер түсінігі және олардың құрамы
Перцептивтік процестер басқарушы іс-әрекет үшін кәсіптік маңызы бар ақпаратты қабылдауды қамтамасыз етеді, ал мнемикалық процестер – оның сақталуын қамтамасыз етеді. Олар «жады» деген ортақ түсінікпен бірігеді. Этимологиялық тұрғыдан алғанда бұл термин барлық музалардың анасы, грек құдайы Мнемозинаның атынан шыққан. Адамды жазалауды ниет ете отырып, мифологиялық құдайлар оны ақылынан емес, жадысынан айырып отырған – бұл жанама түрде жадының ролін көрсетіп отыр.
Жады өзіне процестердің: есте сақтаудың, сақтаудың, жаңғыртудың және ұмытудың тұтастай жүйесін қосады. Олар өздерінің бағытталғандығы, функционалдық ролі және негізгі заңдылықтары бойынша ерекшеленеді.
Кез келген өзге психикалық құбылыс секілді, жады бірқатар негізгі түрлергі бөлінеді.
Ерікті және еріктен тыс жады бір нәрсені есте сақтап қалу мақсатының болуымен немесе болмауымен ерекшеленеді.
1. Қозғалу,қимыл, эмоциялық, бейнелі (жоғарғы көрінісі – эйдетикалық жады, аса ұсақ бүге-шігесіне дейінгі бейне), сөз-қисын жадысы.
2. Көру, есту, түйсіну, сезу жадысы, дәмдік, кинестетикалық жады – есте сақтауға арналған ақпаратты беретін талдағыштың белгісі бойынша.
3. Ұзақ мерзімді жады және қысқа мерзімді жады.
Оперативтік жады – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жадының ерекшеліктеріне ие болатын спецификалы жады. Бұл нақтылы іс-әрекет орындау барысында келіп түсетін және тек оның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті ақпараттың есте сақталуын, сақталуын және жаңғыртылуын қамтамасыз ететін мнемикалық процестердің жүйесі.
Жақсы жады өздігінен өзі табысты басшылық жасаудың кепілі болып табылмайды. Басшы жадысының негізгі спецификалық ерекшеліктері оның даму деңгейінен емес, есте сақтау, сақтау және жаңғырту тәсілдерінен көрініс табады. Басшы оған басқарушы іс-әрекет қойып отырған талаптарға сай келетін жадының қажетті құрылымына, оның спецификалы «құрылысын» білуі тиіс. Осы талаптардың мазмұны келесіден тұрады.
- Есте ұсталатын және сақталатын ақпараттың құрылымында ерекше орынды заттар туралы емес, субъекттер туралы мәліметтер алып жатады.
- Табысты іс-әрекет жасау үшін басшының жадында сақталуға тиісті ақпараттың көп көлемінің болуы.
- Ұйымдық жүйелер социотехникалық сипатқа ие болғандықтан, ақпараттың алуан түрлілігінің жоғары дәрежесі.
- Бекітілетін ақпараттың әр типтілігі: фактілер туралы, пікірлер туралы және т.б.
- Барлық ақпарат көздерінің өзара байланыстылығы. Бұл белсенді жүйелеуді және тек қана негізгіні ұстап қалуды талап етеді.
- Басқарудың оперативтік жағдайларының өзгеруінің динамикалылығы жадының ақпаратты өзектендіруге үнемі дайын болуын қажет етеді.
- Қатаң уақыт режимі қажетті ақпараттың жадыда жаңғыру жылдамдығына талаптар қояды.
- Басқарушы жағдайлардың жалпы ерекшеліктерін ғана емес, олардың «бөліктерін» де ескеру қажет.
Мнемикалық процестерге басқарушы іс-әрекеттің жоғары қауырттылығы теріс әсерін тигізеді.
Басқарушы іс-әрекетінің ерекшеліктері басшының мнемикалық ұйымдасуының екі саласына: оперативтік және ұзақ мерзімді жадыға ерекше талаптар қояды.
№ 2 сұрақ. Басшының іс-әрекетіндегі оперативті жадының спецификасы
Басшының оперативтік жадысының ең ортақ ерекшелігі – оның қалыптасқандығының және жалпы даму деңгейінің жоғары шамасы. Жадының осы түрі басшының мнемикалық процестерінің құрылымында басым орын алып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |