Дістемелік кешен



бет32/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#85013
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   134
Байланысты:
УМКД МП бакалавриат

Қажетті ақпаратты өзектендірудің жылдамдығы – басшының оперативтік жадысының келесі бір маңызды ерекшелігі.
Оперативтік басқару процесі үшін бір мезгілде бірнеше міндетті шешу қажеттігі тән, осыған орай оперативтік жады тағы бір ерекшелікке – жоғары динамикалыққа, лабильділікке, бір міндеттерден екінші біреулеріне ауысуа білуі тиіс. Іс-әрекеттің жоғары қауырттылығының себебі осындай ауысулардың уақыт бірлігіндегі жоғары саны табылады, бұл шаршап-шалдығуды тездетеді.
Психологиялық зерттеулер оперативтік жадының теріс функционалдық күйлерінің әсеріне басқа психикалық процестерге қарағанда көбірек ұшырап отыратындығын көрсетеді, сондықтан оның стресске төзімділігі деп аталатындығы туралы сөз қозғау қабылданған.
Таңдамалылық – оперативтік жадының өте маңызды синтетикалық ерекшелігі. Бұл – ақпаратты басымдылығы бойынша жылдам және дәл бағалау қабілеттілігі.
Басшының оперативтік жадысының үлкен көлемі және оның бірліктерінің ауқымы – кеңдік ерекшелік.
Оперативтік жадының әрбір бірлігінде басқарылып отырған әртүрлі қырлары туралы оперативтік мәліметтердің үлкен кешені болады.
Оперативтік жады бірліктерінің құрылымданғандығы – бұл олардың реттелгендігі, өзара қисынды, функционалдық және мазмұндық байланысы.
Өзектендіруге қондырғы. Жуық арада қандай ақпаратты өзектендіру қажет екендігін болжауға және алдын ала анықтауға басшыға жағдайдың даму қисыны мүмкіндік береді. Бұл үшін «оперативтік жадының болжанғыштығы», «баса жүретін еске алу» терминдері қолданылады.
Дезинформацияға (жалған ақпарат беруге) оперативтік жады өзіндік ерекшелігімен көзге түседі: оқиғалар туралы есте ұстау ғана емес, осы оқиғалар туралы өзінің версиясын да есте сақтау қажет. Шынайы ақпаратқа қарағанда, жалған ақпаратты жадыда ұстап тұру анағұрлым қиынырақ. Іскерлік қарым-қатынастың көптеген техникалық тәсілдері осы заңдылыққа негізделген: мысалға, тергеушінің жұмысындағы ерсілі-қарсылы жауап алу техникасы – жалған ақпаратқа деген оперативтік жады ерте ме, кеш пе, жаңылыс береді.
Оперативтік жады ақпараттарының қарама-қайшылықтығы. Мысалға, басшы қол астындағылардың үйлеспейтін сан көптеген пікірлерін, ұстанымдарын ескеріп отыруға тиіс.
Жоғары мобилизациялық дайындық – басшының оперативтік жадысының барлық ерекшеліктерін синтездейтін, аса маңызды интегративтік қасиет. Ол басшының негізгі оперативтік-мнемикалық қасиеті болып табылады.
Басшының оперативтік жадысын сипаттай отырып, оның іс-әрекетінде қысқа мерзімді жадының ұйымдасуының ерекшеліктеріне байланысты және ол басқа когнитивтік процестермен өзара әрекеттескен кезде пайда болатын феномендерді қарастырған жөн.
Жалпы тұрғыдан алғанда, бұл интеллектуалдық іс-әрекеттің когнитивтік деформацияларының түр тармақтары (biasis).
«Қол жетерлік» эвристикасы. Субъект оны қаншалықты еске түсіру оңай болса, оқиғаны соншалықты ықтималдырақ және шындыққа сәйкес келетін деп есептейді.
«Нақтылық» эвристикасы. Оқиға туралы ақпарат неғұрлым түсініктірек және нақтырақ болса, адам оның маңздылығын соғұрлым арттыруға және оған сенуге бейім келеді.
Ирвин әсері: эмоциялық-позитивті оқиға қысқа мерзімді жадыға жеңілірек және жылдамырақ көшіріледі және, «қол жетерлік» эвристикасына сәйкес, аса жоғары бағалау алады, ал теріс оқиға басылып тасталады және оның қысқа мерзімді жадыға ауысуы тежеліп қалады. Жарақат салатын факторлардан психологиялық қорғану механизмі әрекет ете бастайды. Бұл басшыларға тән қателік, оның жүйелі түрде қайталанып отыруы басшылықтағы «сындарлы емес оптимизм» стиліне алып келуі мүмкін.
«Репрезентативтілік» эвристикасы. Оқиға адамның тәжірибесіне неғұрлым ұқсас болса, оған бұл оқиға соғұрлым шындыққа жанасатындай болып көрінеді. Адам - өз тәжірибесінің тұтқынында қалады.
3 сұрақ. Мененжер іс-әрекетіндегі ұзақ мерзімді жадының спецификасы
Ұзақ мерзімді жадының спецификасы басқарудың практикалық және стратегиялық функцияларымен байланысты, сондықтан ол басқарушы іс-әрекеттің режимдік факторларымен азырақ түсіндіріледі. Бірақ ол «материалдың» - есте сақтау, сақтау және жаңғыртуға арналған ақпараттың ерекшеліктерімен анықталады. Ұзақ мерзімді жады басшының іс-әрекетінде келесі ерекшеліктерге ие.
Материалдың үлкен көлемі, алуан түрлілігі және әртүрлі сапалылығы (гетерогенділігі. Сипаты бойынша әртекті материалды есте сақтау тәсілдері және жадының әртүрлі типтері кей кездері бір бірімен «қабаттасып» кетеді және біріне бірі кедергісін келтіреді. Бұл құбылыс психологияда интерференция феномені деп аталады.
«Әлеуметтік нысан» секілді, ұзақ мерзімді жадыға арналған материал мнемикалық процестердің алдына жаңа талаптарды кесе көлденең қояды. Адамның бет әлпетін есте сақтау жадысы басшыға қажет. Бұл басқа мнемикалық қасиеттің – қол астындағылардың жалпы алғандағы субъективтік сипаттамаларына: қабілеттіліктеріне, мүдделеріне, өмірбаянының ерекшеліктеріне және т.с. жадысының қарапайым көрініс табуы. Тиімді жұмыс істеу үшін стимул бола отырып, қол астындағылар үшін бұл маңызды мотивациялық роль ойнайды. Батыс менеджментінде басшының қол астындағы адам туралы жеке басының жадысы тек ынталандыру құралы ғана емес, манипулятивтік техникалардың бірі ретінде де кеңінен қолданылады.
Есте сақтлған материалды құрылымдау бірқатар механизмдердің: материалды ұғыну мен топтастырудың, жүйелеу мен категориялаудың, оқиғаларды маңыздылығы бойынша ретке салудың және олардың арасында байланыс орнатудың және т.с. көмегімен жүреді. Осының нәтижесінде ұзақ мерзімді жадының материалы мнемикалық немесе семантикалық (мағыналық) желі түсінігімен белгіленетін пішінге ие болады. Онда байланыстардың екі негізгі – горизонталь және вертикаль түрлері бар. Біріншілері тәжірибенің элементтері арасындағы тура мағыналық ассоциациялармен түзілген. Екіншілері тәжірибені жалпылану дәрежесі бойынша құрылымдайды.
Ұзақ мерзімді жадының кешенділігі есте сақталуға тиісті материалдың кешенділігімен анықталады. Осыдан барып келесі ерекшелік – ұзақ мерзімді жадының жағдайлылығы келіп шығады. Ол бекітілетін ақпараттың нақтылы басқару жағдайлары түріндегі рәсімделгендігін білдіреді. Ұзақ мерзімді жадының «бірліктері» бар. Олар болып, әдетте, жағдайлық рәсімделген мағыналық блоктар табылады, оларды белгілеу үшін «сценарий», «скриптер», «фреймдер» (ағылш. Frame — каркас, құрылым) секілді түсініктер пайдаланылады.
Басшының ұзақ мерзімді жадысының өнімді қасиеттері психологиялық құбылыс ретінде «ойланып пішкен тон келте болмас» және т.б. секілді бірқатар сөз тіркестерінде бекітіледі. Осы феноменнің негізі – екі негізгі психологиялық механизмі бар.
Реминесценция құбылысы (қандай да бір уақыт өткеннен кейін мнемикалық процестердің көрсеткіштерінің жақсаруы) және ойда сақталған ақпарат өңдеуге ұшыратылатын, сақтау процесінің өзінің белсенді сипаты.
Басшының қол астындағылармен өзара әрекеттесу процесі екі негізгі типке – аспапты және экспрессивті болып бөлінеді. Аспаптық тип – іс-әрекетті жүзеге асыру амал-тәсілдері, құралдары, басшының қол астындағылармен іскерлік өзара әрекеттестігі. Экспрессивтік тип – бірлескен іс-әрекетте тұлғалық қатынастардан туындайтын байланыстар. Қатынастарға деген жады эмоциялық оң, бейтарап және теріс болуы мүмкін.
Басшының ұзақ мерзімді жадысының полифокустылығы оның функцияларының көп аспектілігімен байланысты. Ол көптеген нысандарды, құбылыстарды, өз іс-әрекетінің салаларын мнемикалық бақылаудың қажеттігінен тұрады.
Осының «ілесе жүруімен» ұзақ мерзімді жадыда ақпарат бекітіліп қалатын маңызды қосымша белгі оның растылық параметрі. Демек, ақпарат көзін және оны алу жағдаяттарын есте сақтап қалу керек. Басшының ұзақ мерзімді жадысының спецификалық сипаттамаларының бірін құрайтын «ақпарат шлейфі» жадыға түсетін күштің артуына алып келеді және жалпы талаптарды арттырады.
«Жақсы ұзақ мерзімді жады» қасиетіне қарама-қарсы сипаттама ұмыта білу ретінде белгіленеді. Төрт мнемикалық процестердің бірі бола отырып, ұмыту адамды шамадан тыс ақпараттық күш түсуден сақтап отырады. Бұл – жатталып қалған ақпараттардың объективтік маңыздылық және субъективті елеулілік параметрлері бойынша селекциялануының белсенді процесі. Басшының міндетті мнемикалық қасиеті ретінде, селективтік ұмытудың бар болуы басқарушылық құзырет белгілерінің бірі болып табылады. Белсенді ұмыту механизмі сонымен қатар, барлық керексізді сүзгіден өткізе отырып, басшының жеке кәсіптік тәжірибесін тұрақтандыру функциясын да орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет