Бақылау сұрақтары:
1 М.Қашқари жіктеуі
2 Түркі тілдерінің жүйесін жасаудағы В.В.Радлов, Ф.Е.Корш, А.Н.Самойловичтардың еңбектері туралы
3 Г.Менгес, И.Беньцинг, Т.Текин жіктеуі
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.
2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
12, 13-дәріс
Тақырыбы: Н.А.Баскаков классификациясы. Түркі тілдерінің батыс және шығыс хун саласы, оған кіретін негізгі тілдерге шолу жасау
1. Н.А. Баскаков классификациясының өзіндік ерекшеліктері
2. Батыс хұн тілдері (Бұлғар тобы, оғыз тобы, қыпшақ тобы, қарлұқ тобы)
3.Шығыс хұн тілдері (Ұйғыр-оғыз тілдері, саха якут тіл тобы, хакас тілдерінің тобы)
4.Қырғыз-қыпшақ тілдері (Шығыс хун тілдерінің екінші тармағы)
Кейінгі жылдарда түркі тілдерін сол тілдердің иесі болып табылатын халықтардың қалыптасу, даму тарихындағы кезеңдерге қарай, яғни халык тарихына байланысыра жіктеу бағыты байқала бастады. Жіктеудің осы принципін қолданған Н.А.Баскаков түркі тілдерін алдымен Батыс хун тілдері, Шығыс хун тілдері деп кесек екі топқа беледі де, батыс хун тілін ішінен бүлғар, оғыз, қыпшак, қарлүк деп 4 топқа бөледі. Бүлардың әрқайсысы өз ішінен әрі қарай қазіргі түркі тілдеріне белшектенеді.
Бүл жіктеуде қазақ тілі қыпшақ тілінен бөлінетін ноғай группасына жатады. Б.Серебренников жоғарыда аталған мақаласында Н.Баскаковтың классификациялау принципіне жан-жақты тоқталып, оны қатал да, біраз мәселеде әділ сынайды. Ол түркі тілдерін Н.Баскаков айтқандай сол тілдерде сөйлейтін халықтардың тарихымен тығыз байланысты жіктеу үшін 2 шарт керек дейді: біріншіден, тарихи документтерде, жазба ескерткіштерде аталатын түркі халықтары мен қазіргі түркі халықтары арасында тарихи абсолюттік жалғастылық, төркіндестік барлығы даусыз болсын; екіншіден, тайпалык - бірліктер тілдің қандай екендігі белгілі болсын. Бұларсыз дұрыс шешімге келу мүмкін емес, ал Н.Баскаков аталған екі түрлі алғы шарттың бір-біріне кесі.мді жауап бере алған жоқ.
2-ден, Н.Баскаков өзіне дейінгі зерттеушілер сан рет айтып айқындаған тілдік группаларды тек басқаша, жаңа атаумен ғана атаған. 3-ден, әр группаға жататын тілдік ерекшеліктер деп көрсететіндері де онша сезімді емес, көпшілігі әр түрлі группадағы тілдерде бірдей кездесетін ортақ түлғалар, оның үстіне бүдан басқа әр түрлі группада әр баска болып өзгеріп айтылу себептерін де ашпайды деп сынайды.
Н.А.Баскаков түркі тілдеріне жіктеме жасағанда осындай мәліметтерді, тілмен сол тілде сөйлеуші халыктын тарихи есу жолын, тілдердің карым-қатынасы мен езіндік ерекшеліктерін негізге алады. Осыған орай ол түркі тілдерін ең алдымен батыс және шығыс хун тілдері деп екі топқа беледі. Батыс хун тілдеріне: 1) бүлғар тобын 2)оғыз тобын 3) қыпшақ тобын 4) қарлүк тобын жатқызады да, олардың негізгі фонетикалық ерекшеліктері ретінде : а) з-д-т-й дыбыс сәйкестіктерін (айақ-адақ-азақ-атах); ә) қатаң дыбыстар мен үяң дыбыстардың ажыратылуын( б-п,к-г,с-з,д-т); б) х,в,қ дербес дыбыстарының бар-жоғын тексереді. Лексикалық ерекшеліктерін араб-парсы және монғол элементтерінің аз-көптігін, грамматикалық ерекшеліктерінен қүрмалас сейлемдердің даму жүйесі, жалғау-жүрнақтардың жалғану тәртібін, т.б. көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |