7.4. Тӛзімділікті тәрбиелеуәдістемесі Дене тәрбиесі тәжірибесінде әртүрлі тӛзімділік қабілеттілігін жетілдіретін әдістемелер қолданылады. Ол әдістемелердің ішіндегі ең кӛп таралғандары 1 кестеде кӛрсетілген.
Тӛзімділік барлық спортшыларға қажет қасиет – кейбір, стайерлік жарыс, шаңғы жарысы, велосипед жарысы, ескен есуде тӛзімділік шешуші роль атқарса, футбол, волейбол, баскетбол, су полосы ойындарына да ӛте қажет, ал суға секіру мен лақтаруда тӛзімділіктің маңызы шамалы.Сонымен қатар 5-6 сағатқа созылған биікке секірушілер мен 12 сағат семсерлесу жарыстарын еске алсақ, мұнда барлық спортшыға қажет тӛзімділіктің мұнда да қажет екенін сезінесіз. Тӛзімділік спортшыға тек жарыста ғана емес, кӛп уақытты жаттығу жұмыстарында ұзаққа созылған дайындық пен жарыстар арасында, демалыстарда, тез қалпына келуге де қажет. Сонымен қатар, тӛзімділіктің жоғары дәрежесі – спортшының денсаулығының жақсы екендігін кӛрсетеді. Жалпы алғанда, тӛзімділік ұзаққа созылған жұмыстар атқарғанда, шаршаумен тез күресу үшін, қайта қалпына келу үшін қажет.
Тӛзімділік арнайы және жалпы болып екіге бӛлінеді:Жалпы тӛзімділік –бұл бұлшық еттерді қимылға әкелетін,жүрек қан–тамырлары, тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің кез-келген жұмысты атқаруға шыдау бейімділігі. Жалпы бейімділік әрбір дайындалған айналысушы үлкен және кіші қуатты жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді. Алайда, айналысушының жалпы тӛзімділік деңгейі бірдей емес. Ол шаңғышыларда, алыс қашықтықтарға жүгіретін желаяқтарда, велосипедшілерде жоғары болса, суға секірушілер мен лақтырушыларда, ауыр атлеттерде тӛмендеу.
Айналысушының жалпы тӛзімділігі арнайы тӛзімділіктің дамуының негізі болып табылады, бұл спорттық тәжірибе мен зерттеулерде анықталды. Бұл тӛзімділіктердің арасындағы
75
сабақтастықтың осы қажеттерді жыл бойғы жаттығуларда дамытып отыру қажеттігін кӛрсетеді. әрине, мұнда екі тӛзімділіктің дамуы әр түрлі болады, алдымен жалпы тӛзімділік белең алады, сосын барып осының негізінде арнайы тӛзімділік дамиды. Арнайы тӛзімділік – айналысушының спортпен арнайы жүруімен шұғылданғандағы оның жаңа мен теңіне қойылатын талаптармен ерекшеленеді, айналысушының барлық мүшелер жүйесінің дайындығымен, физиологиялық және жүйке
мүмкіндіктерімен анықталады. Айналысушы шаршағаннан кейін ерік күшінің кӛмегімен жаттығуды жалғастыруынаң негізгі мәні бар. Арнайы тӛзімділік техникасымен тактиканың рационалда жұмсалуымен де байланысты. әрине, ол спорттың әр түрінде әр түрлі. Тәжірибеде оны жылдамдық, ойын, жүзу, күш, секіру т. б. тӛзімділіктер деп аталады. Арнайы тӛзімділік – шаршаумен күресу ғана емес, алға қайған мақсатты тиімді пайдалана білу, мысалы қатаң шектеулі қашықтықта жеңу (жүгіру, шаңғамен жүру, жүзу т.б. спорттың циклді түрлері) және белгілі бір уақытты жеңу (футбол, теннис, су полосы, бокс т.б.) болып жабылады.
Тӛзімділік организмнің әр түрлі қызмет мүмкіндіктерімен анықталады. Ол кӛптеген факторларға байланысты, әсіресе – мидың қызметіне, орталық жүйке жүйесінің аныктауыш, реттеуіш жағдайына, барлық басқа мүшелер жүйесінің жұмыс қабілеттілігіне, энергетикаға да тәуелді.
Орталық жүйке жүйесі бұлшықеттердің жұмыс қабілеттілігін, арлық мүшелер мен жүйелердің қызметінің дұрыстығын, спортшының әрекеті мен дене қозғалысының орындалуынан анықтайды. Бұл жағдайда орталық жүйке жүйесінің кӛп мүмкіндігі бар. Жаттығуда тӛзімділікті қалыптастыруға барлық жүйке процестерінің жүйесі жұмсалады, оның жақсаруына, әрекетінің тиіселді болуына кӛмектеседі. Сонымен қатар, жүйке жасушалары ӛзінің да еңбек ету қабілетін шыңдап, ӛзі де тӛзімділікке үйренеді.
Әр жаттығуға деген мүше қызметі әр түрлі тӛзімділікке ие болады, бұл жерде орталық жүйке жүйесі де әр спортшыда әр түрлі. Сондыктан орталық жүйке жүйесі мен мүшелердің жақсы
76
дайындағы бар айналысушы ғана жақсы жетістікке жете алады. Соңында тӛзімділікті айқындайтын факторлар тіпті ең жоғары деңгейде болғанда да, шаршау ең алдымен орталық жүйке жүйесінде басталады (И.П. Павлов).
Шаршаумен күресу – ең алдымен жүйке орталығындағы ең жоғарғы жүйесінің жұмысқа қабілеттілігімен күресу деп жай айтпайды.