Есте сақтайтын сөздер Қызыл кітап
Қара күзені
Балжегі (итаю)
Қабылан
Қарақал
Алтай арқары
Қызылқұм арқары
Қаратау арқары
Жаттығу жұмыстары
1-жаттығу. Зат есімдерді теріп жазыңыз. Жыныстық көбею жануарлар мен өсімдіктердің көбеюінің бір түрі. Жыныстық көбею жолында жаңа организм аналық және аталық жыныс жасушалары - гаметалардың қосылуынан пайда болған зиготадан дамиды. Жыныс жасушаларының даму жолдары мен ұрықтану процестері әртүрлі. Бірақ жыныс жасушаларының даму негізінде бір жалпы процессбар- ол ұрық жасушаларының бөлшектенуі және осы жасушалардың хромосомалар санының азаю механизмі. Бұл механизмді басқаратын мейоз- жыныс жасушаларының бөліну әдісі. Жасушадағы хромосомалардың саны екі есе азайып диплоидты жасушаға, бұдан тағы екі рет бөлініп төрт гаплоидты жасушаға айналады.
2-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, жалқы есімдерді тауып, оларды бас әріппен көшіріп жазыңыздар. Генетиканың негізгі заңдарын чех табиғат зерттеушәісі Г. Мендель 1865 жылы ашқан.Сырт пішіні бір-бірінен бір ғана белгіден өзгешілігі бар аталық-аналық жұптарын қосуды моногибридтік будандастыру деп атайды. Белгілердің сыр көрінісін фенотип, ал гендердің жиынтығын генотип деп атайды. Қарама-қарсы жұп белгілерді 1902 жылы В.Бэтсон аллеломорфтық жұп деп, ал белгінің жұптығын аллеломорфизм деп атауды ұсынған. 1926 жылы Иоганнсен аллеломорфизм атауын қысқаша –аллелизм, ал бір жұптағы жеке бірлікті аллель деп атауды ұсынды.