3-жаттығу. Сөйлемдегі сөздерді құрамына қарай талдап, қосымшаларды жалғау, жұрнақ түріне ажыратыңдар. 1.Көп сөйлеген мылжың шын сөзді азайтады. 2.Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. 3.Қайратыңа әдісіңді, әдісіңе ақылыңды жолдас ет. 4.Міндеттеме қабылдау – бір ерлік, оны орындау – мың ерлік. 5.Не істесең де ойлап істе, ойламай істесең, қор боласың. 6.Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге.