Дістемелік материалдар кешені


Оқытушы бақылауымен студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар



бет27/122
Дата11.07.2022
өлшемі5,97 Mb.
#147393
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   122
Байланысты:
ijñòåìåë³ê ìàòåðèàëäàð êåøåí³

Оқытушы бақылауымен студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар:




Л5.1

Сұрақ №1

Биологияның оқыту мен тәрбие жеке ғылыми әдіснамасы туралы түсінік.



Л5.2

Сұрақ № 2

«Жеке ғылыми әдіснама», «гнесеология», «эпистемология», «оқыту мен тәрбие теориясы» ұғымдарының арақатынасы.



Л6

Студенттің өзіндік жұмысына сұрақтар :




Л6.1

Сұрақ №1

Зерттеу проблемасы», ондағы «қарама-қайшылық», «обьект», «пән», «мақсат», «міндет» пен «ғылыми болжам» ұғымдарының арақатынасы.

Л6.1.1

СӨЖ-ге тапсырма

Реферат жазу

Л6.1.2

Бақылау түрі

Рефератты қорғау

Л6.2

Сұрақ № 2

Биологияны оқытудағы «заңдар», «заңдылықтар» мен «принциптер» ұғымдарының арақатынасы.



Л6.2.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ орындау

Л6.2.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л6.3

Сұрақ № 2

Зерттеу нәтижелерін жазбаша ресімдеуде қолданылатын нұсқаулықтар, стандарт тар, сөздіктер мен анықтамалар.



Л6.3.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ орындау

Л6.3.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л7



Сабақты бақылау түрі:

Бақылау сұрақтары

Л7.1

1

Биологиялық білім берудің әдіснамалық негіздеріне жалпы шолу жасаңыз.

Л7.2

2

Ғылыми білімді дамыту, ғылыми зерттеудің құралдары мен әдістері дегеніміз не?



Л7.3

3

Биологияны оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері дегеніміз не?



Л8



Ұсынылатын әдебиеттер:




Л8.1

Негізгі әдебиеттер:




Л8.1.1

1

1.А. К. Колеченко. Энциклопедия педагогических технологий. Изд-во АРО, 2002 г.


Л8.1.2

2

2.Қуанышева С. Е. „Тәнтану курсында оқушыларға салауатты өмірсүрудің психологиялық негіздерін қалыптастыру”. ЮКГУ 2000.



Л8.2

Қосымша әдебиеттер:




Л8.2.1

1

3.Қуанышева С. Е. „Ауылшаруашылық биотехнологиясына зерделік шолу”. ЮКГУ 2000



Л8.2.2

2

4.Қисымова А.Қ., Обаев С.Н. Биологияны оқыту әдістемесі. Жалпы бөлім: дәріс курсы. Алматы,2010



Л8.2.3

3

5.Мырзабаев А.Н., Биологияны оқыту әдістемесі.- Қарағанды, 2006.






4

6.Мягкова А.Н., Комиссаров Б.Д. Жалпы биологияны оқыту методикасы.- Алматы, 2007.



Л9



Қосымша (ТСО, қызметті танудың жандандыру әдістері, көрнекі жәрдемақы, тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)




Л10

Тарау нөмірі

1

Л11

Тарау атауы

Биологиялық білім берудің негізгі үрдістері мен даму кезеңдері, әдіснамалық және теориялық негіздері



9-сабақ (Зертханалық сабақ 3)



Лаб1





Тақырыбы:



«Тірі организмдер» пәні бойынша зертханалық сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуге қойылатын талаптар.



Лаб1.1

___ сабақ

9

Лаб1.2

___ зертханалық сабағы

3

Лаб2

Оқу-зертханалық жабдықтар тізімі:

Алдын-ала дайындалып қойылған бактериялары бар түрлі тұнбалы ыдыстар, жабын шынылары, заттық шынылар, микроскоп, пробирка, қыздырғыш плитка, фильтр қағазы, горелка, кедр майы, су, метилен (синьки) көк ерітіндісі, күзгі жапырақтар, сүт. Әр түрлі қыналар коллекциясы,ылғалданған мақта



Лаб3

Мақсаты :

«Тірі организмдер» пәні бойынша зетрханалық сабақтардың тақырыптарын анықтап, оларға қойылатын талаптар мен құрал- жабдықтарын саралау



Лаб4

Сабақ пререквизиттері, постреквизиттерін көрсету керек




Лаб5

Қысқаша теориялық мәлімет:

Балдырлар және бактериялар тақырыптарында өткізілетін зертханалық сабақтардың шамаланған әдістемелік нұсқауы


Балдырлармен лабораториялық жағдайларда танысу үшін тірі және фиксирленген материал қажет. Осы мақсатта табиғатта материал жинау аса қиындық тудырмайды. Планктәнды балдырлардың үлгілерін терең емес <таяз) су коймаларынан банкаларға планктәнды себет көмегімен алады. Планктәнды себет болмаған жағдайда оны тайыз суға арналған елек көмегімен жасауға болады немесе кез-келген жұқа, бірақ тығыз матаны пайдаланады. Қаптың кең жақ бөлігі үшқұлақты металл сақинаға бекітіледі. Құлақтарына екінші ұшы кіші сақинаға бекітілген жіптің бір ұшын байлайды. Соңғысына ұзын жіп байланады. Сачоктың төменгі жағына арнайы дайындалған, кранигі бар кішкентай стакан немесе воронка қойылады, екінші жиырылған ұшына қысқышы бар резеңке түтік кигізіледі (1-сурет).





1-сурет. Планктонды себет үлгісінің сызбанұсқасы.


1- дайын планктонды себет, 2- оралған күйде, 3- жазып көрсетілген түрі,
R- стакан радиусы, г- себеттің кірер тесігіндегі латунды сақина
радиусы, P-S- үлгінің қиятын тұсы.


Планктонды балдырлардың үлгісін алу үшін себетті ағысқа қарсы біраз уақыт алып жүреді немесе едәуір тереңдікке ұстап тұрады. Планктон дегеніміз негізінен су ағысының көмегімен қозғалатын, жүзетін организмдер жиынтығы. Олар жылдам және белсенді орын ауыстыруға қабілетсіз. Планктонды организмдер су бетінде, терең жерлерде, су түбінде де таралады. Хризомонадалы және диатомды балдырлар таза суық суларда, көк-жасыл, эвгленалы және жасыл балдырлар - жылы (азығы мол) эвтрофты, ал десмидиялылар - шымтезекті батпақтарда кездеседі. Планктонды тіршілік ететін микроорганизмдерді концентрлеу үшін оларды планктәнды себет арқылы бірнеше рет сүзеді. Осы сумен алдьш-ала шайылған таза банкаларға үлгілер салынады да, этикетка жапсырып, пробкамен жабылады. Оларды лабораторияларға алып келгенде кақпағын дереу алып тастау керек. Этикетка жай карындашпен жазылып, банканың ішіне үлгілермен бірге салады.
Бентосты балдырлар - су қоймаларының түбінде (грунт) мекендейтін организмдер, соңымен бірге су бетінде жүзіп жүретін, "тина" деп аталатын мақта тәрізді жасыл қауымдар. Қоңыр балдырлардан басқа балдырлардың барлық бөлімдерінің өкілдері тұщы судың бентосты балдырлары болып табылады. Бентосты балдырларды жинау үшін су коймасынын түбінен аз ғана мөлшерде алса жеткілікті. Тереңдігі бір метрге жететін тайыз сулардан балдырларды пробирка көмегімен немесе ұшында шыны түтігі бар резина шланг көмегімен жинауға болады. Өте тереңнен сапалы үлгілерді таякқа бекітілген темір банкалар көмегімен алады. Батпақтан балдырлар жинағанда үлгілерді әр түрлі участоктардан алу керек. Егер ашық су кеңістіктері болса планктән үлгілері етіп бал­дырлардың мақта тәрізді жасыл қауымдары алынады. Мүкті батпақтардан үлгілерді мүктерді қолмен сығу арқылы алады. Қаулап өскен балдырлар балдырларын жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді суы бар банкаға ақырын жуып алған жақсы. Көзге анық кәрініп тұрған балдырларды жай қолмен немесе таяқпен, ал субстратқа жабысып өскендерін пышақпен кырып алады. Пышақпен қырғанда балдырды субстратымен бірге алған дұрыс. Су астындағы қандай да бір затқа жабысып өскен балдырларды перифитондар деп атайды.
Өте тереңнен балдырларды ұзын тісті сырық немесе драга (ұзын ағаштың ұшында темір ілмегі бар құрал) көмегімен алуға болады. Ағаштарда, шыңдарда, тастарда, ылғалды жерлерде, шатырларда және үй кабырғаларында түзілген жерүсті және кеңістік балдырларын мүмкіндігінше бекінген субстратымен бірге пышақ, скальпель, ботаникалық қазғыш көмегімен жинайды (2-сурет). Оларды стерильді қағаз пакеттерге немесе 4 %-ті формалин ерітіндісі бар шыны түтіктерге салады. Жерүсті балдырларына бір клеткалы, колониялы және жіп тәрізді балдырлар, негізінен көк-жасыл, жасыл және диатомды балдырлардың өкілдері жатады. Олар ылғал мен температураның тез арада өзгеруіне бейімделген.
Топырақты мекендейтін балдырлар топырақ бетінде, тіпті 1-2 метр тереңдікте де өмір сүреді. Топырақта өсетін жасыл, сары-жасыл, диатомды және эвгленалы балдырлардың 2000-дай түрі белгілі (3-сурет). Топырақ бетінен жай көзбен қатпарлы пленкаларды немесе көк-жасыл балдырлардың кілегейлі қабаттарын кәруге болады. Микроорганикалық формаларының құрт өсуінен топырактың жасылдануы байқалады.
Топырақ құрамында мекендейтін балдырлар тек микроскоппен ғана кәрінеді.Топырақ балдырларын анықтау үшін екі түрлі культураны (балдырларды өсіруге арналған жасанды қоректік ортаны) қолданады: сулы орта, ол кезде аз мөлшердегі топырақты стерильді қоректік ортасы бар колбаға орналастырады; топырақты орта, онда топыракты Петри чашкасына салып, ылғалдайды да, оның бетіие стерильді жабьга шыныларды жабады. Ол ортада бал­дырлар жақсы өседі. Культураларды бөлме температурасындағы жарыкта ұстап, балдырлар өскен сайын қарап, құрамын аныктайды. Топырақ үлгілерін құрғак. күйінде кез-келген ыдыста бөлме температурасында сактайды. Олар бірнеше ондаған жылдар бойы өмір сүру қабілетін жоймайды.




2-сурет. Жерүсті балдырлары. I-Plcurococcus vulgaris; 2-Trcntopotia umbrina; 3-Stichococcus bacillaris; 4- Cloeocapsa rupcstris; 5-Stigonema minuium; 6-Tolypothrix byssoidea; 7-Scytoncma oceltatum.



3-сурет. Топырақта мекендейтін балдырлар:


1-3 - көк-жасыл балдырлар: 1- гетероцисталары және споралары бар носток жіпшелері; 2- гетероцистасы және спорасы бар цилиндроспермум; 3-формидрум жіпшелері, олардың бірі кілегейлі қабатымен; 4-8- жасыл балдырлар (4- хламидомонада; 5-хлорелла және оның автоспоралары; 6- хлорококкум және оның зооспоралары; 7-хормидиум жіпшесінің бір бөлігі; 8-сти
хококкус, жеке клеткаларға ыдыраған қысқа жіпшелері); 9-11- сарғыш-жасыл балдырлар (9-плеурохлорис, түрлі өлшемді клеткалары; 10- монодус және автоспораларының түзілуі; П -гетеротрис, жіпшесінің бір бөлігі); 12-14-диатомды балдырлар: 12-навикула; 13-пиннулария; 14-хантшиа.
Қыналар - төменгі сатыдағы өсімдіктердін ішіндегі ең көп тараған, күй талғамайтын, ерекше құрылысты организмдер тобы. 20000-нан астам түрі бар. Бұлар - автотрофты фикобионттар мен гетеротрофты микобионттардың селбесіп тіршілік етуінің нәтижесінде құралған морфологиялық, физиологиялық және экологиялық өз алдына жеке касиеттері бар өсімдік. Қыналардың түсі сұр, сұр жасылдау, қоңыр, сары, сарғыш, кейде қара болып келеді.
Сыртқы пішініне карай 3 топқа бөледі:

  1. Қабықты (қаспақты) қына.

  2. Жапырақты қына.

  3. Бұталы қына.

Бұларды қабаттарының анатомиясына қарай гомеомерлі және гетеромерлі деп бөледі. Гомеомерлі құрылысты қабаты бар қыналар қарапайым, оларда саңырауқұлақ жіпшелері мен балдыр клеткалары біркелкі таралған. Гетеромерлі қабаты бар қыналардың құрылысы күрделі келеді (38-сурет).
Әр түрлі жолмен көбейеді. Қыналар қабаттардың үзіліп түсуі және соридий, изидий деп аталатын ерекше органы арқылы вегетативті жолмен көбейеді. Олардағы балдыр клеткалары жай екіге бөлінуі немесе қозғалмайтын автоспоралар түзу арқылы көбейеді.
Барлық қоректік затты қыналар ауадан, ондағы ылғал мен шаң-тозаңнан алады.
Қыналар - күй талғамайтын өсімдік, ол өте баяу оседі. Мөлшері бірнеше сантиметрден 0,5 метрге дейін жетеді. Қыналар таза ауада жақсы өседі. Басты ерекшелігі - қына қышқылын түзеді.
Құрамындағы саңырауқұлақтарға қарай қыналарды екі класқа бөледі:
1. Қалталы- Ascolichenes қыналар класы (қыналардың көпшілігі).
2. Базидиальды - Basidiolichenes қыналар класы (тропиктік
жақтардағы 20 шақты түр жатады).

4-сурет. Қыналар:


1 – ксантория париентина, 2 – пармелиа фисодес, 3 – бұғы қынасы, 4 – орман кладониясы, 5 – пельтигера канина, 6 – исландия мүгі, 7 – уснея флорида, 8 – коцифера кладониялы, 9 – манна қынасы (Леканора), 10 – емен мүгі (эверния).



Лаб6





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет