Сыртқы белсенділік дегеніміз- оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, тәжіри-белік әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, мими-касы т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне - оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандайда болмасын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.
Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру принципін жүзеге асыруды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым (еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген белсенділік) және күрделі (творчестволық т.б. белсенділік) түрлері болады.
Соңғысы оқушының жоғарғы саналылығы мен дербестігін керек етеді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып, дамиды : қимыл және сөйлеу, ойын және оқу (таным), өзін-өзі тәрбиелеу т.б. белсенділіктер.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
1. мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
2. жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
3. мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
4. оған әсер ететін мотивтер т.б.
Оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар (Р. Г. Лемберг, М. Н. Скаткин, В. А. Занков т.б.) оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшелігі - олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
Алдыңғы қатарлы мектептердің іс тәжірибелеріне көңіл бөлсек, оқушылардың өздік жұмыстарының сан алуан түрі бар екенін байқаймыз. Мәселен, оқушылардың сабақ үстінде меңгерген оқу материалдарын пысықтау үшін оқулық не басқа құралдар бойынша жұмыс істеуі, көркем әдебиеттерін, ғылыми және техникалық әдебиеттерді пайдалануы; жаттығу жұмыстарын жазба түрде орын-дауы, графикалық жаттығу жұмыстарын жүргізуі, түрлі практикалық немесе лабораториялық бақылау жұмыс-тарын өткізуі (репродукциялы жұмыстар), шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында баяндама, реферат, шығармалар, пікір жазуы және көрнекі құралдар, модельдер, конструкциялық т.б. жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Репродуктивтік типтегі өзіндік жұмыстарын оқушылар өздерінің меңгерген білімдеріне сүйене отырып орындайды. Шығармашылық (творчестволық) типтегі өзіндік жұмыстарын орындауда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Сөйтіп бұл жағдайда белгілі дәрежеде оқушылардың бейімділігін айқындап береді.
Оқушылардың үй жұмыстары мен оқу материалын қайталау кезіндегі өздігінен істейтін жұмыстарының да маңызы ерекше. Бұған қоса көрнекі құралдарын (карточкалар, схемалар, чертеждар, оқу карталары т.б.) пайдалана отырып өздік жұмыстарын ұйымдастырудың да пайдасы зор.
Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін, алдымен, олардың өзіндік әрекеттерінің негізгі психологиялық ерекшелік-терін білгені жөн. Оқушылардың өзіндік әрекетіне тән ерекшеліктері мыналар:
1. оқушының алдын ала өз әрекетінің жалпы және нақты мақсаты мен міндеттерін анықтау;
2. жоспарға сәйкес амал-тәсілдерді қолдана білу;
3. өз әрекетінің барысын бақылап отыру.
Егер оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренбесе, оның оқуы жемісті болмайды, ол жиі сәтсіздікке ұшырайды. Мұндай жағдайда оқушының оқуға деген ынтасы төмендейді, соның салдарынан үлгермеушілер қатарына қосылады.
Профессор Р. Г. Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыста-рын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты болмақ:
оқушының істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі;
жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауы. өзіндік Жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:
жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
оқушылардың жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
оқушылардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
оқушыларды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытты дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
оқушылардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдысын қалыптастыру.
Н . К. Крупская 1934 ж. жазған ''өздігінен білім алумен шұғылданушы-ның есіне'' деген тезистерінде мынадай жалпы кеңестер (нұсқаулар) береді:
өздігінен білім алу үшін, алдымен, сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библио-графиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.
Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді. Ең дұрысы - кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
Алғашқы кездерде тәжірибелі адамдардан, кітапхана-шылардан кеңес, консультациялар алудың пайдасы зор. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
Л5
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |