Дістемелік материалдар



бет12/102
Дата30.04.2022
өлшемі378,55 Kb.
#141519
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   102
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

Бақылау сұрақтары:
1. Еліктеуіш сөздердің семантикалық сипаты қандай ?
2.Еліктеуіш сөздердің фонетика, морфологиялық сипатына не жатады?
3. Еліктеу сөздер қандай синтаксистік қызмет атқарады?


Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.
2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А., 2007
3. Сарыбаев Ш. Еліктеуіш сөздер. Алматы, 1982.
4.Катембаева Б. Подражательные слова в казахском языке. АКД., 1965.
16 дәріс тақырыбы: Одағай, мағыналық топтары және грамматикалық ерекшеліктері
  1. Одағай лексика-грамматикалық сипаты. Одағайлардың зерттелуі


  2. Одағайлардың түрлері: негізгі одағайлар, туынды одағайлар


  3. Одағайдың мағынасына қарай бөлінуі


  4. Екі түрлі жағдайда ғана сөйлем мүшесі бола алатындығы



Одағай - сөз таптары категориясының бірі. Одағай сөз табына жататын сөздер адамның әртүрлі көңіл-күйін білдіретін және де адамның көңіл-күйіне байланысты айтылатын ишараттар мен төрт түлік малға, үй хайуанаттарына арнайы шақыра айтылатын сөздер тобы. Қазақ тіліндегі одағай категориясы –басқа сөз таптарымен салыстырғанда, фонетикалық, грамматикалық және семантикалық жақтарымен ерекшеленіп көрінетін, сонымен бірге әуезділікке, арнайы ырғаққа, эмоциялы құбылысқа, интонацияға бай сөз табы. Одағай туралы мәліметтер революцияға дейін шыққан еңбектерде кездеседі. Ондағы мәліметтер одағайды сөз табы деп тануда авторлар пікірі әр түрлі болғанын көрсетеді. Түрік тілдерінде одағайды жеке сөз табы ретінде беру және оның мағыналық топтарын көрсету А.Н Кононов пен Н.А.Баскаковтың грамматикаларынан бастау алған, дегенмен бұл авторлардың одағайды мағыналық топтарға бөлуінде шатастырушылық бары көрінеді. Одағай сөздің табиғаты туралы нақты ғылыми пікір айтқан қазақ тіл білімі әлеміндегі ерекше қабілеті бар феномен атанған адам - Құдайберген Жұбанов.
Қазақ тіл білімінде тіліміздегі одағай сөздерді жан-жақты зерттеген ғалым Ш Ш. Сарыбаев. Ш. Сарыбаевтың орыс тілінде жазған кандидаттық диссертациясының бірінші тарауы одағайдың тіл білімінде жеке сөз табы ретінде танылуының тарихына арналған.
Одағай мағынасында жұмсалатын сөздер тұлға жағынан әр түрлі. Оның құрамындағы сөздер негізінен мына сияқты тұлғадағы сөздер болып келеді: Ойбай! Япырмай! Әттең! Тәйт! Тек! Жә! Сап-сап! т.б. Одағайға жататын сөздердің құрамында бір фонемадан тұратын сөз де болады. Одағай сөз ретінде қазақ тілінде а, ә, е, о, ы дауыстылары жиі қолданылады, әрі олар семантикасы жағынан мағынаға бай келеді.
Тілде тұтас ойға қатысты адамның әр түрлі сезімдерін білдіретін
Одағайлар білдіретін мағыналарының әр түрлілігіне қарай үш топқа бөлінеді.
1. Көңіл-күй одағайлары. Сөйлеуде сөйлеуші адам хабарды тек хабарлап қана қоймайды, хабармен бірге өз ойына өң бере сөйлейді. Хабар беруде сөйлеушінің қуанта, таңдандыра, күлдіре, ызаландыра, өтіне, кекесіндей, сұрай, бұйыра, айтқан ойы көңіл-күй одағайлары арқылы беріледі.
2. Императивтік ишара одағайлары. Бұл топқа адам не хайуанатқа бағышталып айтылатын шақыру, жекіру, тыйым салу, бұйыру мақсатымен қолданылатын одағай сөздер жатады. Бұлар бағытгалып отырған обьектісіне қарай екі топқа бөлінеді. Бірі - адамға бағышталып айтылатын одағайлар, екіншісі - малға, үй хайуанаттарына бағышталып айтылатын одағайлар.
Адамға бағышталып айтылатын одағайларға адамның атына, адресіне бұйыру, жекіру, тыйым салу, мақсатымен қолданылатын одағайлар қатарына Айда!, Ау! Әй! Тәйт!, Сап-Сап, Марш!, Стоп!, Кәне!, Жә!, Тек! (Тәк), Әлди!, Әуп! Тәй-тәй! Қаз-қаз! тағы басқа сөздер жатады. Малға бағышталып айтылатын одағай сөздерге: Моһ-моһ!, Шөре-шөре!, Сорап-сорап!, Көс-көс!, Шәуім-шәуім!, Әукім-әукім!, сияқты сөздер жатады. Бұлар үй жануарларын жемге шақыру, тоқтату, айдау, үркіту, қарғау мақсатымен қолданылатын одағай сөздер.
3. Тұрмыс-салт одағайлары. Бұл топқа жататын одағай сөздер сан жағынан шағындау, бірақ тұрмыста олар жиі қолданылатын бір мағынамен айтылып сипатталатын сөздер. Мұндай одағайлар қатарына адамның амандасу, қоштасу т.б. сыйластық жасаудың белгісі ретінде қолданылатын сөздер жатады. Олар: Хош!, Хайыр!, Рахмет!, Ассалаумағалейкум!, Кеш жарық!, Құп», Ләббай! Дат! т.б.сөздер.
Одағайға жататын сөздер басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалынбайды, сондықтан одағай тудыратын арнайы жұрнақтары жоқ. Кейбір одағайлардан басқа сөз таптарын тудыратын -ла, -ле -лап, -леп; -шыл, -шіл, -ақ жұрнақтары жалғану арқылы туынды түбір етістіктер мен есім сөздер жасалады. Одағай грамматикалық формаларға түспейтіндіктен, сөйлем мүшелерінің бірде-бірінің қызметін атқара алмайды. Заттанғанда не басқа сөздердің тіркесінде келіп, күрделі мүшенің қызметін атқаратыны болмаса, жеке дара тұрғанда сөйлемнің баламасы ретінде жұмсалады.
Одағайларды құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: 1) негізгі түбірлі одағайлар; 2) күрделі түбірлі одағайлар.
Негізгі түбір одағай сөздерге бір фонемадан тұратын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін түбір сөздер жатады. Олар көбіне екі, үш, төрт дыбыстардан тұрады. Мысалы: Жә, уа, әй, паһ, оһо, тек, кәне, тәйтт.б.
Күрделі түбір одағайлар негізгі түбір одағайлардың немесе екі сөздің бірігуінен не қосарлануынан жасалады. Мысалы: Мәссаған! Апырым-ай!
Одағайдың қосарланған түрі сөйлемде жиі қолданылады. Одағайларды бірінен соң бірі дүркін-дүркін қайталанып айту, сезімнің күштілігін, не ишараның, бұйрықтың қаттылығын, қатаңдығын білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет