Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Оқу әдістемелік кешен
Алтыншы
басылым
Ұғым
Сапалық
сипаттамасы
Сандық
сипаттамасы
Символикасы
Химиялық элемент Атом
Аr, валенттілік
Химиялық таңбасы
зат
Молекула,
қоспа
және таза зат Жәй
және күрделі зат
Mr,
заттар
Элементтердің
масса
қатынастары, Моль,
Авагадро саны
Химиялық формула
Химиялық реакция Физикалық
және
химиялық
құбылыстар,
химиялық
реакциялардың
белгілері,
жүру
жағдайлары, типтері
Химиялық
реакциялардағы
заттардың
масса
қатынастары
бойынша есептеулер
Химиялық теңдеу
Тақырыптың білім берудегі міндеттеріне мыналар жатады.
1.
Химия пәні, зат, химиялық элемент, атом, химиялық реакциа, химиялық символика
туралы алғышқы ұғымдарды қалыптастыру (олардың мазмұны
мен сипаттамалары
2.
Алғашқы ұғымдарды қалыптастырудың теориалық негізі болатын атом- молекулалық
ілімінің қағидаларын саналы меңгерту; олардың тұрғысынан заттардың қасиеттерін, химиялық
реакциалардың механизімін түсіндіру.
3.
Құрам тұрақтылық заңын, масс сақталу заңын саналы игерту қолдана білуге үйрету;
4.
Эксперименттік біліктер қалыптастыру: химия зертханасында жұмыс істеу
ережелерімен, қауіпсіздік
техникасымен таныстыру; қыздыру аспаптарымен,
зертханалық штативпен,
реактивтермен, ыдыстармен, т.б жұмыс істей білуге баулу.
Тақырыптың тәрбиелік міндеттері:
1. Табиғаттың бірлігі, заттардың жойылмайтыны, атом және молекуланың анық барлығы
жөнінде ғылыми көзқарас қалыптастыру, пәнаралық байланысты жүзеге асыру.
2. М.В. Ломоносов, А. Лавуазье өмірімен таныстыру арқылы ғылымға шынайы берілген
адамдар ғана жаңалық ашатынын көрсету.
3.Тарихи мәліметтердң тәрбиелік маңызын барынша пайдаланып М.Ломоносов пен
Дальтонның атомостикалық көзқарастарын салыстыру.
4. Оқушылардың химияға құштарлығын тудыру.
Тақырыпты оқытудың тағы бір міндеті – химия пәнін оқытудың мазмұны мен әдістеріне
енгізілген кейін өзгерістерді енгізу. Химия тарихында көрнекі орын алатын негізгі ұғымдарды
енгізген ғалымдар Р.Бойль(элемент ұғымы.), Ж. Пруст (құрам тұрақтылық заңы) туралы қысқа
деректер келтірілген. Бұл деректерді әдістемелік талаптарға толық сәйкес
келмегенімен жаңа
материалды түсіндіргенде, үй тапсырмасын бергенде тиімді пайдалану мұғалімнің міндеті.
Сонымен бірге тарихи материалды оқулықтағыдан гөрі мұғалімнің терең білу керектігін
ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: