Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Қазақстандағы денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектептер» жобасының үйлестірушілеріне арналған әдістемелік нұсқаулық


Мектептің техникалық жағдайын талдау



бет13/30
Дата06.02.2022
өлшемі294,5 Kb.
#76609
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
Мектептің техникалық жағдайын талдау.
Бұл кезеңге денсаулық жағдайы мен оған әсер ететін факторлар туралы ақпарат жинау, оны жүйелендіру мен талдау жұмыстары кіреді.
Мектеп командасы, біртіндеп мынандай іс-шараларды жүзеге асырады:

  1. оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің денсаулық жағдайын санамалап талдау.

Соңғы бірнеше жылдың ішіндегі ресми статистика мен профтексерулер деректері бойынша сырқаттанушылық құрылымы мен деңгейі талданады, және де оқу процесіне қатысушылардың барлығының физикалық және психикалық даму деңгейі талданады.
Статистикалық есеп құжаттары, медициналық карталар, профилактикалық тексерулердің нәтижелері, ауырғанына сәйкес сабақтан қалу деректері, басқа да статистикалық көрсеткіштер ақпарат алу көздері болып табылады.
Жағдайды осылай талдау білім алу процесіне қатысушылардың сырқаттануының сандық көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік береді.
2) сауалнама жүргізу негізінде мектеп оқушыларының өмір сүру салтын талдау:

  • әлеуметтік-тұрмыстық өмір сүру жағдайы;

  • темекі тұтыну;

  • ішімдікке салыну;

  • ПБЗ тұтыну;

  • қимыл-қозғалыс белсенділігі;

  • бос уақытын өткізу;

  • тамақтану әдеті;

  • компьютерге үйір болу;

  • жеке гигиена;

  • өзінің сыртқы түріне қарауы;

  • денсаулық жағдайын өзінің бағалауы;

  • психикалық денсаулығы;

  • құрбы-құрдастарымен қарым-қатысы;

  • ата-анасымен қарым-қатынасы;

  • мектептегі үлгерімі;

  • педагогтармен қарым-қатынасы;

  • жарақатанушылық;

  • түнгі ұйқысының ұзақтығы;

  • таңертеңгілік гимнастика;



2.5. Индикаторлар



  • денешынықтыру сабақтарын гигиеналық талаптарға сәйкес өткізу (оңтайлы тығыздық, ұтымды құрылым, сабақ жүктелімі, медициналық бақылау);

  • медициналық денешынықтыру тобының болуы, ондағы сабақты ұйымдастыру;

  • оқушылардың білім беру мекемесіндегі қимыл-қозғалыс белсенділігінің көлемі

  • сабақтан тыс кездегі қимыл-қозғалыс белсенділігінің көлемі (спорт мерекелері, денсаулық күндері, жарыстар);

  • сабақтан тыс және каникул кездеріндегі спорттық-сауықтыру жұмыстары: түрлі жастағы, жыныстағы оқушылар үшін дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарының (секциялардың, үйірмелердің) жеткілікті мөлшерде болуы;

  • оқытудың ауысымдылығы;

  • балаларды денсаулыққа үйрету үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану;

  • оқушылардың сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі;

  • мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту ісіне ата-аналар мен олардың сайланбалы органының жәрдемдесуге жұмылдырылуы;

  • оқушыларды психологиялық кеңес берумен қамту;

  • денсаулықты нығайтуға, балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын насихаттауға байланысты конкурстар, конференциялар, мерекелер, оның ішінде балалардың көркем шығармашылығы фестивалдерін өткізу;

  • мектепті және оқу кабинеттерін балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы, денсаулығын қорғау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі көрнекі үгіт құралдарымен безендіру;

  • білім беру мекемелеріндегі балалар мен жасөспірімдердің жұқпалы емес және мектепте туындауы мүмкін аурулармен сырқаттануы бойынша қауіпті факторларды мониторингтеу;

  • мектепте медициналық пункттің (медициналық кабинеттің) болуы;




Каталог: userdata
userdata -> Абайтанушы Қайым Мұхаметханұлы
userdata -> Әлия Молдағұлова
userdata -> Ән жанрлары мен мектептері
userdata -> Әуенімен әйгілі әбілқайыр әулеті
userdata -> КӨкбай жанатайұлы (1861-1925)
userdata -> Өтен айгүл жақсылықҚызы кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы
userdata -> Балалардың сүйікті жыршысы (М.Әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдістемелік құрал)
userdata -> Егемен Қазақстанның
userdata -> Сабақтың тақырыбы : «Алаштың дара тұлғасы-Мәшһүр Жүсіп»
userdata -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет