Компоненттері
|
Бақылау пункттері
|
Мектеп – дұрыс тамақтану саясатын әзірлейді
|
Мектеп өз оқушыларының денсаулығы мен сапалы тамақтануын бақылайды. Мұғалімнің, мектеп қызметкерінің дұрыс тамақтанудағы жеке үлгісі. Салауатты өмір салтын насихаттау.
|
Мектеп - темекі шегуден, ішімдік ішуден және психикаға белсенді әсер ететін заттар қолданудан азат кеңістік
|
Оқу орны аумағындағы жайларда темекі шегуді толық жою стратегиясын әзірлейді және оны дамытады: бұл ереже қызметкерлердің, оқушылар мен келушілердің бәріне де қатысты.
Мектеп ішімдік ішуді жою бойынша іс-әрекеттер жоспарын әзірлейді және оны дамытады. Психикаға белсенді әсер ететін заттар қолдануды жою бойынша іс-әрекеттер жоспарын әзірлейді.
|
Мектеп оқушылардың мектеп қорларына бірдей қолжетімділігі болу үшін теңдік принциптерін қолдайды
|
Мектеп ойын алаңдарын, жабдықтарды, оқытушылардың уақытын және басқа да қорларды пайдалану бойынша мектеп ішінде қалыптасқан тәртіпті қайта қарайды. Қажет болған жағдайда ұлдар мен қыздар арасындағы теңдікті қалпына келтіру шаралары қарастырылады.
|
Мектеп ҚР бекітілген стандартты емдеу тәсілін қолданады
|
Медицина қызметкерлері емдеу мәселелері бойынша кеңес беру арқылы барлық емдеу шараларын қатаң қадағалайды
|
Мектеп бастапқы медициналық көмек (БМК) көрсету саясатын әзірлейді
|
Мектеп қауымының барлық өкілдері үшін БМК жинақтары дайын болуы тиіс. БМК техникасы бойынша мұғалімдер мен оқушылардың тиісті мөлшері даярланады.
|
Мектеп ТЖ кезінде және оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіретін басқа да жағдайларда жедел шаралар қолдану саясатын әзірлейді
|
Мектеп жергілікті ТЖ қызметімен бірлесіп төтенше жағдайлар кезінде БМК көрсету бағдарламасын әзірлейді. ТЖ кезінде мұғалімдер мен оқушылардың БМК көрсетуі үшін қажеттінің барлығы әзірленеді.
|