Мектеп жағдайын жетілдірсек, өмірді жақсартамыз. Біз барлығымыз балаларымызға қамқорлық жасаймыз, олар Қазақстанның болашағы. Әр бала білім алуға, дені сау болуына және қауіпсіз өмір сүруге құқылы және денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектепте білім алуға мүмкіндігі болуы тиіс.
Қазақстандағы Саламатты мектеп желісі оқу үшін, денсаулықты нығайту үшін және өмір сүру үшін ең қолайлы болып табылатын мектептерді республикада құруға шақырады. Осы мақсатпен Қазақстандағы Саламатты мектеп желісі мектептегі денсаулықты дамыту стратегиясының негізделген әрі кешенді тәсілі ретінде денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектептердің тәжірибелерін пайдаланады.