қолданылып, оқушы өз қателерін мойындап, мінезін оң қалыпқа келтіргендей əсерде жүргізіледі.
Əдептілік сұхбаттары тəрбиеленушілерді өздерін толғантқан барша сұрақтар
бойынша дұрыс баға беріп, пікір жүргізуге жəрдем береді. Болған жағдай, оқиғалар мен əрқандай қылықтарды талқыға сала отырып, балалар олардың мəн-мағынасын жеңіл түсінуге мүмкіндік алады. Көп жағдайларда əдептілік сұхбаттарды да өткізуге нақты дерек, оқиға, балалардың қылығы себеп болады. Мұндай сөйлесулерді болған оқиғалардың «ізін суытпай» не сол оқиғаның кінəкəрі сəл
өзіне келіп, «жүрегі орнына» түсіп, мəн-жайды аңғаратындай болған соң ұйымдастырған жөн.
Өмір өнегесі ұдайы оңды болса, тіпті жақсы, бірақ олай бола бермейді, балаға əсер етуші кері өрнек аяқ астында.
Оқушылар назарын өмір, адам келеңсіздіктеріне аударып бару, болымсыз қылықтар салдарын талдап, олардан қорытынды шығару –міндетті шарт. Мезетімен орынды пайдаланған ұнамды үлгі тəрбиеленушіні жаман қылықтан сақтандыруға жəрдем беретінін де ескерген жөн.
Тəрбие тəрбиешінің жеке басы үлгі-өнегесіне, оның қылық-əрекетіне,қамқорлығындағы балаларға қатынасына, дүниетанымына, іскерлігіменабыройына тəуелді.
Ұстаз үлгісінің оңды ықпалы оның сөзі
мен ісінің жарасымдылығына, балалардың бəріне бірдей ақ пейілді қатынасына орай арта түседі. Бұл тəрбиешінің беделіне, ол бастаған істің жүйелілігі мен бірізділігіне де байланысты.
Сонымен, сана қалыптастыру əдістері тұлғаның ізгілену тəрбиесінде маңызды рөл атқарады. Мұндай əдістер түрі: əдептілік əңгімелері, түсіндіру, ұғындыру, əдептілік сұхбаттары, үгіттеу, сендіру,
көрсетпе нұсқау, үлгі тəрбие əдістерінің тиімділігі олардың қалай қолданылуына, педагог таңдаған гуманистік бағытқа тəуелді.
Іс-əрекет ұйымдастыру əдістері
Тəрбие көзделген əрекет-қылық (поведение) типін қалыптастыруы міндетті. Тұлға тəрбиелілігі түсінік, ұғымнан көрінбейді, ол адамның нақты іс-əрекетімен бағаланады. Бұл тұрғыдан іс-əрекет ұйымдастыру мен қылық қалыптастыру тəрбие процесінің
өзегі ретінде қарастырылады. Аталған топтағы əдістердің бəрі тəрбиеленушілердің практикалық іс-əрекетіне негізделген. Мұндай іс-əрекетті басқару үшін педагог оны құрамды бөліктерге – нақты істер жəне қылықтарға жіктейді.
Қажетті тұлға сапаларын қалыптастырудың жалпыланған əдісі – жаттықтыру.
Балада қалыптасатын қылық, əрекеттің қай-қайсысы да жаттығып, дағдыланудан. Балаға басқалардың қалай жазатынын əңгімелеп, жазуға, атақты күйші өнерін көрсетіп, домбыра тартуға үйрету мүмкін емес. Тəрбиеленушіні мақсатты бағытталған белсенді əрекетке ынталандырмай, жоспарланған мінез бітісін де орнықтыруға болмайды.
Жаттықтыру мəні – талап етілген əрекеттерді көп мəрте қайталаумен автоматты орындалу дəрежесіне жеткізу. Жаттығулар нəтижесі – тұлғаның бекіген сапалары: əдеттер мен дағдылар.
Достарыңызбен бөлісу: