Лекция 10
Лекцияның тақырыбы: Уақыт диалектикасы және тіл.
Жоспар:
Уақыт диалектикасы және тіл
Тілді «энергетикалық» түсіну
Әдебиеттер:
1. Баранов А.Н. Введение в прикладную лингвистику. М., 2003.
2. Гумбольдт В. о различии строения человеческих языков и его влиянии на духовное развитие человеческого рода (извлечения) // Звегинцев В.А. История языкознания xix-xx веков в очерках и извлечениях. М. – любое издание
3. Засорина Л.Н. Введение в структурную лингвистику.
4. Кодухов В.И. Общее языкознание.
5. Колшанский Г.В. Соотношение субъективных и объективных факторов в языке
6. Лайонз Д. Введение в теоретическую лингвистику.
Қосымша әдебиеттер
1.Деррида Ж. Конец книги и начало письма. – В кн.: Интенциональность и текстуальность. Томск, 1988.
2.Хайдеггер М. Работы и размышления разных лет. М., 1993
3.Гадамер Х.-Г. Истина и метод. Основы философской герменевтики. М., 1988; Рикер, П. Конфликт интерпретаций. − М., 1995.
Мазмұнды бағдарланған грамматиканы 50-жылдары неогумболдтиандық Лео Вайсгербер тілді «энергетикалық»түсіну рухында жасады. Ол ең алдымен мектепте неміс тілін оқытуда пайдалануға арналған.
Неогумбольдианство В. фон Гумбольдтың жіктелу және құрылымдық ролінің аркасында тілдік мазмұның (мәннің) өзіндік әлемін жасайтын жасампаз күшті тілге тануынан туындайтын тұжырымалар мен мектептердің жиынтығын білдіреді. Белгілі тіл қауымдастығы мүшелерінің әлемді ойша құрастыру мен әлемді тануды жасақтау үрдістері тілдің ішкі формасының әрекетіне саяды. Неогумбольдттиындақтар шашыраңқы тәжерибемен реттеу мен әлем көрінісін ойлау мен танымдық үрдістерді, сол тілге сәйкес мәдениет жасауды байланыстыратын тұтас ретінде құрудағы тілдің шығармашылық роліне екпін түсіреді. Түрлі тіл иелерінің әлем сүретін қабылдаудағы айырмашылығы атап көрсетіледі. Тілдің ішкі формасы әлемді түсінудің кілті және әр түрлі тілде сөйлейтін адамдардың ойлауындағы айырмашылықтың негізі болып табылатын ұғымдық және синтаксистік мүмкіншіліктердің жүйесі ретінде түсіндірледі.
Неогумбольдианство 20 ғасырда европалық және америкалық тіл білімінде тілге младограмматикалық жолының «формализміне» реакция ретінде туған (неокантиандық Э. Кассирердің философиялық тұжырымдамасы; Л. Вайсгебер, Й. Трир, Х. Глинц, Х. Хольц, Г. Ипсен, П. Хартман, Х. Типпер, Й. Эрбен мектебінің жұмыстары). АҚШ-та неогумбольдттандықтардың идеяларын қолдайтын Э. Сепир мен Б.Уорфтың антропологиялық лингвистикасында көрініс тапты. Неогумболдтианствоның европалық, түсі жағынан неоромантикалық ағымы ең алдымен Германия мен басқа неміс тілді елдерде айқын байқалады (тілдің семантикалық қырына, тіл мен мәдениеттің, тіл мен ойлаудың, тіл мен әлем танудың байланысты екені зердеулерге басым назар аударылып).
Мазмұндық бағдарланған грамматикада ана тіліне тән, әлем көрінісімен көрінетін «тілдік аралық әлем» зерттеледі (В. фон Гумбольдттың тілдіәң ішкі формасы туралы идеясының негізінде). Аралық тілдік әлем заттардың шашыраңқы әлемін тиісті тілдік қауымдастықпен байланыстыратын және әлемде игерудің динамикалық процесін сөздікті ұғымдық тарқату жолымен ана тілі арқылы. «Әлемді сөйлету» процесі арқылы бағыттап отыратын рухани, ақылды құрастырушы қашықтық ретінде түсіндіріледі. Сөздік құрастырудағы тілдің категорияландыратын танымдық функциясы атап көрсетіледі (мысалы, Орион шоқ жұлдызы материалды өмір сүретін объект ретінде емес,оймен қабылдаудың нәтижесі ретінде көрсетіледі). Тіл мен тілдің тілдік мазмұнды әлемінің айырмашылуғына басы назар аударылады.
Мазмұнды бағдарланған грамматиканың төрт сатылы құрылымы ұсынылады: а) дыбысқа немесе құрылымға (форма) бағдарланған грамматика; ә) мазмұнға бағдарланған грамматика (лексиканы өріске лексиканы семантикалық келісіммен ұйымдастыру); б) әлемді тіл арқылы оймен игеру процесін зерделейтін функцияға бағдарланған грамматика; в) тіл қауымдастығының өмірлік практикадағы іс-әрекетінің нәтижесінде бағдарланған грамматика. Алғашқы екі саты статикалық, соңғы екі саты динамикалық сипатта болады.
Европалық неогумболдтшылар ( В. Порциг, Г. Ипсен, Й Трир) ұғымдық (семантикалық, лексикалық) өрістер теориясы жасауға елеулі үлес қосты, бұл лексикада жүйелік байланыстарды терең түсінуге заманауи құрылымдық лексиколдогия (құрылымдық семантика да) жасақтауға алғы шарт болды. 50-60-жылдары идеялары мектеп пен халық грамматикаларына енгізілді.
Бұл тұжырымдаманы сынаушылар тілдің коммуникативтік функциясына нұксан келтіре отырып, айтушының өзінің ролін жете бағаламай танымдық ролін асыра көрсететін сәтін сынға алады. Неміс неогумбольдшылары бастапқы кезеңнің өзінде-ақ гумбольдтық жолды соссюрлық идеялармен (тілдік белгі, тіл жүйесі, тіл мен сөздің дихотомиясы ұғымдары) толықтыруға тырысты. 79-80-жылдары олар генеративтік лингвистикамен, әсіресе, лингвистикалық прагматикамен тоғысатын тұстарын іздестірді.
Достарыңызбен бөлісу: |