Дуйсенбекова М. Л «Тіл білімінің философиялық мәселелері» пәнінен



бет9/16
Дата08.11.2023
өлшемі277,5 Kb.
#190431
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
05 Лекция ТБФМ

Лекция 8


Лекцияның тақырыбы: Мағына және мән.
Жоспар:
1. Сөздегі философиялық рефлексия және оның лингвистикалық оқытуда дамытуға әсері.
2. Уақыт диалектикасы және тіл. «Мағына» туралы түсініктер. Лексика-семантикалық жүйе.
Әдебиеттер:
1.Гумбольдт В. о различии строения человеческих языков и его влиянии на духовное развитие человеческого рода (извлечения) // Звегинцев В.А. История языкознания xix-xx веков в очерках и извлечениях. М. – любое издание
2.Засорина Л.Н. Введение в структурную лингвистику.
3.Кодухов В.И. Общее языкознание.
4.Колшанский Г.В. Соотношение субъективных и объективных факторов в языке
Қосымша әдебиеттер
1.Хайдеггер М. Работы и размышления разных лет. М., 1993
2.Гадамер Х.-Г. Истина и метод. Основы философской герменевтики. М., 1988; Рикер, П. Конфликт интерпретаций. − М., 1995.
3. Лосев А.Ф. Имя. СПб, 1997; Лосев А.Ф. Философия имени. М.: Изд. МГУ, 1990.
4.Бибихин В.В. Язык философии. М., 1993

Сөздегі философиялық рефлексия және оның лингвистикалық оқытуда дамытуға әсері. Уақыт диалектикасы және тіл. «Мағына» туралы түсініктер. Лексика-семантикалық жүйе. Семантикалық өріс және олардың құрамдас бөліктері арасында болатын маңызды корреляциялар. Мағынаның компоненттік талдауы: жалпы принциптері, даму сатылары, әдістемелік мысалдар. Сөйлемдер арасындағы семантикалық қатынастар. Предикаттардың лексика-семантикалық типтері. Семантикалық ататілдер: жалпы түсінік, негізгі типтері, қолдану аймағы. Лексикалық синтагматиканы сипаттаудың құралдары: басқару моделі, лексикалық қызметтері.


Тіл - қоғамдық құбылыс. Тілдің қоғамдық сипаты, әлеуметтік мәні туралы Ф.де Соссюрге дейін де талай айтылған, бірақ Ф. де Соссюр оны жаңаша, өзінше түсіндіреді. Ол тілдің қоғамдық құбылыс екенін мойындап қана қоймайды, оны өзінің бүкіл концепциясына негіз, өзек етеді, барлығын содан таратады. Тілдің өзіндік сипатын сөз еткенде Ф.де Соссюр: қызметі жағынан алғанда тіл коммуникативтік те, экспрессивтік те қызмет атқарады, бұл екеунің ең маңыздысы - алғашқысы, тілдің әлеуметтік сыры да осында деп санайды. Тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейтін дербес ғылым болу керек, ол - сыртқы лингвистика деп аталуы керек дейді.
• Тіл - таңбалар жүйесі. Тілде таңбалық сипаттың барлығы ежелгі грек философтарынан бері қарай айтылып келген. Бірақ тілді таңбалар жүйесі деп анықтау, тілдік таңбалардың сипатын талдап ашу Ф.де Соссюрден басталады. Ф.де Соссюр тілдік элементтердің материалдық және идеялық жағы болады, бұлардың біріншісін таңбалаушы, екіншісін таңбаланушы дейді де, осы екеуінің бірлігі таңба деп аталады дегенді айтады.
Ф. де Соссюр "Тіл - идеяны білдіретін таңбалар жүйесі" дейді, оны өмірде қолданылатын басқа әр алуан таңбалармен қатар қоюға, жазумен, мылқауларға арналған әліппемен, символикалық әдет-ғұрыптарымен, әдептілік, сыпайгершілік формалармен, әскери сигналдармен, тағы басқалармен салыстыруға болады.
Таңба өзі білдіретін идеямен емін-еркін және шартты қатынаста болады. Емін-еркін болатын себебі таңбаланушы таңбалаушының мәнін ашып бере алмайды дейді.
Ф. де Соссюр көтерген төртінші проблема "Тіл және сөйлеу мәселесі". Ол тіл мен сөйлеу бір-бірімен байланысты, бірақ бір-бірінен өзгешеліктері бар, екі бөлек дүние. Сөйлеу - тілді қолданудың нәтижесі, ол - индивидуалдық, ал тіл - қоғам мүшелерінің бәріне бірдей дәрежеде міндетті, өзара байланысты таңбалардың жүйесі. Тіл - әлеуметтік сипатқа ие дейді.
Тіл мен сөйлеуді бір-бірінен бөліп қараудың ғылыми мәні зор, бірақ бұл екеуін бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Сол сияқты, сөйлеудегінің бәрі таза индивидуалдық деу де асырып айтқандық. Әрбір сөйлеуші индивидум қоғамдық тілдегі бар материалдарды ғана пайдаланады. Мұндағы даралық сол материалдарды іріктеп, ерекшелеп алудан, лайықты жерге орналастырудан көрінеді.
Ф. де Соссюр қарастырған тағы бір проблема - ішкі лингвистика мен сыртқы лингвистика. Ф.де Соссюр сырткы лингвистика тілді қоғам тарихы мәдениет тарихы, саясат, әдебиет, географиялық мекен-жай, диалектілік жіктермен т.б. байланыста қарап зерттейді, яғни тілді оның өмір сүруіне қажетті сыртқы жағдайлармен байланыста қарайды. Сыртқы лингвистика тіл жүйесінің, ішкі механизмін түсіндіре алмайды, оған қатынасы жоқ. Ал ішкі лингвистика тілдің құрылымын, жүйесін, яғни тілдің өзіне ғана тең ішкі мәселелерін, өзіндік ішкі заңдылықтарын зерттейді дейді.
Тілдің өзіндік құрылымына тең ішкі мәселелермен қатар оған күшті әсерін, ықпалын тигізетін сыртқы құбылыстардың да болатыны даусыз. Тіл білімі үшін тілдің өзіндік құрылымын, ішкі жүйесін зерттеу қандай қажет болса, тілге әсерін, ықпалын тигізетін сыртқы жәйттерді зерттеу, білу де сондай қажет. Өйткені тілдің ішкі құрылымындағы көптеген құбылыстардың кейде одан сыртқы, яғни экстралингвистикалық жәйттердің әсерінен болып жататындығы талассыз.
Ф. де Соссюр тілдің жүйесі жөніндегі проблеманы да ерекше сөз етеді. Ол: тіл - барлық элементтері бірігіп бір бүтін болып тұратын жүйе. Тілдік таңбалар - сол жүйенің құрамды элементтері. Жүйе элементтерін оларды біріне-бірін қарсы қойып қарау арқылы айқындауға болады. Сол арқылы тілдік таң-балардың маңызы мен ролі танылады. Тілдік таңбалар, яғни жүйе элементтері өзара байланысты, шартты қатынаста болады. Бір-бірімен қарым-қатынасы арқылы олардың мағыналары түрленеді, мәні, құны айқындалады дейді. Тілдің өзіндік құрылымы бар жүйелі объект екені Ф. де Соссюрге дейін де сөз болған. Ол туралы В.Гумбольдт та біраз пікір айтқан. Бірақ Ф.де Соссюрдің олардан ерекшелігі ол тіл жүйесі проблемасын лингвистиканың ең өзекті объектісі деп санады, оны өзінің басқа бірсыпыра концепциясының тууына негіз етті. Бұл саладағы оның ең бір жағымды да маңызды ісі - тілдің қазіргі күйін, оның жүйесінің қазіргі функциясын жан-жақты және терең зерттеуді талап етуі болды. Қазіргі тіл білімінде тілдік жүйе, тілдік құрылым деген меселелер ең елеулі проблемалар қатарында қаралып жүр.
Ф. де Соссюр атына байланыстыратын тағы бір мәселе - зерттеудің синхрондық және диахрондық түрлері. Ол тіл білімін синхрондық лингвистика, диахрондық лингвистика деп екіге бөледі.
Синхрондық лингвистика тілдің ішкі жүйесін зерттейді де, диахрония бір-біріне байланыста алынған тілдік элементтердің тарихын зерттейді. Тілдің ішкі механизмі дейтініміз - тілдік жүйе. Тілдік жүйенің сырын ашу тек синхрондық зерттеудің ғана қолынан келеді. Сондықтан синхрондық лингвистика диахрондық лингвистикадан маңыздырақ. Ол - тілдің бөлшегі, бір дәуірдегі күйі туралы теория. Синхрония тілдік жүйе құрайтын элементтердің бір-бірімен логикалық, психологиялық қарым-қатынастарын талдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет