Поль Лафарг. Ол өзінің 1894 жылы шыққан «Революцияға дейінгі және одан кейінгі француз тілі» деп аталатын еңбегінде қоғам мүшелерінің әлеуметтік, таптық жіктерінің тілге, әсіресе оның лексикасына қандай әсер ететіндігі терең де жан-жақты зерттелген. Француз тілінің ХYІІ-ХYШ ғасырлардағы даму сипаттарын, жеке сөздер мағынасында болған құбылыстарды зерттей отырып, Лафарг ұғымның, әдеби тіл нормасының көп жағдайда қоғамдық қатынастарға тәуелді болатындығын дәлелдейді. Ол - тілді өзінің әлеуметтік ортасынан бөліп алуға болмайды деп есептейді.
Фердинанд де Соссюр швейцар тіл ғалымы, Париж, кейін Женева университеттерінің профессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен алған. Ф. де Соссюрді, әдетте, тіл біліміндегі социологиялық мектептің негізін салушы деп санайды. Бірақ оның ғылыми мұраларын бір ғана ағым, бір ғана мектеп, я көзқарас шеңберінде қарауға болмайды. Оның теориялық өрісі өте кең, жан-жақты. Ол өзінің еңбектері арқылы тіл ғылымының дамуының жаңа дәуірін ашқан, қазіргі заман тіл білімі дамуының ең басты проблемаларын айқындап, оған бағыт-бағдар сілтеген, жан-жақты ойланылған біртұтас жүйелі лингвистикалық концепция жасаған адам. Ғалымның көптеген теориялық тұжырымдары бірсыпыра елдердегі лингвистикалық ой-пікірлер дамуына күні бүгінге дейін күшті әсерін тигізуде.
Ф. Де Соссюрдің тіл біліміне қосқан үлесін, көтерген проблемалары мен өзіндік концепцияларын танытатын еңбегі «Жалпы лингвистикалық курс» деген кітабы. Бұл еңбек Ф. де Соссюр қайтыс болғаннан кейін 1916 жылы басылып шықты.
Кітап көп ұзамай-ақ Еуропа халықтарының бірнеше тіліне, 1933 жылы орыс тіліне аударылып, тіл білімінде үлкен қозғалыс, қызу айтыс туғызды. Мұнда көтерілген жеке проблемалар жөніндегі пікір таластары күні бүгінге дейін саябырлаған жоқ.
Лекция 6
Лекцияның тақырыбы: Тілдік және тілден тыс деректер туралы мәселелер.
Жоспар: 1. Тілдік талдаудың әдісі: валидті, репрезентативті, әдістер синтезі, сандық және сапалық әдістер; интроспекция; контет-анализ және интент-анализ және т.б.
Әдебиеттер: 1. Баранов А.Н. Введение в прикладную лингвистику. М., 2003.