Дуйсенбекова М. Л «Тіл білімінің философиялық мәселелері» пәнінен


Лекция 13 Лекцияның тақырыбы



бет14/16
Дата08.11.2023
өлшемі277,5 Kb.
#190431
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
05 Лекция ТБФМ

Лекция 13


Лекцияның тақырыбы: Сандық және сапалық әдістер; интроспекция; контент-талдау, интент-талдау және басқалары.
Жоспар:
1. Сандық және сапалық әдістер; интроспекция; контент-талдау, интент-талдау және басқалары.
Әдебиеттер:
1.Баранов А.Н. Введение в прикладную лингвистику. М., 2003.
2.Гумбольдт В. о различии строения человеческих языков и его влиянии на духовное развитие человеческого рода (извлечения) // Звегинцев В.А. История языкознания xix-xx веков в очерках и извлечениях. М. – любое издание
3.Засорина Л.Н. Введение в структурную лингвистику.
Қосымша әдебиеттер
1.Деррида Ж. Конец книги и начало письма. – В кн.: Интенциональность и текстуальность. Томск, 1988.
2.Хайдеггер М. Работы и размышления разных лет. М., 1993
3.Гадамер Х.-Г. Истина и метод. Основы философской герменевтики. М., 1988; Рикер, П. Конфликт интерпретаций. − М., 1995.
4. Лосев А.Ф. Имя. СПб, 1997; Лосев А.Ф. Философия имени. М.: Изд. МГУ, 1990.

Тілдік жағдайды әр түрлі тілдердің немесе бір тілге жататын түрлі формалардың - әдеби тілдің, қарапайым тілдің, өңірлік койненің, белгілі бір этностық қауымдастықта немесе мемлекеттік құрылымда қолданылатын аумақтық және әлеуметтік диалектілердің жиынтығы деп түсінудің мәні ерекше. Тілдік жағдайлар экзоглоссты (түрлі тілдерді қолдану) және эндоглоссты (бір тілдің түрлі варианттарын қолдану), балансты (түрлі тілдердің немесе бір тілдің түрлі варианттарының бірдей функционалдық салмағында) және балансты емес (түрлі тілдер немесе бір тілдің түрлі варианттары арасында функциялардың әркелкі бөлінуі) болып айрықшаланады.


Түрлі мәдениеттер қатысында тілдердің қатысу үрдістерін, осыдан туатын лексикалық алмасуларды зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Белгілі бір коммуникативтік сала, әлеуметтік жағдай және сол сияқтылар ескеріледі, сол этномәдени ұжымда түрлі тілдер немесе бір тілдің түрлі варианттары қатар жүріп қолданылғанда билингвизм (қостілділік) мен диглоссияның (бір тілдің түрлі варианттарын қолдану қабілеті) әлеуметтік аспектілері зерделенеді. Әлеуметтік әдепті сөйлем құру үшін ұтымды варианттарды таңдау проблемасына көңіл аударылады, сөйлеу мәдениетінің әлеуметтік нормалары анықталады.
Социолингвистика тілдердің (немесе тіл варианттарының) функционалдық бөлінісін сақтау немесе өзгерту жөніндегі, жаңа тіл нормаларын енгізу немесе бұрынғысын сақтау жөніндегі шаралардың жиынтығы ретінде тіл саясатының проблемасымен айналысады.
Социолингвистика зерттеудің мына әдістерін пайдаланады: тікелей бақылау, қосылған бақылау (бақылаушы коммуниканттардың бірі ретінде қатысуы), сауалнама өткізу, сұхбат жүргізу (ақпарат берушіні еркін әңгімеге немесе белгілі бір эталонға саналы бағдар ұстауға тарту), зерттеу мәліметтерін корреляциялық талдау (әлеуметтік және тілдік өлшемдерді кестелік мәліметтерді, тәуелділік кестелері мен математикалық статистиканы тарта отырып, тәуелсіз және толық немесе ішінара тәуелді айнымалыларды салғастыру). Тілдің әлеуметтік шартты варианттылығын модельдендіру (модель тудыратын тіл элементтерін, ықтималды-статистикалық талдаудың, ал диахронды талдау мақсатында – географиялық және әлеуметтік кеңістікте тілдік инновациялардың толқын тәріздес таралу туралы болжамға сүйенетін импликациялық толқынды модельдің элементтерін пайдалана отырып) әдістері ұсынылады. Сөйлеу ережесінің де модельденуі мүмкін, оның өзіндік социолингвистика-лық айнымалыларды негізгі таңдау және осы таңдауды шектейтін әлеуметтік факторларының есебі бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет