Дуйсенбекова М. Л «Тіл білімінің философиялық мәселелері» пәнінен



бет5/16
Дата08.11.2023
өлшемі277,5 Kb.
#190431
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
05 Лекция ТБФМ

Лекция 5


Лекцияның тақырыбы: Тіл және қоғам.
Жоспар:
1. Лингвистикалық және экстралингвистикалық фактілер жөніндегі мәселелер.
2. Ассоциативті-психологиялық ұғым және феноменология. Тіл – лингвистиканың нысаны. Тілдің қызметтері.
Әдебиеттер:
1. Баранов А.Н. Введение в прикладную лингвистику. М., 2003.
2. Гумбольдт В. о различии строения человеческих языков и его влиянии на духовное развитие человеческого рода (извлечения) // Звегинцев В.А. История языкознания xix-xx веков в очерках и извлечениях. М. – любое издание
3. Засорина Л.Н. Введение в структурную лингвистику.
Қосымша әдебиеттер
1.Деррида Ж. Конец книги и начало письма. – В кн.: Интенциональность и текстуальность. Томск, 1988.
2.Хайдеггер М. Работы и размышления разных лет. М., 1993
3.Гадамер Х.-Г. Истина и метод. Основы философской герменевтики. М., 1988; Рикер, П. Конфликт интерпретаций. − М., 1995.


Социологиялық мектеп. Бұл мектеп тілдің қоғамдық сипатын, әлеуметтік мәні барлығын мойындаудан туған. Тілде әлеуметтік сипаттың барлығын, қайта өркендеу дәуірі мен ХҮШ-ХІХ ғасырлардың бірсыпыра ойшылдары да баса айтқан. Дегенмен, бұл мәселе XIX ғасырдың екінші жартысына дейін жүйелі зерттелмеді.
Тіл қоғаммен байланысты, тіл - қоғамдық құбылыс дегендердің тезис ретінде алынып, тіл білімінің күрделі бір проблемасы ретінде арнайы сөз болуы өткен ғасырдың екінші жартысынан басталады. Социологиялық зерттеу тіл біліміндегі натуралистік, индивидуалдық көзқарастарға қарсы бағытта туып қалыптасты.
XIX ғасырдың аяқ кезі мен XX ғасырдың бас кезінде тілдің әлеуметтік сырын ашумен көбірек шұғылданғандар француз ғалымдары болды. Осы себептен тіл білімі тарихында тіл зерттеудегі социологиялық бағыттың отаны Франция деп санап, оны Франция социологиялық мектебі деп атады. Ал социологиялық лингвистика деген термин 1952 жылдан бері қарай қолданылып жүр.
Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері - Поль Лафарг (1842-1911), Ф.де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960), Э.Бенвенист (1902).
Мектептің социологиялық деп аталған себебі бұл бағыттағылар индивидуалистік, натуралистік бағыттағыларға қарама-қарсы тіл - қоғамдық, әлеуметтік құбылыс, ол тек адам қоғамы бар жерде ғана өмір сүре алады. Тілді дүниеге келтірген де, оны ілгері дамытатын да қоғамдасқан адамдар. Тіл әлеуметтік құбылыс болғандықтан, ол басқа әлеуметтік құбылыстармен байланыста қаралу керек деп санайды.
Социологиялық мектеп көтерген және шешкен проблемаларды байқау үшін, оның кейбір қайраткерлеріне өте қысқа болса да тоқталып өтейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет