Дәріс 3, 4 - Мұнайдың негізгі технологиялық сипаттамалары Дәріс жоспары:
Тығыздық. Сипаттаушы фактор
Молекулалық масса
Температуралық қасиеттері
Тұтқырлық және тұтқыр-температуралық қасиеттері
Мұнайдың оптикалық қасиеттері
Мұнайдың электрлік қасиеттері
Кризистік (шектелген) қасиеттері және жуықталған параметрлері
1. Мұнайдың және мұнай өнімдерінің тауар ретіндегі сапасы әртүрлі технологиялық параметрлермен сипатталады және бұл көрсеткіштер өте алуан. Фракциялық және химиялық құрамынан басқа негізгі көрсеткіштері:
Тығыздығы;
Молекулалық массасы
Тұтқырлығы
Температуралық сипаттамалары (тұтану, лаулау, өздігінен лаулау, қату температурасы және басқалары)
Көптеген сипаттамалары зертханалық бақылау және технологиялық процестерді реттеу үшін қолданылады, сонымен бірге мұнай көрсеткіштерінің мәндері мұнай зауыттарындағы аппараттарды есептеу үшін қажет.
Тығыздығы. Мұнай өнімдерін тиеу, тасымалдау, сақтау және тұтыну процестеріне әсер ететін негізгі сипаттамаларының бірі. Тығыздық мәні бойынша оның сапасын және бағасын айтуға болады. Әдетте мұнайдың экологиялық жасы үлкен болса, оның орналасу терендігі үлкен, тығыздығы аз болады. Құрамында арендер көп болатын мұнай фракциясына қарағанда парафинді мұнайдан алынған фракцияның тығыздығы аз болады. Мұнайдың қайнау температурасы жоғарлаған сайын және онда ароматты көмірсутектер қатарының болуымен тығыздығы жоғарлайды. Мұнайдың тығыздығы оның химиялық құрамына тәуелді. Берілген температурада тығыздықты анықтау – мұнай құрамын анықтау процесіндегі кең таралған әдістердің бірі. Көптеген мұнай үшін тығыздық 0,80-нен 0,90-ға дейін болады. Тұтқырлығы жоғары шайырлы мұнайдың тығыздығы бірге жуық. Мұнай өңдеуге мұнай өнімдерінің физика химиялық қасиеттерін анықтауда салыстырмалы немесе меншікті тығыздық қолданылады. Меншікті тығыздық t1 температурада дене массасының t2 температурада судың сол көлемінің массасына қатынасы тең. Салыстырмалы тығыздық 200С-да алынған мұнай өнімдерінің тығыздығының 40С-тағы судың тығыздығына қатынасымен анықталады. Себебі 1 см3 су 40С-та 1,0г тең, сонда .
Алайда тығыздықты керек температурада өлшеуге болады. Онда салыстырмалы тығыздықты мына формуламен есептейді: (1), мұндағы - 200С-тағы мұнай өнімінің салыстырмалы тығыздығы, - берілген t температурадағы мұнай өнімінің салыстырмалы тығыздығы; -температура 1С0-қа өзгергендегі тығыздықтың өзгеруін түзету шамасы.
Кейбір есептеулерде тығыздықтың мәнін қолданады. ны -ке қайта есептеу үшін мына формуланы қолдануға болады: .
Мұнай өнімдерінің тығыздығын анықтаудың бірнеше әдістері бар. Тығыздықты ареометрмен, Мор Вестораль гидростатикалық таразысымен немесе дәлірек пикнометрлік әдіспен анықтайды.
Сипаттаушы фактор. Бұл шартты параметр мұнай өнімінің табиғатын бейнелейтін орташа молярлық қайнау температурасы (Торт.мол) мен тығыздығының функциясын білдіреді:
Мұндағы К – сипаттаушы фактор; Торт.мол – мұнай өнімінің орташа молярлық қайнау температурасы, К; - 15С температурадағы мұнай өнімі мен судың салыстырмалы тығыздығы.
Мұнай өнімінің орташа молярлық қайнау температурасы (Торт.мол, К) деп фракцияның қайнауы басталған және аяқталу арасындағы орташа температураны айтады.
Кейбір мұнай өнімдерінің сипаттаушы факторларының орташа мәні:
Парафинді мұнай өнімдері . . . . . . . . . . . . . . . . 12,5-13,0
Нафтенароматты . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10,0-11,0
Ароматталған . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10,0
Крекинг өнімдері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10,0-11,0
Сипаттаушы фактор мәні (кейде Ватсонның парафинділік факторы деп аталады) әдетте тар мұнай фракцияларының молекулалық массасын одан әрі есептеу үшін қолданылады.
2. Мұнай және мұнай өнімдері жеке көмірсутектер мен басқа да қосылыстардың қоспасын білдіреді, сондықтан да олар орташа молекулалық массамен сипатталады. Көптеген мұнайлардың орташа молекулалық массасы 250-300 кг/кмоль-ге тең. Сұйық көмірсутектердің бірінші өкілі – пентан С5Н12 – молекулалық масасы 72 кг/кмоль. Молекулалық массасы жоғарылау мұнайдың гетероатомды қосылыстарының және оның жоғары тұтқырлы фракцияларының молекулалық массасы 1200-2000 кг/кмоль-ді құрайды. Неғұрлым фракциялардың орташа қайнау температурасы жоғары болған сайын, соғұрлым молекулалық массасы үлкен.
Қайнау аралықтары бірдей, бірақ әртүрлі мұнайлардан алынған фракциялардың молекулалық массалары өзара жақын. Сондықтан да көптеген жағдайларда 1 кестеде келтірілген эксперименттік мәндерді қолдануға немесе молекулалық массаны Б.П. Воинов формуласымен есептеп табуға болады: