Морт = 60 + 0,3Торт.мол+0,001Т2орт.мол
мұндағы Морт – фракциялардың молекулалық массасы; Торт.мол – эксперимент жүзінде және арнайы графикпен анықталатын ашық түсті мұнай дистилляттарының орташа молярлық қайнау температурасы, К.
Дәлірек нәтижелерді сипаттаушы фактор К ескеріп шығарылған Воинов-Эйгенсон формуласы береді:
Морт =7К– 21,5+(0,76-0,04К)Торт.мол+(0,0003К-0,00245)Т2орт.мол
мұндағы Морт – фракциялардың молекулалық массасы; Торт.мол –мұнай дистилляттарының орташа молярлық қайнау температурасы, К; К – сипаттаушы фактор.
1 кесте - Мұнай фракцияларының молекулалық массалары (фракциялау адымы 50С)
Фракция
|
Морт
|
Фракция
|
Морт
|
Фракция
|
Морт
|
Фракция
|
Морт
|
50-100
|
90
|
200-250
|
155
|
350-400
|
260
|
500-550
|
412
|
100-150
|
110
|
250-300
|
187
|
400-450
|
305
|
550-600
|
480
|
150-200
|
130
|
300-350
|
220
|
450-500
|
350
|
|
|
Тағы Крэг формуласымен өрнектелетін салыстырмалы тығыздыққа молекулалық массаның тәуелділігі шығарылды:
мұндағы - 15С температурадағы мұнай өнімі мен судың салыстырмалы тығыздығы.
Молекулалық массаны эксперимент жүзінде анықтағанда криоскопиялық және эбулиоскопиялық әдістерді пайдаланамыз. Еріген заттың молекулалық массаны анықтаудың крископиялық әдісі ерітіндінің қату температурасының төмендеуін таза еріткіштің қату температурасымен салыстыруға негізделген. Таза еріткіш ретінде бензолды қолданамыз. Еріген заттың молекулалық массаны анықтаудың эбулиоскопиялық әдісі таза еріткіштің қайнау нүктесі температурасымен салыстырғанда ерітіндінің қайнау нүктесі температурасының артуына негізделген.
3. қату, лайлану, кристалдану температуралары. Суыту кезінде құрылым түзілуі, тұнба түсуі жағымсыз процесс. Себебі, мұнай құбырлары бітеледі, автодвигатель бұзылады. Кристалдану көптеген кристалдық орталар түзілуінен басталады. Молекулалық масса және қайнау температуралары артқан сайын көмірсутектердің кристалдану температуралары да артады. Симметриялы көмірсутектердің кристалдану температуралары жоғары болады. Тармақталған көмірсутектер кристалданбай аморфты күйге көшеді. Кристалдану кезінде мұнай өнімдері лайланады. Ұсақ кристалдың «бұлттар» түзілуі лайлану мезгілі деп аталады. Ал температура лайлану температурасы деп аталады. Қату температура - пробиркада суытылатын мұнай өнімін 45 -қа бұрғанда деңгейі өзгермейтін температура.
Достарыңызбен бөлісу: |