1 16 Тақырыбы: Әдемі болайық
Мақсаты: стандартты емес жабдықты пайдалану арқылы бой
түзулігінің бұзылуының профилактикасын өткізу.
Міндеттері: шеңбер түрінде дөңгелентіп тасталған жіпті
бойлай жүруге, тепе-теңдік сақтауға үйрету, дене сымбатының
бұзылуының алдын алу. Төрт аяқтап еңбектеген кезде қол мен
аяқтың үйлесімділігін дамытуды жалғастыру, топпен бірге
жұмыс істеу және жіпке денесін тигізбеу қабілетін дамыту.
Спортпен айналысуға, сұлу да шымыр болуға деген
қызығушылығын қалыптастыру.
1 17 Тақырыбы: Ерекше шар
Мақсаты: доптарды бір-біріне домалату, арқанмен жүру
кезінде тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру.
«Отырып» бір-біріне допты домалату (қашықтық – 2 метр).
Міндеттері: сапты бұзбай жүгіру және жүру қабілетін
дамыту, өз қимылын өзге балалармен келісіп отыруға үйрету.
Жіпті бойлай жүрген кезде тепе-теңдік сақтау,
жалпақтабанның алдын алу. Допты бір-біріне домалатуға
1