Е. Б. Ахметов құқық негіздері



бет2/9
Дата14.12.2019
өлшемі196,64 Kb.
#53605
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1708 ahmetov e. b khukhikh negizderi studentterine arnalgan okhu khurali e. b. ahmetov


Мысалы, азаматтық институты, президенттік институты, сайлау құқығының институты және тағы басқалар. Құқықтық нормалардың институты реттелетін сфераның барлық жақтарын қамтиды. Оларда өздеріне тән тџсініктер, терминдер, жағдайлар болады. Мысалы, азаматтық институтының мазмұны «азамат», «азаматтық», «азаматтықтан шығу», «азаматтардың құқығы, еркіндігі мен міндеттері» сияқты тусініктерде көрсетіледі. Құқықтық институттың құрамына кіретін нормалар ортақ құқықтық принциптер мен идеялармен біріктіріледі. Яғни, азаматық институты азаматардың бірлігі мен теңдігі принципіне негізделінеді.

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Конституцияның басқа нормативтік құқықтық актілерден мынадай ерекшеліктері бар:

1) Қоғамдық қатынастардың негізін қалайды. Себебі ҚР Конституциясы мемлекет пен қоғам өмірінің барлық сферасын қамтиды: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғамдық өмірдің жеке жақтарын ғана қамтиды;

2) Құқықтың негізгі бастау болып табылады. ҚР Конституциясында бџкіл конституциялық заңның негізі болып табылатын құқықтық нормалар бекітілген. Яғни, Конституциялық құқық нормалары барлық нормативтік құқықтық актілердің қалыптасуы мен даму базасы;

3) Ең жоғарғы заңдылық кџші бар. ҚР қабылдаған заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілер Конституциядан шығуы керек және оған қайшы келмеуі керек. Егер олар Конституцияға қайшы келетін болса қолданылмайды;

4) Оның ерекше тәртіппен қабылдануы. Себебі Конституцияны Республикалық Референдумда халық қабылдайды;

5) Тұрақтылығы.
2.2 Конституцияның түсінігі, мәні, функциясы. 1995 ж ҚР Конституциясы: мазмұны, мәні. ҚР конституциялық құрылысы

Заң ғылымында Конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық құрлыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін бекітетін негізгі заң түсіндіріледі.

Қазақстанның жаңа конституциялық заңының қалыптасу тарихы өзінің бастауын 1990 жылы 24 сәуірдегі «Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы» Қазақ КСР-ның заңымен Қазақ ССР Конституциясына өзгеріс енгізу кезеңінен басталады. Бұл заң Конституцияға бұрын талай енгізілген өзгерістердің қатарына жатпайды. Атанған заң мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс әкелді. Президенттң қызмет орны республикада жүргізіліп жатқан терең саяси және экономикалық қайта құруларды қамтамасыз ету, конституциялық құрлысты нығайту мақсатында белгіленеді.

Конституциялық заңдардың қалыптасуының екінші кезеңі 1991 жылы 10 желтоқсанда «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады.

ҚР Конституциялық заңының қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылы қаңтарда Жоғарғы Кеңеспен жаңа Конституцияны қабылдаумен басталады. Бұл құқықтық акт Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық құрлысын жаңаша анықтады. Конституция мемлекеттік егемендік жарияланған кезеңнен бастап қабылданған көптеген құқықтық нормаларды, конституциялық заңдардың принциптері мен идеяларын қабылдады.

Конституциялық заңдардың қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылы Конституцияны қабылдаумен байланысты. Онда енді КСРО мен Қаз КСР-ның Конституциясы мен заңдарына болмады. Заңдарды конституциялық нормаларға сәйкес келтіру-заң шығару органының міндеті. Президенттік басқару жүйесі бекітілді, қос палаталық Парламент нығайтылды, Конституциялық сот Конституциялық кеңеспен ауыстырылды және ол енді сот органы болмады. Сот жүйесі реформаланды, құқық қорғау органдары қайта құрылды. Бұл кезең әлі жалғасуда. Негізінен президенттік басқару жүйесінде бекітілген жоғарғы және жергілікті мемлекеттік билік органдарын қайта құру аяқталды.

ҚР Конституциясы келесі заңдық қасиеттерді иеленеді:

1) Бұл құқықтық акт, заң. ҚР Конституциясы-бірыңғай ерекше заңдық қасиетке ие құқықтық акт, оның көмегімен халық қоғам мен мемлекеттің құрылымының негізгі принциптерін құрады, мемлекеттік биліктің субъектілерін, оны жузеге асыру механизмі анықтайды, мемлекет қорғайтын адам мен азамат құқығын бекітеді;

2) Заңдық жоғарылығы. Конституцияның жоғарылығы консти- туциялық құрлысты нығайтады, яғни мемлекетің Конституцияға, құқыққа бағынуы.

Конституция барлық басқа нормативтік актілерге қатысты жоғарғы заңдық күшке ие. Сондықтан заңдар және басқа құқықтық актілер Конституцияға қайшы келмеуі керек. Бұл оны қорғаудың ерекше құралымен кепілделінетіндігінен байқалады. Конституцияға қайшы келетін актілер өзгертіледі немесе онымен сәйкестендіріледі;

3) Ағымдағы заңның базасы болады. Нақ Конституция құқық шығармашылық процессін анықтайды-әр түрлі органдар қандай негізгі акт қабылдайтындығын, олардың атауын, заңдық күшін, заңдардың қабылдану тәртібі мен процедурасын бекітеді;

4) Қабылдау және өзгертудің ерекше тәртібі. ҚР Конституциясына өзгерістер енгізумен қайта қарау үшін ерекше, күрделі тәртіп бекітілген. ҚР Конституциясы 1995 жылы бүкіл халықтық дауыс беру жолымен қабылданды және қатаң конституциялардың қатарына жатады.

Конституциялық құрлыс – бұл мемлекетті құқыққа бағындыруды қамтамасыз ететін және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын мемлекетті ұйымдастыру формасы.

Демократиялық конституциялық мемлекетте қоғам бір уақытта мемлекетті басқарушы ретінде және өзін реттеуші жүйе ретінде өзін реттеуші азаматтық қоғам мен оның қажеттілігінен тәуелді болады.

Әрекет ететін Қазақстан Конституцияда ҚР Конституциялық құрлысының концепциясының негізіне Конституцияның 2 бөлімінің 1 бабаында бекітілген негізгі принцип гуманистік идея қойылған: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халық игілігіне экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің маңызды сұрақтарын шешуде демократиялық әдістер қолдану бұған референдумда және Парламентте дауыс беру де кіреді.

ҚР Конституциялық құрлысына қоғамда қалыптасқан қоғамдық қатынастың бүкіл жүйесі кіреді. Оның нығаюында Қазақстан Республикасының бүкіл құқық саласы мен заңдары қатысады.

ҚР Конституциясына сәйкес (1 б) Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.


  1. Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет деп жариялайды (ежелгі грек сөзі «демократия» аударғанда халық билігі). Оның демократиялық сипаты келесіден көрінеді: онда халық билігін қамтамасыз ету; биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі; идологиялық және саяси алуандылық; меншіктің барлық формасын тану және тең қорғау.

Демократиялық мемлекетте биліктің бірден-бір бастауы және қорғаушысы халық болады. Бүкіл биліктің қорғаушысы халық деп тану халық егемендігін көрсетеді. Халық егемендігі халықтың толық билігін көрсетеді., яғни қоғам мен мемлекеттің істерін басқаруға халықтың шынайы қатысуы үшін халықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси құралдарды иеленуі.

Халық өзінің билігін тікелей республикалық референдум және сайлаумен қатар, мемлекеттік билік органдарына делегат жіберу арқылы жүзеге асырады;

2) Құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан өзін құқықтық мемлекет деп бекітеді. Құқықтық мемлекет мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар түгелімен бағынуға міндетті әрекет ететін құқықтық нормалармен өзін шектеумен сипатталады. Осыған байланысты құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің негізгі принципі құқық жоғарылығы болып табылады. Бұл ең алдымен конституция мен заңдардың жоғарылығын көрсетеді.

Құқықтық мемлекеттің мәні – оның жүйелі демократизмі, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекетті қоғамға бағындыру құқықтық мемлекет болып өзінің міндетті ерекшелік қасиетін танитын және билікті бөлу институтын, соттың тәуелсіздігін, басқарудың заңдылығын, азаматтардың құқығын мемлекеттік биліктің бұзуынан оларды құқықтық қорғауды танитын мемлекет есептеледі. Құқықтық мемлекеттің басты идеясы құқықтық мемлекетпен байланысты болуы, оның әрекеті болжау және сенімділік кепілдеуі, азаматтарды мемлекет пен оның органдары тарапынан болуы мүмкін зорлық-зомбылықтан қорғау;

3) Әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет – бұл әлеуметтік саясаты адамның өмір сүруі мен оның еркін дамуына материалдық қатынастың еркін дамуына, ақталмаған әлеуметтік айырмашылықты жеңуде лайықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет.

Әлеуметтік мемлекет өзінің әр бір азаматына адамға лайықты тіршілік минимумын қамтамасыз етуге ұмытылады және осыған байланысты әр бір есейген адамның өзін және өзінің отбасын асырауға ақша табу мүмкіндігі болуы қажет. Егер әр түрлі себептерге байланысты мұндай мүмкіндік жүзеге асырылмаса және адам қажеттілігі тиісті деңгейде қанағаттандырылмаса ғана мемлекет араласады.

Әлеуметтік мемлекеттің маңызды бір мақсаттарының бірі әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік теңсіздікке қарсы тұру құралы әлеуметтік қамтамасыз ету;

4) Зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет мемлекеттің шіркеуден бөлінгендігін, олардың қызмет шеңберін шектелгендігін (сонымен қатар мектеб те шіркеуден бөлінген, бұл мемлекеттік құрылымның зайырлылық сипатымен қамтамасыз етіледі), сондай-ақ қандай да бір діннің мемлекеттік немесе міндетті болып бекітілуіне тиім салынудан көрінеді.



Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет ретінде діни ұйымдардың мемлекеттен бөлінгендігімен сипатталынады. Мемлекет ісіне діни қоғамдық ұйымдардың араласуына жол берілмейді және мемлекеттік органдардың діни ұйымдардың ісіне араласуына жол берілмейді.
2.3 Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесі

Президент – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді.

Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін орнықтырды. ҚР-ның Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек парламент заң шығару өкілеттігін берген жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай алады. Сот билігін жүргізуге Президенттің құқығы жоқ. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Одан әрі, ҚР-сы Конституциясында көзделген тежеушілік және тепе-теңдік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан жоғары тұруына мүмкіндік бермейді. Президентке Парламенттің және сот билігінің қызметін бақылау құқығы берілмеген. Президентті жабық дауыс беру жолымен жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Және сайлау баламалы сипатта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі мерзімнен артық сайлануына жол бермейді. Президент өзінің норма шығармашылық өкілеттігін шеңберінен артық пайдаланған жағдайда Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін заңсыз деп тани алады.

ҚР-сы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс.

ҚР-сы Президентінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізімі Конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «ҚР-ның Президенті туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіліктер берілген:

1) Мемлекеттік билік органдарының құру жұмыстарына байланысты Президент өкілеттіктерге ие;

2) Атқарушы билік тармағы саласында Президентке өте көп өкілеттіліктер берілген. Президент үкімет жиналыстарында Төрағалық ете алады, атқарушы биліктің Актілерін тоқтата алады;

3) Мемлекет басшысы ретінде Президент сыртқы саясат және әскери салада да өкілеттіктерге ие. Ол елдің негізгі сыртқы саясат бағытын нақтылайды, келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды. Президент сонымен бірге ҚР-ның әскери доктринасын бекітеді;

4) Президенттің өкілеттілігіне азаматтық мәселесі, саяси баспана беру, ҚР-сы мемлекеттік наградаларымен марапаттау, жоғары әскери және арнаулы шен, дәреже беру, кешірім жасау сияқты өкілеттіктер кіреді.

ҚР-сы Парламенті Республикасының заң шығарушылық қызметін атқаратын, өкілетті органы болып табылады. Міне осылайша Конституция бойынша Парламент өкілеттілікке халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілігі шеңберінде халық атынан сөйлей алады (ҚР-сы конституциясы, 3 бабы). Парламентке заң шығарушылық қызметінің берілуі – бұл оған заң шығарушылық қызметі билігінің берілуін білдіреді.

Ел конституцияның 53-ші және 61-ші баптарында көрсетілген жағдайларға сәйкес, Ел Президентінен басқа бірден-бір мемлекеттік органның заң қабылдау құқығы жоқ. Демек заң шығару тек Парламентке ғана беріледі. Заң шығарушы орган бола отырып, Республика Парламенті атқарушы билікке қатысты бірқатар бақылаушылық қызметін де жүргізе алады.

Бақылаудың бұл түрін біз негізінен республика бюджетін бекітуінен және оның орындалуын қадағалаудан және Үкіметке сенімсіздік білдіруден терең көрінеді. Аталған бақылау қызметтері Еліміздің Конституциясында бекітілген.

ҚР-сы Конституциясының 50-ші бабына сәйкес, Еліміздің Парламентін тұрақты түрде жұмыс істейтін Сенат және Мәжіліс отырысында сайланатын, әр облыстан 2-деутат, республикалық дәрежедегі қалалар, ҚР астанасынан сайланатын депутаттар құрайды. Әр бір үш жыл сайын Сенат депутаттарының жартысы қайта сайланады. Парламенттің өкілеттік мерзіміне орай ҚР Президенті тарапынан 7 депутат тағайындалады. 30 жасқа толған, ҚР азаматтығын алғанына 5 жыл толған, жоғарғы білімді, еңбек стажы 5 жылдан кем емес, ҚР аумағында 5 жыл тұрақты тұрған азамат ҚР Сенат депутаты болып сайлана алады.

Мәжіліс депутатының саны 77. Олар жалпыға бірдей, тей және тілекей сайлау құқықтары негізінде, жасырын дауыс беру арқылы бір мандатты, территориялық сайлау округтерінен сайланады. Жасы 25 толған, ҚР азаматы Мәжіліс Депутаты бола алады. Қазақстан халқына ант береді.

Депутат Парламент сессияларында және ол оның құрамына кіретін органдарының отырысында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Депутат Парлламенттің және оның Палаталарының үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға құқылы; сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге, Парламент сессиясында Палаталарға есеп беретін лауазымды адамдардың сауал салуға, Парламент қабылдайтын заңдар, қаулылар, басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге, азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен депутаттарды таныстыруға, басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқылы.

ҚР-сы Үкіметі – атқарушы биліктің жоғарғы органы.Ол сонымен бірге еліміздегі атқарушылық қызметті іске асыратын, бақылайтын, жалпы құзыреттерге ие коллегиалды орган болып есептеледі.

Үкімет мүшелері болып, ҚР-сы Президенті, Премьер-Министр, Министрлер, ҚР-ның Мемлекеттік комитеттерінің төрағалары есептеледі. Үкімет құрылымы және құрамы туралы Президентке Премьер-Министр ұсыныс жасайды. Үкімет мүшелері Қазақстан Халқына және Президентіне ант береді. ҚР-сы Үкіметі жаңа сайланған Президент өз қызметіне кіріскен кезде және Президент ҚР-сы Үкіметінің отставкаға кетуін жариялаған кезде өз өкілеттілігін тоқтатады. ҚР-сы Конституциясының 44 бабына сәйкес, Республика Президенті Парламенттің келісімімен ел Премьер-Министрін тағайындайды. Республика Президенті Премьер-Министрді Тағайындау мәселесінде Парламент екі ретте бас тартатын болса, ол Парламентті таратуға құқылы. Өз қызметіне тағайындалғаннан кейінгі бір ай мерзім ішінде Премьер-Министр Парламентке Үкімет бағдарламасы Туралы және бұрынғы үкімет бағдарламасы негізінде жұмыс істейтіндігі туралы өз жұмыс жоспарын ұсынады.

ҚР-сы Үкіметінің отставкаға кетуі дегеніміз – бұл оның мынадай себептерге байланысты өз өкілеттілігін тоқтатуын білдіреді: Үкіметтің өз бастамасы бойынша, Президенттің бастамасы бойынша, бұл негізінен сенімсіздік вотумы жарияланып, Парламентпен келіспеушілікке алып келетін саяси дағдарыс ахуалы қалыптасқан жағдайда. ҚР-сы Конституциясында Үкіметтің мына негізгі өкілеттіктері аталады: Елдің бюджетін қалыптастыру және ол депутаттар қабылдағаннан кейінгі оның іске асырылуын қамтамасыз ету істері және Парламентке бюджеттің орындалуы туралы нақты есеп беруі.

ҚР-да біртұтас қаржы, несие және ақша саясатын жүргізу. Мемлекет меншігін басқаруды іске асыру. Мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын іске асыру. Мәдениет, ғылым, денсаулық сақтау, экология, әлеуметтік-салаларда біртұтас мемлекеттік саясаттың болуын және іске асуын қамтамасыз ету. Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуының қамтамасыз етілуін іске асыру шаралары. Қоғамдық тәртіпті сақтау, меншікті қорғау және қылмысқа қарсы күресу. Үкіметтің аталмыш өкілеттіліктері Ел конституциясының 66 бабында толық әрі нақты көрсетілген. Сонымен бірге Үкімет құқықтық заңшығарушылық бастамаға иежәне ол Мәжіліске заңдар жобасын ұсына алады әрі заңдардың орындалуын іске асыра алады.

Өз өкілеттілігі шегінде Үкімет кадрлар мәселесін және лауазымды тұлғаларды тағайындау мәселелерін шеше алады. Өз өкілеттілігі деңгейіне орай Үкімет сондай-ақ, нормативтік актілер шығара алады. Ал Премьер-Министр өз кезегінде өкім шығара алады. Үкіметтің коллегиялық жұмыс түрі ретінде айына бір реттен өткізіліп отыратын отырысын айтамыз.

ҚР-ның Конституциялық Кеңесі – конституцияның аса жоғарғы заңдық және тікелей орындалуына ықпал жасайтын орган болып табылады. Онда заматтардың еркіндігі мен бостандығы, мемлекеттік механизмнің дұрыс жұмыс атқаруы мен биліктің бөлінуіне қағидаларына негізделген принциптердің жоғарғы дәрежеде қорғалуына және орындалуына ықпал етеді.

Конституциялық қадағалауды жүзеге асыратын органның құқықтық мәртебесі, құрылуы және қызмет атқару құзыреттері, шешім қабылдауы конституцияда бекітіліп әр елдің ішкі заңымен көрсетілген.

Алғаш рет Қазақстанда Конституциялық қадағалау институты арнайы орган түрінде 1989 жылы – Конституциялық қадағалау Комитеті түрінде құрылған болатын. 1991 жылдың 16 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар «ҚР-ның тәуелсіздігі туралы» заңында Конституцияны соттық қорғаудың ең жоғарғы органы болып, Конституциялық сот болып табылады деп атап көрсетілген. Осы нормаға сәйкес 1992 жылдың 2 шілдесінде Жоғарғы Кеңеспен Конституциялық сот құрылып, оның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және тоғыз мүшесі 1995 жылға дейін қызмет атқарды.

1995 жылы жаңа конституция қабылданып – ҚР-сын Конституциялық Кеңестің негізгі ережелері мен құқықтық статусы анықталып – бұл орган ендігі жерде ҚР-ның барлық жерінде Конституциялық жоғарғы заңдық күші бар екенін және оның орындалуына қызмет атқарады.

Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызмет атқаруы ҚР-ның Президентінің Жарлығына, Констьитуциялық заң күші бар «ҚР-ның Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы заңымен реттеледі.

Конституциялық Кеңес өз қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан тәуелсіз ешқандай саяси және басқа себептер көзделмей, тек қана ҚР-ның Конституциясына ғана бағынады. Конституциялық Кеңес 7 мүшеден тұрады, оның ішінде төраға және де ҚР-ның экс-Президенттері өмір-бойы Конституциялық Кеңестің мүшесі болады. Кеңестің төрағасы мен екі мүшесін Президент тағайындайды, ал екі мүшесін Мәжіліс пен Сенат төрағалары 6 жыл мерзімге тағайындайды. Кеңес мүшелерінің жартысы 3 жыл сайын қайта сайланып отырады.

Жоғарыда көрсетілген тұлғалардың өтінішіне орай Конституциялық Кеңес шешім шығарады.



Сот билігі – бұл сот әділдігін жүзеге асыратын құзыретті орган болып табылады. Мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылатын сот жүйесі бұл – азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарап, шешуге құзыретті орган болып табылады.

Сот жүйесі өзіне тән арнайы белгілері болып азаматтық, қылмыстық және тағы басқа да істерді шешуге процессуалдық заңдарға сүйене отырып, мемлекет атынан шешім шығарады.

ҚР-да биліктің бір тармағы ретінде сот әділдігін жүзеге асыратын – сот билігі органы болып табылады.

ҚР-ның Сот жүйесі, ҚР-ның Конституциясына, ҚР-ның Президентінің “Сот және судьялардың мәртебесі туралы” 1995 жылғы 20-желтоқсанындағы Жарлығына негізделген.

ҚР-ның Соты болып: ҚР-ның Жоғарғы соты және жергілікті соттары табылады. Жергілікті соттарға облыстық және оларға теңестірілген соттар (Алматы қалалық соты, ҚР-ның әскери соты) аудандық, қалалық соттар жатады. Ешқандай да лауазымды тұлға, орган сот қызметін, функциясын жүзеге асыра алмайды, оны тек қана сот жүзеге асырады.

ҚР-да соттардың қызметі келесі негізгі қағидаларға сүйене отырып құрылған: заңдылық, судьялардың тәуелсіздігі, барлық адам заң мен сот алдында теңдігі, тараптардың сот процессінде теңдігі, істерді жария түрде қарау:

1) Аудандық (қалалық) Соттың судьясы болып, ҚР-ның азаматы, мінсіз бедел, әғ жасқа толған, жоғарғы заң білімі бар, заң саласында 2 жыл жұмыс стажы бар, біліктілік емтиханын тапсырып, әділет Министрлігінен рұқсат алған адам бола алады;

2) Жоғарғы тұрған сотқа судья болу үшін ҚР-ның азаматы, мінсіз бедел, әғ жасқа толған, жоғарғы заң білімі бар, заң саласында 5 жылдан кем емес, сот органында 2 жыл және әділет басқармасында, прокуратурада, тергеу және анықтау бөлімінде, біліктілік емтиханын тапсырған Жоғарғы Сот Кеңесінің рұқсатын алған адам бола алады;

3) Әскери соттың судьясы болу үшін заңгер болумен қатар әскери қызметкер болуы керек.

Соттар тұрақты судьялардан, парламент Сенатымен тағайындалған (жоғарғы Соттың судьялары) және ҚР-ның Президентімен тағайындалатын (жергілікті сотттың судьяларын) олардың қызмет атқару мерзімі кей жағдайларда заңмен ғана тоқтатылады. “ҚР-ның Соттар және судьялардың мәртебесі туралы” жарлық 46,47 баптар.

Судьялардың құқықтық жағдайы:

ҚР-да Сот билігін жүзеге асыратын судьялар болып табылады. Барлық судьялардың құқықтық статусы тең болады, олар тек қана қызметіне байланысты ажыратылады.Сот әділдігін жүзеге асыру барысында соттар тек қана ҚР-ның Конституциясына бағынып тәуелсіз болады.

Судьялардың тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі:

1) сот әділдігін жүзеге асыру процедурасында;

2) сотты сыйламау жауапкершілікке әкеп соғады;

3) көрсетілген тәртіпте ғана олардың қызметін шектеуге, тоқтатуға болады;

Судьялар мемлекет тарапынан, статусына байланысты әлеуметтік және материалдық жағынан қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік басқару шаралары жергілікті өкілетті органдар – маслихаттар және атқарушы органдар тарапынан іске асырылады. Аталған органдар өздеріне бекітілген территориядағы барлық істерге жауапкершілікті.

Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың құқықтық мәртебелері, құзыреттері, қызметтерін жүргізу тәртіптері ҚР-ның Констиуциясының 86,87,88-ші баптарында нақты көрсетілген. Аталған баптарға сәйкес облыс, аудан, қала (қала ішіндегі аудандар және аудандық маңыздағы қалалардан басқасы). Мәслихат депутаттары тұрғындар тарапынан жалпыға бірдей, тең әрі тікелей сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы 4-жыл мерзімге сайланады.

Мәслихат депутаты болып, 20 жасқа толған, ҚР-ның азаматы сайлана алады. Ол тек бір ғана Мәслихатқа депутат бола алады.

Мәслихаттың негізгі өкілеттіліктеріне:

1) Мәслихат жұмысшы орындарын құру, мәслихат қызметін қамтамасыз ету, депутаттар қызметтерін қамтамасыз ету;

2) Жергілікті бюджет, территорияның экономикалық және әлеуметтік дамуы бағдарламасын бекіту және осылардың орындалуы туралы есептер тыңдау;

3) Олардың құзыретіне жататын жергілікті әкімшілік-территориялық құрылымдардың мәселесін шешу;

4) Заң бойынша Мәслихат құзыретіне жатқызылған немесе атқарушы билікке жатқызылған мәселелердің орындалуы туралы жергілікті атқарушы органдардың басшыларының есебінен тыңдау кіреді.

Заң бойынша жергілікті атқарушы органдар ҚР-ның біртұтас атқарушы органдары жүйесіне кіреді. Ол өз территориясында мемлекет мүддесін қорғай отырып, жалпы мемлекеттік саясатты іске асырады. Жергілікті атқарушы органды әкім басқарады. Ол әкімшілік-территориялық бірлікті басқара отырып, жергілікті жердегі Президент пен ҚР Үкіметінің өкілі болып табылады. Облыс әкімдері және республикалық дәрежедегі қалалар әкімдері Президент тарапынан тағайындалады. Президент өз кезінде оларды тағайындайды және қызметінен босата алады.

Мәслихат депутаттары үштен екі бөлігі әкімге сенімсіздік көрсетіп дауыс берсе, Мәслихат Президент алдына әкімді қызметінен босату туралы мәселе қоя алады.

Облыс және республикалық дәрежедегі қалалардың әкімдері, республиканың жаңа сайланған Президенті қызметіне кіріскен кезде, әкімдер заң жүзінде өз қызметтері мен өкілеттіктерін тоқтатады.

Жергілікті өкілетті органдар өкілеттіктеріне мыналар жатады:

1) Жергілікті әкімшілік-территориялық бірліктің әлеуметтік экономикалық дамуы жоспарын және бюджетті жасау және оны іске асыру;

2) Коммуналдық меншікті басқару;

3) Жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын ұйымдастыру, және жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау немесе босату;

4) Республика Заңдары негізінде жергілікті деңгейде мемлекеттік мүдделерді көздей отырып өкілеттіліктер жүргізу.

ҚР-ның Конституциясының 89-бабына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, тұрғындар тарапынан сайланады және олар тұратын территориядағы барлық мәселелерді шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметтері мен құрылымдары тұрғындар тарапынан белгіленеді және ережеде көрсетіліп тиісті заңда бекітіледі. Конституция жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өз беттерінше жұмыс істеуіне кепілдік береді. Өз кезегінде жергілікті мемлекеттік басқару органдары, өзін-өзі басқару органдарына қызметтері бойынша және қаржылай көмек көрсете алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет