Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау


-сабақ. 1000 көлемінде көбейту және бөлу



бет88/98
Дата07.02.2022
өлшемі1,42 Mb.
#94821
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   98
Байланысты:
матем ҚМЖ1 бөлім

68-сабақ. 1000 көлемінде көбейту және бөлу


Тема: Ландшафты құрылыс

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.9 100 бен 1000 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану
3.1.2.12 нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдану
3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау
3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар үшін:

Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту мен бөлу амалдарын орындау

Бірқатар оқушылар үшін:

Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту мен бөлу тәсілдерін түсіндіру

Кейбір оқушылар үшін:
100 бен 1000 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдануды түсіндіру

Тілдік мақсаттар



Оқушылар:
Көбейту мен бөлудің тәсілдерін түсіндіре алады
Пәндік лексика және терминология:
Көбейту мен бөлу тәсілдері.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:

Санды толық ондықтар мен жүздіктерге қалай көбейтуге (бөлуге) болады?

Жазу:

Өрнектер

Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту мен бөлу кестелері. 10 мен 100-ге көбейту және бөлу

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3


Ынталандыру.
Мұғалім өз қалауы бойынша ұйымдастырады.




4–6




Өзектендіру.
4 ондықтан
2 ондықтан және бірден
6 бірліктен
2 жүздіктен 4 ондықтан 3 бірліктен тұратын сандарды жаз
– Бұл сандарды өсу, кему тәртібі бойынша оқыңдар.
– Ең кіші санды табыңыз? Оның қанша бірлігі бар? Ол тағы қандай сан? Неге?
– Ең үлкен санды табыңыз? Онда қанша бірлік бар? Барлығы қанша ондық, қанша жүздік бар? Разрядты қосылғыштардың қосындысы түріндегі ең үлкен санды көрсетіңіз.
– Разряд арқылы өтпей-ақ 2-ге көбейте алатын, толық екі таңбалы санды табыңыз? Қалай көбейтетініңізді түсіндіріңіз?
– Тағы қандай санды біртаңбалы санға көбейте аласыз? Қалай көбейтесіз, түсіндіріңіз? Қандай сан шықты? (Балалардың жауабы: 40 ∙2 = 80)




7–11




Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Бұл тапсырманы сынап көру үшін алуға болады.
80 · 9 =
9 · 80 =
720 : 9 =
720 : 80 =
6 · 70 =
70 · □ =
□ : 6 =
□ : 70 =
Қиындықтың орны мен себебін көрсету.
Балалар мұндай жағдаймен бұрын-соңды кездеспегенін, мұндай мысалдарды орындау ережелерін білмейтінін анықтайды.




12–29




Жаңаны ашу.
Мұғалім топтар бойынша қағаз бетінде тәсілді қалай орындау керектігін әр түсті маркерді қолданып көрсетуін сұрайды.
4 · 7 = 28
7 · 4 = 28
28 : 7 = 4
28 : 4 = 7
40 · 7 = 4 онд. · 7 = 28 онд. = 280
7 · 40 = 280
280 : 7 = 40
280 : 40 = 7
Орындау қадамдарын түсіндіру.
Көбейту кестесін қолданып, біртаңбалы санға көбейту және бөлуді орындау. Жауапты жазу.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Осы тәсілге ұқсас тәсілдер түсініктемесі берілген демонстрациялық материал сабақты түсіндіруге көмектеседі. №2 тапсырманы орындау ұсынылады.
Өзіндік жұмыс.
№3 тапсырманы өз беттерінше орындайды.




30–40




Жаңаны қолдану.
Дәптерден немесе кітаптан тапсырмаларды орындауды ұсынады – осы тақырыпқа сәйкес есептер құру және шығару.
Бағалау критерийлері бар дәптерден өзін-өзі тексеруді жүргізуді ұсынады.
Мен:
Толық сандарды ауызша көбейту алгоритмін қолданамын;

Оқулық

41–45



Рефлексия.
Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …;
«Мен … өзімді мақтан етемін»;
«Әсіресе маған ұнағаны …»;
«Бүгін … менің қолымнан келді»

Жетістік сызғышы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет