Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова сауат ашу әдістемесі 1-бөлiм



бет17/20
Дата22.08.2017
өлшемі4,48 Mb.
#24192
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

https://www.youtube.com

Қыс қызығы – сырғанақ


Видео

3.10 Грамматикалық норма-ларды сақтау.

Ж10.1

Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу.





(МК; Ж; Қ) Сұхбаттасу кезінде сұрақтарға нақты жауап беру білігін бағалау.


3. Сұхбаттасу кезінде тақырыптан ауытқымауын ұйымдастырыңыз. Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыртыңыз. Ол үшін берілген сұрақтардың жауаптарын болжатыңыз. Сонан соң диалогті сыныптастарымен рөлге бөліп оқытыңыз.


Оқулық

https://www. Google.kz

детские сюжетные картинки




1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(Ө; Қ)

Ой ұшқырлығын, иллюстрация бойынша болжай алу білігін бағалау.




1. Сөзжұмбақты шешудің жолын түсіндіріңіз. «Ойлан, тап» ойынын ойнатыңыз. Текшедегі жасырынған сөзді іздеу жұмысын ұйымдастырыңыз.


Оқулық

3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

(МК; Ө; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.



Оқушылардың әріптер мен олар кездесетін сөздерді қатесіз әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

Қалауыңыз бойынша дәпермен жұмыс жүргізіңіз. Өтілген әріптерді жазғызыңыз. Буындық, сөздік диктант алыңыз.




Дәптермен жұмыс

Тақтамен жұмыс






«Сауат ашу» пәні. 1-сынып

6-бөлім. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Осыған дейін меңгерілген білім

6-бөлім алдыңғы бөлімдер бойынша алынған білім мен дағдыларға негізделеді. Оқушылардың дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктері бар; сызба-үлгілерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасай алады; дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алады; сөздерді буынға бөлу дағдылары қалыптасқан; өтілген дыбыстар мен әріптерді оқу және жазу машықтары бар.

Контекст (мәнмәтiн)

Алтыншы бөлім оқушының салт-дәстүр және ауыз әдебиеті туралы әңгімелеуіне мүмкіндік береді. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті шығармалармен танысу арқылы әр түрлі тақырыптардағы әңгімені жоспарлайды және жазады. Мұғалім белсенді тілдік ортаның құрылуын мүмкін ететін тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым тапсырма үлгілерін қолдана алады.

Қысқаша шолу

Бұл бөлімде оқушылардың оқу әрекетіне деген қызығушылығын дамыту; фонематикалық есту-тыңдауын дамыту; тіл бірліктері (дыбыс, буын, сөз, сөйлем) туралы ұғымдары мен түсініктерін кеңейту; дыбыстық талдау-жинақтау дағдыларын жетілдіру; я, ф, ю,ё, в, э, ц, щ, ч, ь, ъ әріптері мен таңбаларын меңгерту, әріптердің баспа және жазба түрлерін, бас әріп пен кіші әріпті ажыратуға үйрету; әріптерді, буындарды, сөздерді, сөйлемдерді жазуда каллиграфиялық дағдыларын қалыптастыру; ауызша және жазбаша тілін дамыту арқылы сөйлеу әрекеттерін жетілдіру қарастырылады. Оқушылар ұжымда, топта, жұппен жаңа сабаққа қатысты қойылған проблемалық сұрақтарға жауап іздейді, өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасауды үйренеді. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті туралы әңгімелердің мазмұнын айтады, жоспарлайды және олар туралы әңгіме жазады.



Оқу бағдарлама-сына сілтеме

Оқу мақсат-тары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

(оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

2.9

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.




1.2.9.2 Дыбыстар-дың сөздегі қызметін түсіну

(ь, ъ таңба-лары мен



ф, в, ц, ч дыбыстары,

ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу.


(МК; Ө; Ұ; Қ) Дыбыстардың сөздегі қызметін түсініп, қосарлы дыбыстарды дұрыс оқып, жазу білігін бағалау.

124–125-сабақтар. Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Яя әрпі

«Я» әрпімен таныстырыңыз. «Я» қосарлы дыбыс екенін байқатыңыз. Оның сөз ортасында, аяғында келу үлгілерін көрсетіп, таңбасын үйретіңіз.

Оқулықтағы сюжетті суретпен жұмыс жасап, оқушыларға ауа райы туралы мәліметтер бере отырып, оқылатын жаңа әріпке («Я әрпі») қатысты тапсырмалар беріңіз.

Оқушылар өз ойын айтатындай етіп сұрақтар қойып, бірге талқылауды ұйымдастырыңыз.



Шаян сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.

Мұғалімнің сыйы ретінде тақырып мазмұнын ашатын жұмбақтар жасырып, өлеңдер оқып беруге болады.




Оқулық

http://www. Balalaralemi.kz

https://www. Google.kz

картинки http://www. Balalaralemi.kz

Жұмбақтар

Өлеңдер


2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

(МК; Ж; Қ)

Оқу түрлерін қолдана алу білігін бағалау.





1. Оқулықта берілген сөздерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Кестедегі сөздерді оқытуды жүзеге асырыңыз. Жаңа сөздердің ішінен өтілетін дыбыс/әріпті таптыру іс-әрекетін ұйымдастырыңыз. «Я»-ны айтқанда қандай дыбыстар естисің? «Қоян» сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар? деген сұрақтар қойып, сөз сызбасын салған кезде қосарлы я әрпін жазуда орфографиялық нормаларды сақтауды үйретіңіз. Мысалы,

я әрпі й+а дыбыстарының қосындысынан тұратындығы, ол екі дыбыстың қосарлана айтылуынан жасалғанымен, бір әріппен ғана таңбаланатынын дұрыс ұғындыру қажет. Сөздерді хормен, тізбектей, жеке оқытып, сөздік, буындық-дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізіңіз.


Оқулық

2.5

Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу.




1.2.5.1 Мәтін иллюстра-циясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).


(МК; Ұ; Т; Қ) Мәтін мазмұны бойынша өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасай алу білігін бағалау.

Оқулықта берілген мәтінді оқытыңыз. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша оқушының пікірін айтуға мүмкіндік жасаңыз. Оқушылар пікірін айтып үйрену үшін мәтінді тыңдап немесе оқып болғаннан кейін «Саған мәтін ұнады ма? Неліктен? Әсіресе саған не ұнады немесе ұнамады?» деген сұрақтар қойылу қажет.

Алдаркөсе жайында білетінін айтқызыңыз.

Оқушылардың өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасауын ұйымдастырыңыз.


Оқулық

1.9

Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.



1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.


(МК; Ж; Қ) Іздену жұмысын ұйымдастыра алу білігі бағаланады.

Мәтіннен «я» әрпі кездесетін сөздерді тапқызыңыз. Сөздерді тақтаға жазып, дыбыстық-буындық талдаулар жасатып, қатені табу және түзету жұмыстарын ұйымдастырыңыз.

Сөздерді қатыстырып сөйлем құратуға болады.




Оқулық

Тақтамен жұмыс




2.4

Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну.




1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағынала-рын ажырату.


(МК; Ө; Т; Қ) Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып, ажырату, қолдану білігін бағалау.


2. Әр суретке назар аудартылып, оның не екені таптырылады (тасбақа, қоян). Суреттің астында жазылған сөз оқытылады. Ол сөзге мағынасы қарама-қарсы сөз тауып, дыбыстық талдау-жинақтау жасатыңыз. Мысалы, баяу – тез.

Оқушыларға сөйлем құратыңыз. Сөйлем ішінен мағынасы қарама-қарсы сөздерді табу арқылы оқушылар сөздердің мағынасын ажыратуды үйренеді.





Оқулық

https://www. google.kz

детские сюжетные картинки



1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(МК; Т; Қ) Иллюстрациясы бойынша болжау білігін бағалау.


3. Оқушылардың назарын сюжетті суретке аударыңыз. Мысық неге мияулады? сұрағының жауабын топта талқылап, болжау жасап, дәлелдеулер жасай алуларына бағыт беріңіз.


Оқулық

3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

(МК; Ө; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.




Оқушылардың Яя әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз.

Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.



Дәптермен жұмыс

Тақтамен жұмыс



2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.


1.2.9.2 Дыбыстар-дың сөздегі қызметін түсіну

(ь, ъ таңба-лары мен



ф, в, ц, ч дыбыстары,

ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу.


(МК; Ж; Ө; Қ) Дыбыстарды ажырату, сөздерді буындап, дыбыстық талдау жасап, сюжетті сурет бойынша сөйлем құрау білігін бағалау.


126–127-сабақтар. Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін?

Фф дыбысы мен әрпі

«Ф» дыбысы және әрпімен таныстырыңыз. «Ф» дауыссыз екені, оның сөз ортасында келу үлгілерін көрсетіп, таңбасын үйретіңіз.

Оқулықтағы сюжетті суретпен жұмыс жасап, жаңа сөздермен таныстырыңыз.

Телефон сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.


Оқулық

http://www. Balalaralemi.kz

https://www. Google.kz

картинки



2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

(МК; Ө; Қ) Оқулықта берілген сөздер мен өлеңді буындап, тұтастай оқу білігін бағалау.



1. Оқулықта берілген сөздерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Кестедегі сөздерді оқытуды жүзеге асырыңыз. Сөздерді хормен, тізбектей, жеке оқытып, сөздік, буындық-дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізіңіз.

Оқулықтағы өлеңді мәнерлеп оқытып, мазмұнына талдау жасатыңыз. Оқулықтағы «Қуаттың қылығы дұрыс па?» сұрағына жауап алыңыз. Оқушылардың өз ойын көркем-сөз тіркестерін қолданып жеткізулеріне ықпал етіңіз.




Оқулық

1.2

Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.





1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау.

(М;Т; Қ) Мәтіндегі негізгі ойды анықтай алу білігін бағалау.

2. Оқушылардың мәтіндегі негізгі ойды анықтап, өз ойын толық жеткізе алу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Мәтінді оқушыларға оқып беріп, әрі қарай оқушыларға жалғастыртыңыз. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша топта талқылау жұмыстарын жүргізуіне ықпал етіңіз.

Жұмыстарын топта жариялатыңыз.

Жаңа ақпаратты нақышына келтіріп мәнерлеп оқып беріңіз.

Талдау жұмыстарын жүргізіңіз.

Қосымша ақпарат.

Мұғалімнің сыйы ретінде оқушыларға YouTube (https://www.youtube.com


Алдаркөсе, Қожанасыр Видео) сайтынан Алдаркөсе, Қожанасыр туралы видео көрсетіңіз. Видеоны қалауыңыз бойынша таңдап алыңыз.


Оқулық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет